«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата22.12.2016
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6

«Тарихты оқыту әдістемесі » пәні бойынша дәрістер конспекті 

 

Тақырып№1: Кіріспе 

Дәріс мақсаты: Пәннің мақсаты, міндеттері оқу процесіндегі ролімен 

таныстыру 

1.

 

Тарихты оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде  



2.

 

«Тарихты оқыту әдістемесі» курсының пәні және міндеттері 



 

Әдістеме дегеніміз - методика. "Методика'' сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда 

—  "таным  тәсілі",  "зерттеу  жолы"  деген  ұғымдарды  береді.  Әдіс  дегеніміз  — 

нақты  міндетті  шешудің,  әлдебір  мақсатқа  жетудің  тәсілі.  Сонда,  әдістеме  бұл 

әдістер  жиынтығы,  кешені.  Тарих  оқыту  әдістемесі  тарихы  оқытудың  міндеттері, 

мазмұны  және  әдіс-тәсілдері  туралы  педагогикалық  ғылымдардың  бір  саласы.  Ол 

тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын 

зерттеу  және  оқып-үйренуге  арналады.  Сонымен  әдістеме  оқу  процесін 

ұйымдастыру  мен  оның  негізгі  факторларын  жетілдіруге  бағытталады.  XX 

ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп 

сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқыңдау, 

бағалау,  бейнелеу  тәсілдерін  атайды.  Әдістеме  тарихты  қалай  оқыту  мәселесін 

қарастырады  және  зерттейді.  Осылайша  әдістеме  пәні  -  педагогикалық 

процесс,  мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің 

нысаны  -  оқытудың  әдістері,  мазмұны,  ұйымдастырылуы  және  түрлері. 

Тарихты оқыту — өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың 

басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты оның мазмұны білім 

беру  және  оны  игеруге  басшылық  жасау  оқушылардың  оқу  әрекеті  оқыту 

нәтижесі  деген  тізбекті  құрайды.  Оқыту  процесіндегі  қозғалыс  оның  ішкі 

қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты 

мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты 

қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты 

оқыту  процесінің  диалектикалығы  сияқты  әдістемені  оқып-үйрену  де  үнемі 

даму  үстінде  болады.  Тарихты  оқыту  әдістемесі  қоғам  алдында  тұрған  жас 

ұрпақты  тәрбиелеудің  кешенді  міндеттерін  іске  асыруға  қызмет  жасайды. 

Тарихты  оқыту  әдістемесі  тарих  ғылымдарымен  бірге  философия, 

әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика 

сияқты  ғылым  салаларымен  де  тығыз  байланысты  дамиды.  Бұл  салалардың 

материалдарын  пайдалану  шығармашылық  сипат  алады,  өйткені  әдістеме  пәні 

оларды  тарихты  оқыту  процесін  жетілдіру  мақсатында  қорытып,  жаңғыртып 

пайдаланады.  Мұғалім  мен  оқушының  оқу  процесі  күрделі  және  көп  қырлы 

болып  келеді.  Оның  тиімділігі  оқушы  әрекетінің  сипатымен  айқындалады. 

Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын 

оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете 

алмайды. Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз 

пәнін  жетік  білмеуіне  байланысты  емес,  ең  бастысы  олар  өз  білімдерін 

өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи 

материалды  баяндаудың  әдістемелік  негіздерімен  таныс  емес,  тіпті  пәннің 



әдістемесінен  жеткілікті  хабары  жоқ.  Сондықтан  пәннің  әдістемесін  не  үшін 

оқытамын?  Қалай  оқытамын?  Немен  оқытамын?  деген  сұрақтарға  жауап 

тақырыпта басты назарда болуы тиіс. 

Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі 

факторлары 

Тарихты  оқытудың  негізгі  факторлары  мына  сұрақтардың  жауаптарына 

байланысты: 

- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар; 

-  стандарт  пен  бағдарламаларда  бекітіліп,  солардың  негізінде 

оқулықтарда баяндалған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы; 

-    оқыту  процесінің  ғылыми-әдістемелік  ұйымдастырылуы  (оқыту  мен 

оқудың түрлері, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары); 

-  оқушылардың танымдық мүмкіндіктері; 

-  оқыту нәтижелерімен айқындалады. 

1.  Тарихты  оқытудың  мақсаттары  мемлекет  дамуының  әр  түрлі 

кезеңдерінде  өзгеріп  отырды.  Кеңестік  кезеңге  дейінгі  мектептерде  тарихты 

оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлы 

орыстың  шовинизм,  ұлы  державалық  астамшылық  басым  болды. 

Қазақстандағы  мектептердің  өзінде  Қазақстан  тарихына  қатысты  мәселелер 

оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси 

белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән 

ретінде  оқу  бағдарламасына  енгізіліп,  оқытыла  бастады.  Ол  кезеңдегі  тарих 

пәнінің  мақсаты  маркстік-лениндік  дүниетанымға  негізделіп,  коммунистік 

идеяларға бағытталды. Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай 

айқыңдалған: 

— оқушылардың  ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі  адамзаттың  тарихи 

даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі; 

— тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен 

өткізе алу қабілетін дамыту

— отансүйгіштік,  тарихи  тәжірибе,  гуманизм  идеялары  негізінде 

оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру; 

—халықтардың 

тарихы  мен 

мәдениетіне 

қызығушылық  пен 

құрметін дамыту. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі 

жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады. 

— Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  құрметтейтін, 

табиғаттың,  мәдениеттің  және  қоршаған  ортаның  байланыстарын  қорғау 

қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу; 

— оқушыларды  қоғам  мен  адамзаттың  ежелгісімен,  бүгінімен 

таныстырып,  оларды  өткен  бабалардың  әлеуметтік,  адамгершілік  тәлім-

тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; 

— қазіргі  қоғамға  кіріккен  және  оны  жетілдіруге  ұмтылатын  тұлға 

қалыптастыру; 

— тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; 



— әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер 

мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын  қамтамасыз ету, гуманистік 

және демократиялық құндылықтарға бағыттау; 

—  тарихи  білімдер  мен  әдістерді  қолданып,  қоғамдық  ойдағы  жаңа 

мағлұматтарды  өз  позициясы  тұрғысынан  сын  көзімен  бағалап,  талдай  алу 

дағдысын  қалыптастыру.  Тарихты  оқытудың  негізгі  факторлары  оқу 

процесінде  кешенді  түрде  жүйемен  іске  асады.  Жүйе  дегеніміз  —  өзара 

әрекеттесіп,  тығыз  байланыста  болып,  белгілі  біртұтастық,  бірлік  құрайтын 

бөліктердің  жиынтығы.  Оқу  факторларының  ішкі  тұтастық  қасиеті  оқыту 

процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады. 

2.

 

 Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында 



өзгеріп  отырады.  Әдістеме  отандық  және  жалпы  тарихтың  негізгі  оқиғалары, 

фактілері  мен  құбылыстарын  таңдауға;  теориялық  жинақтау  мен  анықтамалар 

қалыптастыруға  көмектеседі.  Мектепте  оқыту  үшін  таңдап  алынған  тарихтың 

мазмұны  мемлекеттік  стандарт,  бағдарлама,  оқулық  түрінде  көрініс  табады. 

Оқушылар  ол  мазмұнды  сыныптық,  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  оқу 

түрлерін  қамтитын  оқытуды  ұйымдастырудың  белгілі  бір  әдістемесі  арқылы 

меңгереді. 

3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік,  баспа-

қолжазбалық  (мәтінмен  жұмыс).  Көрнекі,  практикалық  деген  сияқты. 

Олардың  мәні  қалай  оқыту  керек  деген  сұраққа  жауап  беріп,  мұғалім  мен 

оқушының  екі  жақты  әрекетін  айқындайды.  Жақсы  жолға  қойылған 

оқытудың  әдістемесі  оқушылардың  бойында  тарихи  білім  мен  танымдық 

дағдыларды,  ғылыми  көзқарас  пен  сенімді  қалыптастырып,  дамытуда  тиімді 

нәтиже  береді.  Әдіс,  тәсілдер  мен  оқытудың  түрлері  (жалпы  сыныптық, 

топтық,  дербес),  сабақ  типтері  (қайталау-жинақтау,  семинар,  зертханалық, 

саяхат-сабақ),  сабақ  үстіндегі  мұғалім  әрекеті  мен  оқушының  оқу  құралдары 

тығыз  байланысты.  Оқу  жұмысының  құралдарына  оқу  процесін  қамтамасыз 

етуге  керекті  оқулық,  жұмыс  дәптері,  тарихи  карта,  оқу  картиналары, 

диафильм  т.б.  сияқты  заттарды  жатқызамыз.  Оқу  материалы  мазмұнының, 

тиісті  оқыту  әдістемесінің  ұйымдастырылуы  және  оқушылардың  танымдық 

қызметі  формаларының  біртұтастығы  негізінде  оқушылар  оқыту  мақсатына  қол 

жеткізеді. 

4.  Оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктері  оқушының  жасына  және 

соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. 

Тарихи  танымға  ұмтылуға  күш  жұмсау  тұлғаның  ойлауын,  қиялын,  ерік-

жігерін  және  сезімдік  қасиеттерін  дамытуға  айтарлықтай  ықпал  жасайды. 

Оқу процесінде оқушылардың тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті 

дамиды.  Қабілеттілік  дегеніміз  не?  Ол  тарихты  оқып-игеруде  табысқа 

жетуге  алғы  шарт  болатын  тұлғаның  дербес  ерекшеліктері.  Ол  қабілеттілік 

әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады. 

5.  Оқыту  нәтижелері  алға  қойған  мақсаттарды  іске  асырумен  тікелей 

байланысты.  Ол  оқушылардың  қол  жеткізген  білім  мен  дағдысының, 

олардың  интеллектуалдық,  эмоциялық  және  ерік-жігерінің  деңгейін 

танытады.  Білімін  дәлелдеу  және  негіздеу,  ең  бастыны  бөліп  алу,  себеп-



салдарлы  байланыстарды  анықтап,  қалыптасқан  мәселені  шешуде  қажетті 

білімді  қолдана  алудан  көрінеді.  Оқыту  нәтижелері  мына  деңгеймен 

өлшенеді:  1)  5-11  сыныптардағы  бір  сабақта,  бір  тақырыптағы  бірнеше 

сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи 

білім;  2)  ғылыми  көзқарастың  қалыптасуы;  3)  тарихты  оқыту  процесінде 

оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. 

Осылайша  оқыту  нәтижелері  алға  қойған  мақсаттың  орындалғанын  немесе 

тек  сөз  жүзінде  қалғандығын  танытады.  Соңғы  жылдары  білім  сапасы  тест 

көмегімен  бағалануда.  Оның  есесіне  оқушылардың  алған  білімдерінің 

практикалық  қызметте  қолдану  қабілетін  бағалайтын  тапсырмалар  аз 

қолданылуда.  Тарих  сабақтарында  мұндай  тапсырмалар  қарапайым  дерек 

көздері  және  құжаттарды  зерттейтін  зертханалық  сабақтар  жүргізумен 

тікелей  байланысты.  Оқушылар  сабақтан  бос  уақытында  мұражай  мен 

мұрағаттағы  жұмыстары  негізінде  баяндама,  реферат,  ғылыми  мақала 

дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс. 

Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі 



Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін 

—  белгілі  бір  жастағы  оқушылардың  тарих  пәні  бойынша  білім  мен 

дағды деңгейін анықтауға; 

—  сынып,  курс,  бөлім  және  тақырып  бойынша  оқытудың  мақсатын 

нақшлауға; 

—  оқу  процесінің  әртүрлі  кезеңдеріндегі  жұмыс  тиімділігін  анықтап, 

оқыту міндетін нақтылауға

—  оқыту  мазмұнын  қолданылатын  әдістер  және  тәсілдермен 

ұштастыруға; 

—    тест,  қисынды  тапсырмалар  және  тірек  сигналдарды  қолданып, 

конспект дайындауға; 

—    оқытудың  барынша  тиімді  әдістері,  түрлері  мен  құралдарын 

қолдануға; 

—    оқыту  нәтижелерін  алдын  ала  болжап,  педагогикалық  әрекетке 

түзету  енгізіп  отыруға  мүмкіндік  беруімен  бағаланады.  Тарихты  оқыту 

әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын 

базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты — тарих 

ғылымының  негізгі  мәліметтерін  таңдап  алып,  оны  дидактикалық  өндеуден 

өткізіп,  бейімдеп,  мектеп  курсының  мазмұнына  енгізу.  Таңдап  алу 

оқушылардың  танымдық  мүмкіндігін  ескере  отырып  жүргізіледі.  Оларды 

анықтауда  психология  ғылымының  жетістіктеріне  сүйенеміз.  Бұл  ғылым 

оқушылар  танымы  мен  танымдық  әрекетінің  ерекшеліктерін  ашуға 

көмектеседі.  Оның  үстіне  тарихты  оқыту  процесіне  талдау  жасағанда 

бірқатар  психологиялық  және  педагогикалық  зерттеу  тәсілдері  де 

қолданылады. Әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де 

тығыз  байланысты.  Педагогика  -  оқыту,  ғылыми  зерттеу  әдістемесі  мен 

тәрбие  мақсатын  айқындайды.  Осы  әдістер  мен  мақсаттарды  негізге  алып, 

әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді. 



Ғылыми-зерттеу  әдістері  деп  зерттеудің  педагогикалық  бақылауды 

және  қалыптастырушы  эксперименттің  (экспериметтік  сабақ)  мақсаты, 

міндеттері  мен  болжамын  анықтауды  айтамыз.  Латын  тіліндегі 

"экспериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер 

белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда 

болады.  Педагогикалық  бақылау  -  оқу  процесіне  ықпал  жасамай,  тарихты 

оқыту  практикасын  зерттеу  дегенді  білдіреді.  Зерттеуші  тарих  сабақтарына 

қатысып,  оны  талдайды,  оқушыларға  сұрақ  қою  мен  тесті  өткізіп, 

мұғалімдердің  ашық  сабақтарының  хабарламаларын  тексеріп,  пән 

бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады. 



Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне 

белсене  араласуын  қарастырады.  Мұндай  эксперименттің  міндетті  құрамы  - 

дәлелге  негізделген,  бірақ  міндетті  түрде  тексеруді  қажет  ететін  болжанған 

нәтиже,  болжал  болмақ.  Болжал  мына  сұлба  бойынша  қалыптасады:  оң 

нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың 

бірізділігін өзгертсе, ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың 

жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжам іс 

жүзінде  тиісті  жағдайлар  мен  әдістер  арқылы  тексеріледі.  Эксперимент 

жасаушы  ең  алдымен  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттеріне  сай  әдістемелік 

талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді. 



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Тарихты оқытудың басты мақсаты мен міндетін атаңыз 

2.Оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерінің  мүмкіндігін  игерудегі  тікелей 

байланыс неде? 

3.Қабілет дегеніміз не? 

4.Мектепте тарихты оқытуда қалыптастырушы эксперименттің ролі   

 

 

Тақырып№2:  Тарихты  оқыту  үрдісінде  оқушылардың  іскерлігі  мен 

дағдыларын қалыптастыру  

 

Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың іскерлігі мен 

дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіндіру 



 

1.

 



Тарихты оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың іскерліктері мен 

дағдыларының сипаты   

2.

 

Тарихты оқыту барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың 



әдістемелік тәсілдері  

 

Тарихи  білімді  қалыптастыру  аса  маңызды.  Тарихи  білім  мынадай 

құрамдас  бөлімдерден  тұрады:  тарихи  фактілер,  тарихи  даталар  мен 

хронологиялар;  тарихи  фактілердің  кеңістікпен,  уақытпен  байланыстылығы; 

тарихи  түсініктер;  тарихи  ұғымдар;  тарихи  зандылықтар.  Олар  -  тарихи 

білімдер  төмендегідей  үш  категорияға  бөлінеді:  тарихи  уақыт;  тарихи 

кеңістік; тарихи қозғалыс. 


Тарихты  оқытудағы  фактінің  рөлі.  Тарихи  білімді  меңгеру  тарихи 

фактіні оқып үйренуден басталады. Факт - тарихта болып өткен оқиға. Демек 

тарихи фактілер өте көп. Тарихи фактілерді екі топқа бөлуге болады. 1) жеке 

оқиғаны  білдіретін  факт.  Ондай  оқиға  -  тарихта  бірақ  рет  болған,  демек  бір 

жерде,  белгілі  бір  уақытта,  белгілі  қатысқан  адамдары  бар.  Мәселен,  1220 

жылғы  қыркүйекте  басталған  Отырар  шайқасы,  Алматы  қаласында  1986 

жылғы  16-17  желтоқсан  оқиғалары,  1991  жылы  16  желтоқсанда  тәуелсіз 

Қазақстан  Республикасының  жариялануы  т.б.  Екінші  топқа  жататын 

фактілерді - тарихи құбылыстар деп атауға болады, өйткені олар белгілі бір 

тарихи  дәуірдің,  кезеңнің  сипатты  белгісін  білдіреді,  бірнеше  рет 

қайталанады.  Мәселен,  XІX  ғасырда  патша  өкіметінің  отарлау  саясатына 

қарсы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстары. 

Тарихи  фактілер  көлемі,  күрделілігі,  маңызы  жөнінен  түрліше  болады. 

Мәселен,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс  ірі  тарихи  фактілер  қатарына 

жатады және бірнеше шағын фактілерден құралады. 

Фактілерді  -  оқиғаларды  оқытқанда  алдымен  олардың  жоғарыдағыдай 

ерекшеліктерін  ескеру  керек.  Ал,  оқушылар  фактілерді  берік  меңгермесе 

оларда  тарихи  білім  жүйелі  қалыптаспайды.  Демек  оларды  оқытуға  ерекше 

мән берілуі керек. 

Фактілерді оқыту, қалыптастыру олардың үлкен-кішілігіне байланысты. 

Олардың бәрі бірі мен бірі байланысты. Оқытқан кезде фактілердің себептері 

мен  салдары  міндетті  түрде  ашылып  көрсетілуі  тиіс,  сонда  ғана  олардың 

өзара  байланысы  бірден  байқалады.  Мәселен,  XX  ғасырдың  70-80 

жылдарында Қазақстанда ұлт саясатының барынша бұрмалануы 1986 жылғы 

Желтоқсан  оқиғаларының  себептері  мен  сипатын  түсінуге  көмектеседі. 

Сондықтан  да  әрбір  сабаққа  дайындалғанда  фактілерді  таңдауға,  іріктеуге 

ерекше мән беріледі. 

Алдымен  ол  факті  бүгінгі  сабақтың  негізгі  мақсатын,  білім  мазмұнын 

ашуға көмектесуі тиіс. Сонымен қатар оның ғылымилығы, анық-дұрыстығы, 

нақтылығы,  бейнелілігі,  эмоциялылығы,  біліктерді  қалыптастыруы  мен 

оқушылардың  таным  қызметін  дамытуы  т.б.  мүмкіндігі  ескерілуі  керек. 

Оқушылардың дайындық дәрежесіне баса назар аударылады. 5-7 сыныптарда 

бейнелеп  айтуға  мүмкіндігі  мол,  ал  8-11  сыныптарда  оқушылардың  сенімін 

қалыптастыра  түсетін,  қорытып-жинақтауға  көбірек  көмек  беретін  фактілер 

алынады. 

Әрбір  факті  бойынша  ғылыми  кейде  теориялық  қорытынды  жасалып, 

білім жинақталады. Әйтпесе фактологияға ұрынамыз. 

Фактілердің даталарын, хронологиясын оқытып, үйретуге ерекше назар 

аудару  қажет.  Адамзат  қоғамының  дамуы  уақыт  бойынша  анықталады. 

Сондықтан  оқушыларға  тарихи  уақытты  қолдана  білуді  үйрету  ерекше 

маңызды.  Алдымен  олардың  уақыт  категориясын  -жыл,  ғасыр,  мың  жыл, 

дәуір,  кезең,  заманды  жақсы  білуі  керек.  Бұлардың  алғашқы  үшеуін  5 

сыныпта,  қалғандарын  6  сыныпта  толық  үйретуге  болады.  Солар  арқылы 

шәкірттер оқиғалардың қашан болғанын, ұзақтығын, ретін т.б. түсіне алады. 

Тарихтағы уақытты хронологиялық даталар деп атайды. 


Хронологиялық  даталар  үшке  бөлінеді:  Негізгі  даталар:  Ұлы  Қазан 

социалистік революциясы, Ұлы Отан соғысы, КСРО-ның ыдырауы т.б. және 

тірек  даталар  -  белгілі  бір  тарихи  дәуірді  оқығанда  үнемі  ескерілетін, 

қайталанатын дата -екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуы 1945 ж. Негізгі 

даталар  білім  ретінде  өмір  бойы  керек  (қазақ  халықының  қалыптасуы, 

олардың  мемлекет  болып  құрылған  уақыты  т.б.),  ал  кейбір  тірек  даталар 

тарих курстарын бүкіл мектептік тарих ионін оқып бітіргенше керек болады. 

Сондықтан  да  хронологиялық  даталарды  есте  сақтаудың  әдістемелік 

жолдары да көп (карта, дәптер, қашан, ұзақтығы, неше жыл өтті, неше жыл 

ілгері кейін, хронологиялық тағы  басқа да таблицалар,  карточкалар, картаға 

аппликациялар шаншу, - стрелка, жылы). 

Тарихи  түсініктерді  қальптгастыру.  Тарих  пәнінің  көптеген  пәндерден 

ерекшелігі 

негізінен 



өте 

ертедегі 

фактілерді, 

оқиғаларды 

баяндайтындығында. Оларды құр атап айта салсақ оқушыда ешқандай білім 

қалыптаспайды.  Білімді  қалыптастыру  үшін  өткен  оқиғаның,  фактінің 

бейнесін  оқушының  көз  алдына  келтіре  отырып,  оларда  сол  оқиға  туралы 

түсінік  қалыптастыруымыз  керек.  Ал,  түсініктер  сезу,  сезіну  арқылы 

қалыптасады,  ол  екі  тәсілдің  көмегімен  жүзеге  асады:  көру  арқылы  -  демек 

көрнекі,  техникалық  т.б.  көрінетін  құралдар  көмегімен  және  мұғалімнің 

тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 

қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды білуіміз 

керек. Тарихи түсініктер үш түрлі обьектілер туралы қалыптасуы тиіс. 

а) қоғамның  өткендегі  барлық  тарихын,  фактілерді  қамтитын: 

материалдық 

өмір-тұрмыс 

(еңбек 

құралдары, 



адамдар 

кәсібі, 


шаруашылықтың  түрлі  салалары  т.б.),  әлеуметтік-саяси  өмір  (әртүрлі 

таптардың  өкілдері:  құл,  феодал,  капиталист,  жұмысшы,  мемлекеттік 

құрылыс  т.б.),  тарихи  қайраткерлер,  соғыс  тарихының  оқиғалары 

(қару-жарақ,  шайқас  алаңын  әскерлердің  орналасуы),  тарихи-мәдени  өмір 

(халық тұрмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер. 

ә)  тарихи  уақыт  туралы  (тарихи  оқиғаның  белгілі  бір  уақытта  болуы, 

оқиғалардың  реті,  ұзақтығы)  түсінік  қалыптастыру  қоғамның  пәрменді 

дамуын түсінуге мүмкіндік береді. 

б) тарихи  кеңістік  туралы  (тарихи  оқиғаны  сол  әрекет-қимыл 

болған  жермен  байланыстыру,  тарихи  оқиғаны  локализациялау  - 

жергіліктендіру...) 

тарихи 


география 

—географиялық 

ортаның 

оқиғаның,  қоғамның,  мемлекеттің  т.б.  дамуына  қалай  әсер  ететіні 

туралы түсінік калыптастырады. 

в) тарихи қозғалыс. 

Сөйтіп  тарихты  оқыту  барысында  үш  түрлі  түсінік  қалыптастырылады 

екен. 


Осы  түсініктерді  қалыптастырудың  әдістемесін  білу  де  маңызды. 

Өйткені  ол  үшін  көптеген  әдіс,  тәсілдер  қолданылады:  ауызша  әдістермен 

қатар,  көрнекі  құрал,  әсіресе-бояулы  суреттер,  схемалар,  кестелер, 

аппликациялар,  сынып  тақтасы,  қосымша  әдебиет  т.б.  Бірақ  та  оларды 

қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрліше. 


Тарихи  ұғымдарды  қалыптастыру.  Кез  келген  пәнді,  ғылымды  білу, 

меңгеру  деген,  оның  ұғымдар  жүйесін  меңгеру  деген  сөз.  Мектеп 

қабырғасында  оқушылар  тарих  ионін  жеті  жыл  оқығанда  оларда  300-дей 

ұғым  қалыптасады.  Әрине  олар  тек  тарих  пәнінің  ұғымдары  емес.  Тарихи 

білімді меңгеруде ұғымдарды қалыптастыру, маңызды орын алады. 

Оқыту  барысында  тарихи  түсінік  те,  ұғым  да  қатар  қалыптаса  береді. 

Бірақ  айырмашылығы  мынада.  Тарихи  түсінік  әр  оқушы  да  түрліше 

қалыптасуы мүмкін, ал ұғым бәрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы 

тиіс. 

Тарихи  материалдың  мазмұнына  қарай  ұғымдар  сұрыпталады,  оның  да 



ұстанымдарын  жақсы  білу  керек.  Өйткені  оқулықтарда  кездесетін  бірқатар 

ұғымдар басқа пәндермен байланысты. Мысалы, экономикамен: инвестиция, 

нарықтық экономика, дағдарыс сияқты.  

Тарих ғылым, пән ретінде аса манызды білім саласына жатады. Өйткені 

ол  бүкіл  адам  баласының  басынан  өткізген  жағдайын,  тарихи  тәжірибесін 

баяндайды.  Тарихи  білім  әрбір  адамға  қажет.  Тарихи  білімді  адам  ғана  өзі 

өмір  сүрген  қоғамдағы  орынын,  атқаратын  қызметін  дұрыс  анықтай  алады. 

Сондықтан  да  дүние  жүзіне  белгілі  ойшылдардың,  ғұлама  ғалымдардың 

тарихтың  маңызы  туралы  айтпағандары  жоқ.  Әбу-Насыр  Әл-Фараби 

"Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын" - десе, 

А.Байтұрсынұлы "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих" - деп өте жоғары 

бағалаған. 

Осыдан  болар  әрбір  тәуелсіз,  дамыған  ел  өз  мемлекетінің,  халқының 

тарихын  оқытып  үйретуге,  алдымен  оны  мектепте  оқытуға  ерекше  мән 

береді. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алысымен  өз  елінің  тарихын, 

Қазақстан  тарихын  оқытуға  айырықша  ден  қойды.  Қазақстан  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің еңбектерінде 

тарихты оқып білу неліктен қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. Оның 

Қазақстан  тарихын  оқып  үйренудін  қажеттігі  туралы:  "Бұл  –  тәуелсіз 

Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын

 

ой елегінен өткізіп, "Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?" деген 



төңіректе ойлансын деген сөз. 

Бұл  -  әрбір  азамат  туған  елінің,  туған  халқының  тарихы  ешкімнен  де 

олқы еместігін түсінсін деген сөз. 

Бұл  -  әрбір  азамат  тарих  қойнауына  ойша  тереңдеу  арқыты  өзінің  ата-

бабалары  қалдырған  осындай  кен  байтақ  жердің  лайықты  мұрагері  болуға 

ұмтылсын"  деген  сөздерін  "Ежелгі  Қазақстан  тарихы  (5  сыныпқа  арналған, 

"Атамұра" 2001) оқулығының авторлары барлық оқушыларға арналған үндеу 

ретінде оқулықтың алғашқы бетіне жазыпты. 

Қазақстан  тарихы  қазір  барлық  оқу  орындарында,  ал  мектенте  5  ші 

сыныптарда  оқытылады,  жоғары  оқу  орынына  түсерде  осы  пәннен  емтихан 

қабылданады, 

"Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

"Болашақ" 

халықаралық  стипендиясына  үміткерлерді  іріктеу  және  оны  тағайындау 

туралы  Ереженің  шарты  бойынша  олардың  Қазақстан  тарихынан  білімі 


сыналады. Осы аталған және басқа да шаралар оқу орындарында бұл пәннің 

оқытылу сапасын жақсартуға үлес қосып келеді. 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  тарихын  оқып  үйренем  деушілерге, 

әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге  әдебиет көптеп шығарылуда. Бұлардың 

қатарына  бес  томдық  Қазақстан  тарихы  акдемиялық  басылымның,  алты 

томдық  Қазақстан  энциклопедиясының  жарыққа  шығуын,  тоғыз  томдық 

"Қазақтар"  жинағын,  белгілі  жеке  қайраткер  туралы  шыққан  көптеген 

кітаптарды  қосуға  болады.  1990-2000  жылдар  аралығында  5-11  сыныптарға 

арналған осы пәннің жеті оқулығының әрқайсысы 3-5 реттен қайта басылды. 

1998 жылы Мемлекеттік білім стандартының қабылдануына байланысты 

барлық  мектептік  пәндерден,  солардың  арасында  тарихтан  да  жаңа 

бағдарламалардың  жобалары  жасалды.  Осы  бағдарламалар  негізіңде  тарих 

пәнінен 5-9 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік 

кешені  дайындалды  2001-2003  оқу  жылдарында  5-6  сыныптар  жаңа 

бағдарламалар  мен  оқулықтарға  көшті,  енді  екі-үш  жылда  7-9  сыныптар  да 

көшеді.  Әр  сыныпқа  арналған  үш  оқу-әдістемелік  кешеннің  біреуі  сол 

сыныптағы  тарих  курсы  бойынша  сабақтардың  әдістемелік  жоспарларына 

арналған.  Сөйтіп,  Қазақстан  тарихы  бойынша  оқушыларға  да,  мұғалімдерге 

де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді. 

Қазақстан тарихын оқытудағы тағы бір басты міндет – пәнді оқытудың 

қазіргі  ғылыми-әдістемелік  талаптарға  сай  кегін  әдістемелік  жүйесін  жасау. 

Мұндай  әдістемелік  жүйеде  пәнді  мектепте  оқытудың  басты  басты 

теориялық  ғылыми-әдістемелік  іргелі  мәселелері  қарастырылады.  Біздің 

пәніміз  тұрғысынан  алсақ  ол  пән  Мектепте  Қазақстан  тарихын  оқытудың 

теориясы мен әдістемесі деп аталады. 

Мұндай  әдістемелік  құралдар  тұжырымдармен  қорытындыларды, 

идеялар мен ұсыныстарды көшбасшы мұғалім басшылыққа алып, ойдағыдай 

жүзеге  асырғанда  ғана  жас  ұрпаққа  өткен  тарихымызды  нәтижелі  оқытып 

үйретеміз. Міне біздің көпшілік оқырмандарға, алдымен мектептің тарихшы 

мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының болашақ тарихшы мұғалімдеріне 

ұсынып отырған еңбегіміз осындай әдістемелік құрал. 

Іс  жүзінде  аса  қажеттігіне  қарамастан  бұл  әдістемелік  құралды  мұнан 

бұрын  шығаруға  болмайтын  еді.  Жаңа  бағдарламалар  мен  жаңа  буын 

оқулықтары  барлық  мектепте  пайдаланылып  сынақтан  өтпей,  алғашқы 

тәжірибелер зерттелмей жаңа оқулықтармен жұмыс істеудің әдістемесін жазу 

мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан да біз тарихшы мұғалімдерге әдістемелік 

ұсыныстарды жорнал мақалалары, кейінгі жылдары баспадан шығып жатқан 

шағын әдістемелік құралдар    сабақ жоспарлары арқылы көрсетіп отырдық. 

Бұл  еңбекті  жазуда  Кеңестік  және  Қазақстандық  педагогика 

ғылымындағы,  әсіресе  оның  практика  саласындағы,  сондай-ақ  білім 

мазмұнын іріктеу ұстанымдары; Қазақстан тарихын оқытудың ұйымдастыру 

формалары;  оқытудың  әдіс,  тәсілдері:  дүниежүзілік  халық-ағарту 

саласындағы өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; автордың ұзақ жылдар 

бойы  Республиканың  түрлі  аймақтарындағы  мектептерде  жүргізген  зерттеу 

жұмыстарының  нәтижелері,  көптеген  алдыңғы  қатарлы  озат  мұғалімдердің, 


сондай-ақ  автордың  жеке  өзінің  мектепте  сабақ  беріп,  жоғары  оқу 

орындарында лекциялар  оқып, семинар  сабақтарын жүргізу тәжірибелері де 

осы еңбекке арқау болды. 

Тың  тақырып  бойынша  тұңғыш  жазылып  отырғандықтан  бұл  еңбектің 

тарихи  әдістемелік  сипаты  бар,  яғни  мұнда  оқыту  теориясы  мен  әдістемесі 

мәселелерімен  қатар,  Қазақстан  тарихы  мектеп  курсының  даму,  қалыптасу 

тарихы да қарастырылады. 

Еңбек 18 тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұнына,  көлеміне қарай ол 

бірнеше  параграфтарға  бөлінген.  Тараулардың  тақырыптары  осы  курсты 

оқыту  теориясы  мен  әдістемесінің  іргелі  мәселелерін  қамтиды  Олар: 

Қазақстан  тарихын  оқыту  теориясы  мен  әдістемесінің  пайда  болуы,  дамып 

қалыптасуы;  Қазақстан  тарихын  оқыту  әдістемесі  ғылыми,  қоғамдық-

педагогикалық пән; пәнді мектепте оқытудың әдіснамалық мәселелері; пәнді 

оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері;  мектептегі  Қазақстан  тарихы  пәнінің 

қазіргі  құрылымы  мен  мазмұны;  тарихи  материалдардың  тәрбиелік 

мүмкіндігін  жүзеге  асыру  жолдары  сияқтылар.  Соңдай-ақ  өтілген 

материалдарды  қайталау,  пәнаралық  байланыс  тарихтан  мемлекеттік 

стаңдарт талаптары, сыныптан тыс жұмыс, өлкетану жұмысын жүргізу, тарих 

кабинеті-тарих  мұғалімі  сияқты  мәселелерге  де  жеке  тараулар  арналған. 

Тараулардың  атының  көбі  тарихты  оқыту  әдістемесінде  бұрыннан  таныс 

екендігіне қарамастан, олардың ішкі құрылымы мен мазмұны мүлде өзгеше. 

Оның  үстіне  бұл  еңбекте  әдістеменің  бұрыннан  белгілі  тақырыптары 

салыстырмалы  түрде  қысқаша  баяндалады  да,  тікелей  Қазақстан  тарихы 

пәнінің  өзіндік  ерекшелігіне  қатысты  тақырыптар,  мәселен:  осы  пәннін 

оқыту  теориясы  мен  әдістемесінің  қалыптасуы,  оны  оқытудың  мақсаты  мен 

міндеттері,  пәнді  оқытудың  әдіснамалық  мәселелері,  білім  мазмұнын 

анықтау  ұстанымдары,  білім  мазмұнынын  ұлттық  дерек  көздері,  тарихи 

білімнің мемлекеттік білім стандарты және білімді тексеру, бағалау жолдары 

т.б. толығырақ баяндалады.  

Мемлекеттік  білім  стандартының  ендірілуіне  байланысты  енді 

оқытудың  нәтижесіне,  демек  оны  анықтауға  бұрынғыдан  да  гөрі  баса  назар 

аударылуы тиіс. 

Оқыту нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене 

түсетіндігін, оның жаңа компоненттермен толығатынын өмір көрсетіп отыр. 

Кейінгі  жылдары  мерзімді  баспасоз  беттеріндс  оқушылардың  оқу  пәнінен 

алатын  базалық  білімінің  мүмкін  және  міндетті  деңгейлері,  олардың 

дайындық  дәрежесіне  қойылатын  талаптар,  сол  талаптардың  жүзеге  асуын 

анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланды. Тарих пәнінен 

де  осындай  үлгілер  дайындалды  және  олар  осы  курстың  жаңа 

бағдарламаларының құрамына ендірілді. 

Оқушылардың  білімін,  біліктілігін,  ойлау  қызметінің  даму  дәрежесін, 

тәрбиелілігін  тексеру  аса  маңызды  жұмыс  болғандықтан  оны  үлкен 

дайындықпен  және  жауапкершілікпен,  жоспарлы  түрде  жүргізіп  отыру 

қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс. 



І. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында 

қалыптасқан  тәрбиелілігін  тексерудің  ең  қолайлы  жолы  ауызша  тексеру. 

Оның  бірнеше  тиімді  жағы  бар.  Оқушы  жауабын  тыңдай  отырып,  мұғалім 

шәкіртінің  тарихи  білімінің  шамасын,  білім  өресін,  тарихи  ойы  мен  тілінің 

қаншалықты  дәрежеде  қалыптасқанын,  тарихи  ұғымдар  мен  терминдерді, 

негізгі  даталарды  меңгеру  деңгейін,  ойлау  қызметінің  қаншалықты 

дамығанын  т.б.  анықтай  алады.  Оқушы  жауап  беріп  тұрып,  басқа  қажетті 

құралдарды:  картаны,  оқулықты,  тақтаны,  басқа  да  құралдарды  қатар 

пайдалана алады. Білімді, әрі жақсы сөйлейтін оқушының сындарлы жауабы 

басқа оқушыларға пайдалы әсер етері сөзсіз. Сол сияқты білімі нашар оқушы 

болса,  төмен  жауабы  үшін  өзі  де  білімі  сол  деңгейдегі  басқа  оқушылар  да 

қысылады. Бірақ оқушының ауызша жауабын барлық оқушы, әсіресе мұғалім 

мұқият  тыңдай  отырып,  оның  толықтығына,  беріктігіне,  оқушыда 

тәрбиеліліктің  қалыптасу  дәрежесіне  назар  аударғаны,  оның  ойлау 

қызметінің  даму  дәрежесін  анықтағаны  дұрыс.  Ол  үшін  төмендегі 

талаптарды ескеру керек. 

а) Оқушы  сұрақтағы  негізгі  объектіге  қатысты  барлық  білімді 

білетін  болса,  білім  толық  деп  есептелінеді;  осы  сұрақтағы  білімнің 

басқа  біліммен  байланысын  білсе,  білім  терең  деп  есептелінеді; 

ұқсас  тарихи  оқиғалардың  ортақ  белгілері  мен  ерекшеліктерін  өзі 

ашып  көрсетсе,  мұндай  білім  берік  меңгерілген  деп  есептелінеді. 

Сондай-ақ  білімнің  саналылықпен  меңгерілуіне,  жүйелілігіне,  кез 

келген  ситуацияда  шапшаң  пайдалана  білуге  де  бірқатар  талаптар 

қойылады. 

ә)  Оқушылардың  алған  білімдері  олардың  тәрбиелілігіне  әсер  етті  деп 

есептелінеді, егер де оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің 

ішкі  сезіміндегі,  сеніміндегі,  жан-дүниесіндегі  өзгерістерді  білдірсе,  тарихи 

оқиғалар  мен  үрдістерге  өз  тұрғысынан  баға  берсе,  тарихи  оқиғаның, 

құбылыстың мазмұнына қарай ренжу, қуану т.б. сезімдерін байқатса. 

б) Оқушы  өзінің  жауабында  кездесетін  тарихи  оқиғаларды  бұрын 

болып  өткен  осындай  2-3  тарихи  оқиғамен  (7-8  с.)  салыстырып, 

олардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  көрсетіп  бере  алса, 

ал  жоғары  (9-11с.)  сынып  оқушылары  ол  ұқсас  белгілер  арасындағы 

айырмашылықтардың 

себептерін 

түсіндіріп 

бере 

алса, 


мұның 

өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді. 

ІІ.  Оқыту  нәтижесін  анықтаудың  басқа  да  жолдары  бар.  Соның  бірі  - 

оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін 

деңгейлер.  Оқушы  берілген  сұрақтың  ең  негізгі  білім  элементтерін  білсе, 

мәселен,  көтерілістің  негізгі  себебін,  басталуын,  негізгі  оқиғаларын, 

басшыларын,  салдарын  айтып  бере  алса,  онда  ол  осы  сұрақтың  жауабын 

міндетті  деңгей  көлемінде  білгені.  Ал  оқушы  көтерілістің  себептерін,  оның 

ішіндегі  негізгі  себептерін  айырып  көрсете  алса,  сылтауын,  қорғаушы 

күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне 

нақты  мысал  келтірсе,  халық  алдындағы  басқа  қайраткерлік  қызметін  білсе, 

көтеріліс  оқиғаларын  басынан  аяқталуына  дейін  түгел  біліп,  картадан 



көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, онда бұл 

жауап  мүмкін  деңгейге  жеткен  деп  бағаланады.  Мүмкін  деңгейге  шек 

қойылмайды. 

Сұрақтың  жауабын  бұлайша  екі  деңгеймен  анықтау  да  оқушының 

тарихи  білім  дәрежесін  нақты  көрсете  алмайды.  Сондықтан  бірқатар 

пәндерден сұраққа берілген жауаптың дәрежесін санмен белгілеп, оларды 3-4 

-ке дейін апарады.  

Мұны математика, химия, тіл сабақтарында тиімді пайдалануға болар. 

Ал  тарих  пәнінен  оқушылардың  меңгерген  білім  дәрежесін  берілген 

сұрақты бірнеше шағын білім элементтеріне бөліп анықтауға да болады.  Ол 

үшін сұрақтың білім элементтерін айыра білуге жаттығу керек. Мәселен, 9-11 

сыныптарда тарихтан оқушыға қойылатын негізгі сұрақтың білім элементтері 

6-7  ден  11-12  дейін  жетеді.  Осы  элементтерді  нақты  10  деп  алсақ,  оқушы 

соның 6-ына толық жауап берсе, 1-деңгей (оқығанын, түсінгенін қайта айтып 

береді), 8-9-ына жауап берсе, 2-деңгей (өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді), 

10 элементті түгел, толық айтса, 3-деңгей (сұрақ, жауабын өзінше пайымдап, 

толық  айтады,  өз  пікірін  білдіреді,  қорытындылар  жасайды).  Ал  4-деңгейге 

жету  үшін  оқушы  жауабы  алғашқы  үш  деңгейлерге  қойылған  талаптарға 

қоса,  өмірден  нақты  мысалдар  келтіре  алуы,  алған  білімін  кез  келген 

жағдайда шығармашылықпен пайдалана, қолдана алуы керек. 

а) Оқушылар білімі алдымен жаңа материалды оқып, үйрену барысында 

тексеріледі.  Мұнда  оқушылардың  негізгі  тірек  фактілерді,  ұғымдарды, 

жасалған ғылыми қорытындылар мен тарихи фактілерге берілген бағаларды 

қаншалықты 

түсінгендігі 

анықталады, 

екінші 

жағынан, 



мұғалім 

оқушылармен  әңгімелесіп,  қойған  сұрақтарына  жауап  ала  отырып,  олардың 

бұрын  өтілген,  бүгінгі  материалға  ұқсас  мәселелерді  қаншалықты  есте 

сақтағандығын  да  анықтайды.  Әсіресе  жеке  қайраткерлердің  есімдерін, 

тарихи  атауларды,  ұғымдардың  белгілері  мен  анықтамаларын,  себептік-

салдарлық  байланыстарды,  негізгі  тарихи  даталарды  қаншалықты 

білетіндігін байқайды. 

Өтілген  оқу  материалын  оқушылардың  қаншалықты  меңгергенін 

анықтаудың  тағы  бір  тәсілі  олардың  өздеріне  қорытынды  жасату  немесе 

жасалған  қорытындыларға  баға  бергізу,  тарихи  фактілерге,  жеке 

қайраткерлердің қызметіне өзінің көзқарасын, пікірін білдірту. 

Жаңа  материалды  оқытып-үйрету  барысында  жүргізілген  білім  тексеру 

әрбір жеке мәселені түсіндіріп болғаннан кейін ілеспелі немесс жаңа сабақты 

түгел түсіндіріп болғаннан кейін пысықтау ретінде де ұйымдастырылады. 

Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтап басқа 

формалары (түрлері) 

Тарих пәнінен оқушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан 

әрі  дамыта  түсу,  тәрбиелілігін  жақсарту  мақсатында,  сондай-ақ  олардың 

талап-тілегін  қанағаттандырып,  таным  белсенділігін  арттыра  түсу  үшін 

тарихты  оқытудың  сабақтан  басқа  да  түрлері  қолданылады.  Олар 

дидактикада  ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  дәлелденіп,  мектеп  тәжірибесінде 

көптен  пайдаланылуда.  Бұлардың  қатарына  тарихты  оқытудың  мектептік 



семинары, мектептік лекциясы, лабораториялық-практикалық т.б. формалары 

жатады. 


Біз  бұған  дейінгі  шағын  монография  түріндсгі  әдістемелік 

еңбектерімізде  (194)  Қазақстан  тарихынан  оқытудың  мұндай  түрлеріне 

тоқталған  жоқпыз.  Оның  басты  себебі  ол  кезде  мұғалімдер  мен  оқушылар 

үшін қосымша құралдардың жоқтығы еді. Қазір мұндай құралдар жеткілікті. 

Қазақстан  тарихының  мектептік  себепары.  Әдетте  кейбір  мұғалімдер 

семинарды 

оқытудың 

конференция-сабақ, 

қайталау 

сабақтарымен 

шатастырады,  Ондай  жаңылысуларға  жол  бермеу  үшін  төмендегі 

жағдайларды ескеру керек. 

Семинарды  конференциямен  жаңылыстыру  тәжірибеде  кездесетін 

қателіктердің  бірі.  Ұжымдық  талқылаусыз  семинар  болмайды.  Тағы  бір 

қателік  -  семинарды  қорытынды-қайталау  сабағымен  жаңылыстыру:  онда 

оқушылар  тек  тақырыпта  оқып  үйренген  материалға  ғана  сүйене  отырып 

сөйлейді. 

Үшінші қателік - семинарды лабораториялық-практикалық сабақтармен 

шатастыру.  Осы  жағдайлар  мектептік  семинардың  кейбір  белгілерін  атап 

көрсетуді қажет етеді. 

а) семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңа шыққан әдебиеттерді, 

алғашқы деректерді өздігінен оқып үйренеді; семинарда міндетті түрде жаңа 

материалды да оқып үйрену көзделеді; 

ә) семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау 

жүзеге асады. 

Сонымен  семинардың  алдында  барлық  оқушы  өздігінше  жұмыс 

істеулері  қажет.  Тіпті,  жекелеген  оқушылар  мұғалімнен  ерекше,  жеке 

тапсырмалар  алған  күнде  де,  қалған  оқушыларға  өздігінен  жұмыс  істеуді 

және оны қорытындылауды мақсат етеді. 

Қазақстан тарихынан мектептік семинар 8-11 сыныптарда оқу жылында 

3-4  рет  ұйымдастырылса  жеткілікті.  Алынған  тақырыптың  көлемі  мсн 

мазмұнына қарай бір не екі сағаттық болып ұйымдастырылуы мүмкін. 

Семинардың тақырыбын таңдағанда төмендегілерді ескергсн дұрыс. 

1)

 



Семинар  көбіне  енді  оқытылатын  жаңа  тақырып  бойынша 

ұйымдастырылады,  бірақ  онда  қарастырылатын  бірқатар  мәселелср 

оқушыларға бұрыннан таныс болғаны тиімді. 

2)

 



Алынған  тақырып  білімдік,  тәрбиелік,  оқушылардың  ойлау 

қызметін  дамытушылық  жағынан  маңызды  әрі  қызықтыратын  болуы  тиіс. 

Демек семинардың өтілін жатқап үлкен тақырыптың орта тұсында немесе 

соңғы жағында ұйымдастырылғаны тиімді. 

3)

 

Барлық оқушыда оқулыққа қоса 2-3 қосымша әдебиет болуы керек. 



4)  Оқушыларда 

өздігінше  жұмыс 

істеудің  бірқатар 

біліктері 

қалыптасқан болуы тиіс: қысқаша хабар, баяндама жасау, талқылауға қатысу, 

басқа адамның жауабына пікір айту т.б. 

Қазақстан  тарихынан  мұндай  тақырыптар  жеткілікті.  Мәселен,  қазір  9 

сыныпта  пайдаланылып  жүрген  бағдарлама  бойынша  1837-1847,  1836-1838 

жылдардағы  және  XІX  ғасырдың  50-  жылдарындағы  қазақ  шаруаларының 


патша  өкіметінің  отарлық  саясатына  қарсы  ұлт-азаттық  қозғалыстарына  3 

сағат уақыт бөлінген. Бағдарламаға сәйкес оқулықта да тарихи материал үш 

тақырыпшамен  берілген  (Ж.Қасымбаев.  Қазақстан  тарихы.  9.  Алматы, 

"Рауан",  1998,  бесінші  басылымы,  §9,  §10,  §11).  Осы  үш  тақырыпты 

оқытудың семинар формасымен 2 не 3 сабақта өтуге болады. Әрине алғашы 

сабақ  түгелге  жуық  Кенссары  Қасымұлы  бастаған  қозғалысты  жан-жақты, 

тереңірек  оқытып  үйренуге  арналады,  ал  қалған  екі  тақырыпша  бойынша 

семинар  ұйымдастырылады.  Семинар-алғашқы  тақырыпты  қайталауға  да, 

кейінгі  екі  тақырыпшаны  толық  оқытып  үйретуге  де  мүмкіндік  береді. 

Өйткені, бұл тақырыпшалардың мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрі 

қосымша пайдаланатын әдебиеттер де жеткілікті. 

Семинарды дайындауға және өткізуге төмендегідей әдістемелік талаптар 

қойылады: 

а)  Семинардың  болатыны  3-4  апта  бұрын  оқушыларға  ескертіледі, 

қаралатын  мәселелер,  міндетті  және  қосымша  әдебиеттер  тізімі 

беріледі. Бір сағаттық семинарға 3-4 сұрақ жеткілікті

ә) Оқушылардың  келісімімен  негізгі  және  қосымша  баяндамашылар 

белгіленгені  дұрыс.  Міндетті,  қосымша  әдебиеттерді  оқушылардың  бәрі 

оқиды, оған қоса шағын кітапша не бір-бір мақала оқыса өте жақсы; 

б)  мұғалім  баяндамашыларға  кеңес-консультация  береді,  әдебиеттер 

таңдауына, 

кітапханада 

каталогтар 

мен 


ғылыми, 

мемуарлық 

әдебиеттермен  жұмыс  істеуіне,  үзінділер,  шифрлар,  фактілер,  сөздіктер 

алуына, библиография жасауына көмектеседі; 

в)  мұғалімнің  өзі  де  жақсы  дайындалуы  тиіс.  Семинардың 

мақсатын  дәл  анықтап,  жоспарын  ойланып  жасайды,  уақытты  дұрыс 

пайдалануды  жоспарлайды.  Ұсынылған  әдебиеттердің  бәрін  өзі  оқып 

шығады,  кіріспе,  қорытынды  сөзін,  әр  сұрақ  бойынша  сөйлейтін 

сөздерін күні бұрын ойланады. 

Мектептік  лекция.  9-11  сыныптарда  кейбір  тақырыптарды  лекция  етіп 

өткізуге болды. Ол үшін төмендегідей жағдайлар қажет: 

1)

 



тақырып  көлемді  әрі  күрделі,  қоғамдық  -  саяси  мазмұны  бар, 

құбылыстар  мен  оқиғалардың  заңдылығын  ашып  көрсететін,  жан-жақты, 

терең  ғылыми  талдауды  қажет  ететін  ("30  жылдардағы  Қазақстанның 

қоғамдық-саяси өмірі," 10 сынып; "Тәуелсіз Қазақстанның ішкі жағдайы" - 

1992-1995 ж.ж., 11 сынып т.б.) болуы тиіс

2)

 



бағдарламалық  материалдың  теориялық  жағы  басым  болса  ("ҚР-

ның  келешектегі  қоғамдық-саяси  дамуы",  Н.Ә.Назарбаевтың  "Қазақстан-

2030" еңбегін пайдалана отырып); 

3)

 



жыл  аяғында  өтілген  материалды  қайталау  кезінде,  әсіресе  тарих 

пен  "Адам  және  қоғам"  пәндсрінен  мектеп  бітіретін  сыныпта  шолу 

лекциялар ұйымдастыруға болады. 

Мектеп лекциясына қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар:  

1)  лекция  оқушыларды  пәнге  қызықтыруда,  олардың  саяси-қоғамдық, 

тарихи  білімдсрін  толықтыруда,  дүниеге  ғылыми  көзқарасын,  тарихи 

ойлауын қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Мұның өзі мұғалімге үлкен 


жауапкершілік жүктейді, ол тақырыпты ғылыми жағынан терең білуі, жақсы 

сөйлеуі тиіс; 

Жалпы  білім  беретін  мектепте  Қазақстан  тарихын  оқыту  ерекше 

маңызды.  Өйткені  кез  келген  мемлекеттің  азаматы  өз  елінің,  мемлекетінің, 

сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол 

елге  аты  берілген  халықтың  тарихын  білуге  міндетгі.  Өз  халқының,  елінің 

тарихын,  мәдениетін  сүйе  білмеген  адам,  басқа  халықты,  оның  мәдениетін 

сыйлай  да,  құрметтей  де  алмайды,  оларды  білуге  ұмтылмайды.  Ал  осы 

Республиканың  азаматтарына  Қазақстан  тарихын  жаппай  оқытып  үйрететін 

бірден-бір  оқу  орны  -  жалпы  білім  беретін  мектеп.  Қазақстан  тарихының 

білімдік,  тәрбиелік  міндетін  мектепте  оқытылатын  басқа  пәндердің  бірде-

біреуі атқара алмайды. 

Қазақстан  тарихын  оқытудың  мақсаты  —  оқушыларға  оның  жерін 

ежелгі  заманнан  бастап  осы  күнге  дейін  мекендеп  келген  адамзаттың  жүріп 

өткен  тарихи  жолын,  адамдар  жасаған  құндылықты,  мәдениетті  яғни  олар 

жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. 

Тарих  пәнінің  мұғалімі  Қазақстан  Республикасының  "Білім  туралы" 

Заңындағы:  «...ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға, 

шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамытуға,  адамгершілік 

пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыруға,  азаматтық 

пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, 

мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге, 

республиканың қоғамдық-саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене 

қатысуға,  әлемдік  және  отандық  мәдениеттің  жетістіктеріне  баулуға,  қазақ 

халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен 

дәстүрлерін  зерделеуге,  мемлекеттік,  орыс,  шетел  тілдерін  меңгеруге 

көмектесуі тиіс» - деген міндеттерді орындауға күш салады. 

Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті — жастарды 

адам  баласының  өткен  шындық  тарихымен  таныстыру,  дүниежүзілік 

мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше 

сын  көзімен  талдай  отырып,  келешекті  бағдарлайтын,  шығармашылықпен 

ойлана  отырып,  олардан  дұрыс  қорытынды  жасай  алатын,  тарихи 

деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, 

алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі 

назарда болуы тиіс. 

Жоғарыда  аталған,  халыққа  білім  беру  саласы  алдында  тұрған  жалпы 

міндеттерден  Қазақстан  тарихын  оқытуда  үнемі  ескеріп  отыруды  қажет 

ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: Олар: 

 



саяси  тарихқа,  идеялық  ағымдар  мен  олардың  тарихына,  күресіне, 

сондай-ақ  көрнекті  тарихи  қайраткерлердің  қызметіне,  іс-әрекетіне  көбірек 

орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге, 

соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту; 

 

тарих  ғылымынын  соңғы  жаңалықтарын  үнемі  ескеріп,  олармен 



оқушыларды  мүмкіндігінше  таныстырып  отыру,  белгілі  ғылыми  мәселелер 

бойынша  балама  көзқарастардың  болатындығын  және  оның  қажеттігін 

ескеру,  тарихи  үрдістердің  көпқырлылығын,  көптүрлілігін  нақты 

дәлелдермен көрсету; 

 



Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, 

халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап 

отырған  мемлекеттер  тарихымен,  сондай-ақ  өткен  тарихи  оқиғаларды 

мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру

 

Мәдениет  пен  өнер  тарихына  көбірек  орын  беру  Қазақстан  төл 



мәдениетінің  дамып  өркендеуін,  қазақстанды  мекендеген  басқа  да 

халықтардың  мәдени  жетістіктерін,  халықтар  арасындағы  мәдени 

байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, жетілдіруге тигізген ықпалын 

көрсетуге баса көңіл бөлу; 

 

Кеңес  өкіметі  тұсыңда  Қазақстанда  қол  жеткен  табыстарды, 



сондай-ақ  кездескен  қиындықтарды,  кеткен  кемшіліктер  мен  қателіктерді, 

әсіресе  қазақ  халқына  кездескен  ауыр  қасірет  пен  нәубеттерді,  олардың 

себеп-салдарын  тарихи  шындық  тұрғысынаи  ашып  көрсету,  XX  ғасырдың 

20-30  жылдарыңдағы  идеялық  күресті,  оның  белсенді  қайраткерлерін, 

олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау; 

 



Қазақстан тарихын басқа пәндермен,  курстармен әсіресе  тарихтың 

басқа курстарымсн, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық 

негіздері,  эстетика,  экология,  философия,  экономика  т.б.  байланыстырып 

отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру

—  діннің  тарихын,  оның  адамзат  үшін  атқарған  пайдалы  қызметін, 

сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету 

т.б.  Мұнаң  басқа  да,  әсірссе  бірқатар  нақты  тәрбиелік  міндеттер  жүктеледі. 

Олар арнаулы тарауда баяндалады. 

Қазақстан  тарихын  оқытуға  қойылып  отырған  жоғарыда  аталған 

мақсаттар мен міндеттер бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны 

төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр. 

Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі мектептің 5-9 сыныптарында 

оқытылады,  оған  221  сағат  уақыт  бөлінеді.  Ол  Қазақстан  жеріндегі  адамзат 

тарихын  ежелгі  заманнан  бастап  бүгінгі  күнге  дейін  қамтиды,  демек 

оқушылар біршама жүйелі, аяқталған білім алады. 

Курстын құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. 

Ол  төмендегіше  бөлінген:  5-сыныпта  алғашқы  адамдар  пайда  болған 

кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір 

қамтылады; 6-сыныпта — тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан 

бастап  б.з.  V  ғасырына  дейінгі  аралық  қамтылады.  Бұл  екі  сыныпта  тарих 

пәнін  оқытуға  34  сағаттан  уақыт  бөлінеді.  7-сыныпта  —  орта  ғасырлардағы 

Қазақстан тарихы (б.з. Ү-ХҮІІІ ғ.ғ.), 8-сыныпта — жаңа замандағы Қазақстан 

тарихы  (ХҮІІІ-ХХ  ғасырдын  1914  жылына  дейін),  9-сыныпта  —  қазіргі 

заманғы  Қазақстан  тарихы  (XX  ғ.  1914-2000  жыл)  оқытылады.  Соңғы  үш 

сыныптан  бұл  курсты  оқытуға  51  сағаттан  уақыт  курсын  қатар  оқыту  және 

басқа сабақтарда тарих пәнінің жүйелі курсын оқуға қажетгі біраз дайындық 



алады  және  Қазақстан  тарихының  бірқатар  фактілерін,  оқиғаларын 

баяндайтын әңгімелермен танысады. 

Бағдарламаны  құрастырушы  авторлар  5-сыныпта  тарихының  жүйелі 

курсын  бірден  дайындықсыз  оқытудың  оқушылар  үшін  белгілі  дәрежеде 

қиындық  туғызатынын  ескере  отырып,  осы  сыныпта  тарихты  оқытуға 

бөлінген уақытгың тең жартысын "Тарихқа кіріспе — тарихқа саяхат" деген 

бөлімге  арнауды  ұсынады.  Оның  сабақтарында  оқушылар  бастауыш 

мектепте алған тарихи білімдерін одан әрі жалғастыра отырып, тарих қандай 

ғылым,  менің  әулетім,  біздің  өлке,  тарихтағы  уақыт  өлшемі,  менің  Отаным, 

картадағы  тарих  т.б.  сондай-ақ  тарихтың  қосымша  дерек  көздері  — 

топопимика, архитектуралық ескерткіштер. 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет