Тарихи спектакльдер



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата07.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#19511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
А.Еркебай-Казіргі-қазақ-театры

ҚОРЫТЫНДЫ
Жетпіс  жыл  бойы  өткен  тарихымызды,  ұлтымыздың 
өткен  ғасырлардағы  өмір  ақиқатын  дұрыс  танып 
біле  алмадық.  Халқымыздың  қаһармандары  –  хандар 
мен  батырларды  теріс  қырынан  көрсетуге  тырысып, 
азаттық үшін болған ұлт-азаттық күрестерді феодалдық, 
ұлтшылдық  көтерілістер  деп  таныдық.  Ұлт  тарихына 
деген  кеңестік  саясат  көзқарасы  осындай  болды.  Ел 
тарихын,  ірі  тұлғаларымыздың  ерлігінің  мәнін  бүгінгі 
егемендігіміздің арқасында сезіне бастағандаймыз.
«Еліміздің  есігін  егемендік  еңсере  ашып  енгелі  бері 
театрларымыз  үшін  де  жаңа  мақсаттар  туындағаны 
баршаға  мәлім.  Үш  ғасырға  жуық  Империяның 
құрсауында  қалған  қазақ  тарихының  көмескі  беттері 
көркем  шығармаларға  тақырып  болып,  ұлтымыздың 
өткен өмірінен сыр шертетін дүниелердің сахнаға келуі, 
қазақ сахна өнерінің соңғы жылдардағы үлкен де көлемді 
істері. Бұл турасында әртүрлі пікірлерді қалыптастырған 
спектакльдердің табысы да, көмескісі де жеткілікті» [51, 
38  б.],  –  деп  театртанушы-ғалым  Е.Жуасбек  жазғандай 
ұлттық өнердің сара жолында жарыққа шыққан көркем 
шығармалардың  көбі  тарихи  тақырыпқа  негізделген. 
Өз  еліміздің  тарихын  баса  көрсететін  қазақ  театрының 
репертуарына тек көтеріліс, революциялық жылдар мен 
Ұлы  Отан  соғысы  кезеңдері  ғана  емес,  сонымен  бірге 
бүгінгі  күн  тақырыбы  (өйткені,  адамзат  көз  алдында 
өтіп жатқан тарихтың куәгері ғана емес, қатысушысы да, 
авторы  да)  мен  ұлттық  классикалық  туындылар  да  жат 
емес. Негізінен тарихи тақырыпқа көбіне нақты тарихи 
деректерге сүйенетін суретшілер барады. Өйткені әрбір 
дерек аясында адам тағдыры жатыр. 
Тарих бiзге аса бай мұра қалдырды. Қоғамның қазiргi 
дамуы  көне  тарихтың  беттерiн  қайта  бiр  парақтауды, 


200
халқымыздың өткен кезеңiн жаңа ой жүйесiнен өткiзудi 
талап етуде. Бұл ұлттық театр тенденциясының жаңа түр 
алып,  режиссер  трактовкасының  өзгеруіне  жол  беріп 
отыр.
Жүргізілген  зерттеу  нәтижесі  тәуелсіздік  алғаннан 
кейінгі  қазақ  театр  өнерінің  өткір  мәселелер  мен 
тенденцияларды  көтергенін  көрсетеді.  Олардың  көбі 
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-
идеологиялық даму ерекшеліктермен байланысты. Қазақ 
драматургиясы  мен  театрының  ұлттық  ерекшеліктеріне 
қоғамдық  дамудың  кейбір  шығындары  да  әсер  етті. 
Осы  зерттеліп  отырған  кезеңде  ұлттық  сана-сезімнің 
қалыптасуы  ұлттық  мінезге  қарағанда,  әкімшілдік-
регионалдық сипатқа ие болған. Мұның қазақ халқының 
рухани мәдениетінің толыққанды дамуына, соның ішінде 
театр өнеріне әсері мол.
Осыдан  шығатын  қазақ  театрларының  басты 
ерекшелігі – драматургия мен театрдың қоғамның рухани 
өрістеуі, оның гуманизациясы мен демократизациясына, 
халықтың  ұлттық  сана-сезімінің  оянуына  байланысты 
екенін  түсінуі.  Осы  жылдары  эстетикалық  тұрғыдан 
жаңарып, өзінің дамуында үлкен қадам жасаған тарихи 
драма  республиканың  көркем  мәдениетінде  өзіндік 
ерекшелікке ие болды.
Соңғы  жылдары  дүниеге  келген  қазақ  халқы 
тарихының театралды шежіресі, көрерменнің ең танымал 
тарихи  спектакльдерге  деген  көтеріңкі  назары  мен  кең 
масштабтағы қоғамдық резонанс халқымыздың тарихын, 
оның  бізге  беріп  отырған  сабақтарын  одан  әрі  игеру 
қажеттігін көрсетеді. Дегенмен отанымыздың қаһарманды-
трагедиялық тарихын суреттейтін шығармаларда автор-
режиссерлер тарихи шындықты бұрмалауға, көпғасырлар 
бойы адамзат күрескен еркіндік, бостандық, демократия 
идеалдарын  төмендетуге,  өнегелік  мұрадан  бас  тартуға 


201
болмайтынын естен шығармаулары тиіс. Бүгінде суретші 
алдында үлкен  міндеттер  мен жауапкершілік тұрғанын, 
оның  қоғамдық  санаға  тигізетін  әсерінің  масштабын 
ұмытпау  керек.  Тек  осындай  жағдайда  ғана  театрда 
көркемдік  жаңалықтар  ашылып,  сахналанған  пьесалар, 
тарихи  романдар  мен  повестер  тарихтың  музейлік-
этнографиялық реставрациясы ғана болып қоймай өзінің 
бүкіл  сезім,  бейне,  ой-жүйесімен  қазіргі  замандастың 
сеніміне ие болмақ. 
Қазақтың  айтулы  хандары  мен  хас  батырларының 
тұлғалық  сипатын  айқындаған  спектакльдер  бүгінгі 
күннің  саяси  оқиғаларымен  үндесуі  барысында  бүгінгі 
өзекті  мәселелерді  көтеріп,  осы  жылдардағы  тарихи 
концепцияларымен айтысқа түсті. 
Зерттеу  жұмысында  қазақ  драматургиясындағы 
тарихи трагедия дәстүрінің қалыптасу жолына тоқталып, 
тарихи жанрдағы шығармалардың негізгі қағидаларына 
назар  аударылды.  Осы  орайда  М.Әуезовтің  «Хан 
Кене»  трагедиясындағы  тарихи  шындық  пен  қатар 
Шахимарденнің  «Томирис»,  Ә.Кекілбаевтың  «Абылай 
хан»,  М.Байсеркеновтың  «Абылайханның  ақырғы 
күндері»  спектальдеріне  жан-жақты  талдау  жасап,  өз 
көзқарастарымызды ортаға салдық. Бұл шығармалардағы 
бас  кейіпкерлердің  барлығы  да  тарихта  болған, 
халқымыздың жүрегінен орын алған ұлт қаһармандары. 
Олардың көбінің аты дәл сол қалпында алынып, тарихи 
шындықтан өзгертілмей көрсетілген. 
Ұлт бостандығы, ел бірлігі, халқымыздың тәуелсіздігін 
алуға көмегін тигізген Абай, Исатай, Махамбет, бейнелері, 
өмір  құбылыстарының  кең  шеңбері,  кейіпкерлердің 
арманы  мен  мақсат  мүдделері  ұлы  ақындардың  өмірі 
мен  шығармашылығын  паш  ететін  спектакльдерде 
жан-жақты  ашылған.  Азаттық  үшін  алысқан  халық 
қаһармандарының  ғана  бейнесі  емес,  азап  шеккен,  оң 


202
жол  іздеген  үмітке  сенім  артқан  адамның  ірі  тұлғасы 
жасалған.
Тәуелсіздік  жылдары  қойылған  спектакльдерде 
кейіпкерлердің  рухани  өмірін  ашудағы  диапазонның 
кеңейгені  белгілі.  Драмалық  және  сахналық  талдауда 
тұлға мен оның ішкі өмірі, өзара тартыстары басым болды. 
Сонымен  қатар  осы  жылдары    тарихи  шығармалардың 
қатарына  ұлтымыз  бастан  кешкен  трагедиялық  кезеңді 
көрсететін спектакльдер де шыға бастады. Бұл сөзімізге 
Ә.Таразидің  «Індет»,  А.Тасымбековтың  «Кебенек  киген 
арулар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесалары 
дәлел.  Бұл  –  басты  кейіпкерлері  тарихта  болмаған, 
қаһармандықтан  мүлдем  алыс  адамдар  болғанымен 
ұлттық  тарихымызды  паш  ететін  шығармалар.  Өзінің 
көркемдік  деңгейі  жағынан  бір-бірінен  мүлдем  алшақ 
жатқан  бұл  пьесаларда  ашық  түрдегі  күрес  жоқ. 
Дегенмен  бұларда  белгілі  жағдайлармен  қақтығысқан 
кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі арқылы тарих ашылып, 
ата-бабамыз  басып  өткен  ұлы  жолдың  шынайы  суреті 
беріледі.
Тарихи  оқиғаларды  көркемдік  тұрғыда  игеріп,  дәуір 
мәселесін  сипаттайтын,  өтіп  жатқан  оқиғаны  авторлық 
көзқарас  арқылы  ашып  көрсететін  қазақ  пьесаларының 
идеялық-көркемдік  тәжірибесі  қоғамдық  ой-сананың 
қалыптасуына түрткі болады. Тарихи жадтың нығаюына 
көмегін  тигізетін  театр  өнері  бүгінгі  күннің  өзекті 
әлеуметтік  және  эстетикалық  мәселелерін  көтереді. 
Дегенмен ұлттық драматургиямыздағы тарихи жанрдың 
қазіргі  жағдайы  әлі  де  болса  көркемдік  биіктікті  талап 
етіп  отыр.  Өйткені  бүгінгі  күнде  1960-80  жылдары 
жазылған пьесалардай шығармаларды жазуға да, қоюға 
да  болмайтыны  белгілі.  Сондықтан  алдағы  күндерде 
перспективасы айқын қазақ театрының тарихи жанрдың 
жаңа бетін ашатын спектакльдер қоятынына сенімдіміз. 


203
Осыдан  қазақ  театртану  ғылымының  алдында 
мынадай  мақсаттар  қойылады:  тарихи  пьесалар  мен 
спектакльдердің  теориялық  мәселелерін  жан-жақты 
зерттеу;  бүгінгі  авторлардың  новаторлық-эстетикалық 
ізденістеріне  талдау  жасау;  жаңа  теориялық  және 
эстетикалық критерийлерді айқындау.
Тарихи 
процестің 
интерпретациясы 
көркем 
дәстүрлердің  қайта  өрлеуіне,  рухани  ізденістерге,  яғни 
қазіргі  қоғамның  ұлттық  дүниетанымы  мен  абыройын, 
гуманистік  сезімдер  мен  мәңгі  идеалдарды  түсінуге 
тәрбиелейді, сондай-ақ рухани тәрбиеге тарихи жанрдағы 
шығармалардың қосатын үлесі зор. Сонымен, қазақтың 
драма  театры  сахнасында  соңғы  жылдары  қойылып 
келген  спектакльдер  тарихта  «ақтаңдақ»  болып  қалған 
беттердi  толықтырып,  халқымыздың  басынан  өткен 
күрделi  тарихи  болмысын  шынайылықпен  суреттейді. 
Қайта  құру  және  егемендiгiмiздi  алғаннан  кейiнгі 
жылдары сахналанған тарихи тақырыптағы спектакльдер 
маңызды  орынға  ие  болды.  Өйткенi,  Кеңес  дәуiрiнде 
тарих  ғылымына  жасалған  идеологиялық  қысым  қай 
халықтың  да  жүрiп  өткен  өмiр  жолына,  оның  тарихи 
оқиғаларына әдiл бағасын бермеген еді. 
Тәуелсіздік  туы  қолымызға  тигеннен  бастап 
қазақ  драматургиясы  мен  театрына  көптеген  тарихи 
шығармалардың молынан келе бастағанын көруге болады. 
Қазақ театрына тарихи туындылардың көптеп келуі тек 
қана өнер мен әдебиеттің кемелденуін, өсіп-өркендегенін 
ғана  көрсететін  көрсеткіш  емес,  сонымен  бірге  бұл 
құбылысты ұлттық сана мен ұлттық рухтың белгілі бір 
дәрежеде  биік  межеге  самғағаны  деп  қабылдағанымыз 
жөн.
Осынау  туындыларға  тән  ортақ  қасиет  –  қазақ 
этносының  өзіндік  болмыс-бітімін,  кескін-келбетін 
бейнелеу.  Қазақ  елінің  ең  шоқтықты  тұлғаларының 


204
бойына  философтық  сипат,  даралық  және  типтік 
ерекшеліктерді  дарыта  отырып,  келешектің  зердесіне 
үлгі боларлықтай құнды ойларын шебер пайдаланады.
Қаһармандарын қоғам аясындағы қыруар қайшылықтар 
ішінде көрсетіп, осы арқылы дәуір панорамасын, қоғам 
картинасын суреттеуге тырысқан.
Тарихи  тұлғаның  өзіндік  қайталанбас  бейнесін 
сомдауда әр қаламгер тыңнан жол іздеп, кейіпкер келбетін 
кескіндеуде,  болмыс-бітімін,  мінез  ерекшеліктерін, 
характерін  ашуда  түрлі  ізденістерге  барады.  Алуан 
түрлі  көркемдік,  стильдік  ізденістің  драматург 
дүниетанымымен,  режиссерлік  позиция  және  актерлік 
ойынмен шебер үндесуі қажет. Бейнені даралау кезінде 
өзіндік тіл өрнектерін пайдалану, тарихи деректерге ғана 
сүйене бермей, ойға, санаға, сезімге әсер ететін әдемі тіл 
айшықтарына да ден қою арқылы образдар өте тартымды 
суреттелетіні мәлім.
Ә.Кекілбаев, 
М.Байсеркенов, 
Иран-Ғайып, 
Шахимарден,  Қ.Ысқақ,  Р.Отарбаев,  Р.Мұқанова  т.б.  өз 
кейіпкерлерін  сол  дәуірдің  күрес  қайшылығы  үстінде 
көрсетуге күш салған. Қаһарманның іс-әрекеті, күресі, сол 
тұстағы ел тұрмысының реалистік бейнесі, әдеби шындық 
пен тарихи шындықтың тұрғысынан алып қарағанда, бұл 
пьесалар қазақ драматургиясына, театр өнеріне қосылған 
өзіндік орны бар туындылар. Сондықтан да оларды нақты 
өз авторларының шығармашылығына ғана қосылған үлес 
емес,  сонымен  бірге  қазақ  театрының  даму  процесіне 
қосылған  қомақты  дүниелер  деп  тұжырымдағанымыз 
дұрыс болар.
Жiтi байқалған және қайта өңделген тарихтың ұлттың 
патриоттық рухын көтеретіні рас. Өзiнiң терең де берiк 
тамырын бiлген адам, халық, мемлекет сенiммен, батыл 
қадаммен алға басады.
Жалпы  театр  өнерiнде  жаппай  жетiстiктің  бола 


205
бермейтіні  шындық.  Iзденiс  жолында  табыстарға  жету 
немесе  сәтсiздiктерге  ұшырау,  экспериментке  бару  – 
қазақ театрларының эволюциялық даму жолында болған 
құбылыс. Осы орайда біздің өнерден әрқашан жаңалық 
күтуiмiз заңды.


206


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет