«Тарихи шындықтың әсерінен тұлғаны өзгерту процесі» Орындаған Шора Х. Н. Тексерген Биманова З. Ш



Дата08.05.2023
өлшемі321,81 Kb.
#91020
Байланысты:
презентация

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және Әдебиет институты Герман роман филология кафедрасы

«Тарихи шындықтың әсерінен тұлғаны өзгерту процесі»

Орындаған Шора Х.Н.

Тексерген Биманова З.Ш.

Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккеніне, міне, биыл 558 жыл толып отыр.

  • ХV ғасырдың ортасы Моғолстан, Әбілқайыр хандығы т.б. мемлекеттердің дипломотиялық байланысы шиеленісіп тұрған қиын кезең болатын. Дәл осы уақытта Әбілқайыр хандығына сыйыса алмаған Керей мен Жәнібек қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып шығып, Шудың бойына Қазақ деген хандықтың туын тігеді. Алғашында халқының саны әрең жететін хандыққа сырттан төнетін қауіптер шаш етектен болған. Бір адам бір елді құтқара алады, дәл сол уақытта да Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын түрлі қауіптерден қорғап, болашаққа қарай жылжуына, дамуына жағдай жасады. Қазақ хандығының құрылуы бір оқиғамен және бір мезетте жүзеге асқан саяси үрдіс емес, керісінше, 10 жылдан астам уақытқа созылып, өз ішінде оқиғалардың дамуына қарай бірнеше сатыға бөлінген. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы — хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді. Қазақ хандығының жері бірнеше есе ұлғайып, халқының саны миллионға жеткен тұс – Қасым ханның дәуірі. Жалпы, қазақ үшін ең маңызды кезеңдердің бірі дәл осы тұс. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерге сүйенсек, Қасым хан 15-ші ғасырдың 70–90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлері үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді.
  • Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректерде Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді.Қазақ тарихында Қасым ханнан кейін де көптеген мықты хандар хандыққа билік жүргізді. «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағымен белгілі Есім хан, 600 әскермен 50 000 жоңғарға тойтарыс берген Жәңгір хан, қой үстіне бозторғай жұмыртқылаған заманды орнатқан және «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарған Тәуке хан, дипломатияны шебер пайдалана білген Абылай хан, ең соңғысы орыс әскерлерін тентіреткен Кенесары хандардың есімі қазақ тарихында алтын әріптермен сақталды. Бұлар хандық үшін көп еңбек сіңіргендер. Кейіннен Кеңес үкіметі орнаған тұста алашордашылардың көсемі Әліхан Бөкейхановтың еңбегі ерекше.Қазақ КСР-ін 40 жыл басқарып, 40 қала тұрғызған Дінмұхамед Қонаевтың орасан еңбегі ерекше. Кеңес үкіметі құлап елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп қазақты қиын кезеңнен алып шыққан бүгінгі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені белгілі. Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында ішерге тамақ , киерге киім таппай қалған кезеңде жақсы көшбасшы болып сол жағдайдан халықты алып шықты.
  • Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өиір сүріп жатыр. 18 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. Сондықтан осы күнге шүкіршілік етуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет