Сахнаға делегаттар жинала бастады
Мұхамеджан Тынышбаев: Құрметті делегаттар! Съезд делегаттары толық жиналғанша Мірағадан (Міржақып) «Оян қазақ» өлеңін өз аузынан айтып берсе екен деп сұраймын. Қалай қарайсыздар?
Дауыстар: Айтсын, айтсын, рухымыз көтерілсін.
Міржақып Дулатов: Осындай қуанышты күндері неге айтпасқа, Мұхамеджан қарағым айтайын (өлең көтеріңкі күймен оқылады)
Дауыстар: Жарайсын, бәрекелді
Залға 3-4 делегаттармен Әлихан кіріп келеді.
Дауыстар: Әлекең келеді. Көш бастар арысым осы
Сұлтанмахмұт ортаға шығып:
Көш бастаған еріміз!
Қуанышты еліңіз
Төбеміз көкке жеткендей
Көкіректен бүгін кеткендей
Сізді көріп шеріміз
Еліңіздің бұл шағын
Алаш туы һәм бағын,
Көзбен көріп төленді
Көптен бергі теріңіз
Алаш туын қолға алған
Қараңғыда жол салған
Арыстаным келіңіз!
Дауыстар: Оу мынау «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам!» - дейтін алмас ақын Сұлтанмахмұт қой. Жаса, ақыным.
Әлихан: Рахмет, Мақмұт інім, шығар биігің көп болсын. Ал, құрметті делегаттар, съезд жұмысын бастайық. Съездің күн тәртібінде «Алаш» партиясы мынандай мәселелерді қарауды ұсынады. Алаш партиясы атынан Мұстафа Шоқайға сөз
беріледі.
Мұстафа Шоқай: Құрметті делегаттар! Мына мәселелерді ұсынамын:
1. Қазақ елінің аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру туралы
2. Республикаға басшылық жасайтын үкімет-Ұлттық Кеңес құру туралы
3. Үкімет төрағасын сайлау және көптеген маңызды мәселелер қаралады.
Ағайындар, алдымызда соқпағы мен бұралаң жолы көп тарихи кезеңдер келе жатыр. Ішкі Ресейде Петроградта, Мәскеуде Уақытша үкімет пен большевиктер Кеңестері билікке таласуда, Ресей халқы екіге жарылып, ақ гвардияшы-қызыл гвардияшы болып, бірін-бірі жұлып жеуге дайын тұр. Ал біз ат төбеліндей қазағымызды осындай қанды тартыстардан алып қалуға міндеттіміз. Қазірдің өзінде ортамыздағы Алашқа белгілі азаматтар Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов, Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұловтар большевиктер Кеңесіне бет бұруда. Халқымыз айтқан «Бөлінгенді бөрі жейді» деген, азамат соғысын Ресейдің ішкі ісі деп қарау керек. Біз өз елімізді, өз Алашымызды тарихтың тезіне салмай, өз тағдырымызды өзіміз шешетін үкімет құруды ұсынамын.
Мұңды мелодия ойналып, сахна жабылып, 1920-37 жылдар арасындағы Қазақстандағы түрлі зұлмат, қуғын сүргіндер туралы кинокадрлар көрсетіліп, автордың сөзі оқылып тұрады.
Автор: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанындағы өткен 2-жалпықазақ съезі көптеген тарихи шешімдер қабылдады. Ең маңыздысы Қазақстан аумағында Алашорда автономиясы құрылды. Құрамында 15 делегаттан сайланған Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан
Бөкейханов сайланды. Алашорда автономиясының орталығы болып Орынбор қаласы
жарияланды. Жалпы Алашорда құрамына сайланғандар қазақтың сол уақыттағы жоғары
білімді, көзі ашық, төрткүл әлемде болып жатқан өзгерістерден хабары бар зиялы
қауым өкілдері болатын. Олардың арасында заңгер де, экономист те, инженер де,
дәрігер де, педагог та болды. Өкінішке орай, Кеңес өкіметі күш алып, барлық елді
мекендерде өз биліктерін орната бастады. Болшевиктік көсемдер Алащорда
үкіметінің бағытын өздерінің әміршілдік-әкімшілдік билік жүйесіне қауіпті деп
санап, оларды қудалай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |