Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.
Тарих сабағына қойылатын негізгі талаптардың бірі?
2.
Сабақ жоспарын қалай жасаймыз?
3.
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю.К.Бабанский қалай
жүйелеген?
4. Басты тарихи дерекке нені жатқызамыз?
Тақырып№4: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдерін
көрсету
1.
Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Оқытудың «әдісі» мен «тәсілдер»
ұғымдарының қатынастылығы
2.
Тарихты оқыту үрдісіндегі әдістер мен тәсәлдердің танымдық,
тәрбиеләк, дамытушылық ролі
3.
Тарихты оқыту әдістерінің жіктелуі
Оқыту әдістері дегеніміз - оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің
өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың
тәсілдері. Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс
дегеніміз - мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке
жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. Әдістер қалай оқыту
керек деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет-
жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің
субъектісі де, объектісі де оқушының өзі.
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. Әдетте
мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал
жеке оқыту әдісі таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе
зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы
педагогикалық-психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен,
тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес
өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданылады.
Әдістерді топтастырғанда бірнеше негіз басшылыққа алынады.
Мысалы: 60 жылдары логикалық ойлау операциялары негіздерінде
индуктивті, аналитикалық әдістер, дидактикалық мақсатта материалды оқып-
үйрену, бекіту, алған білімді тексеру әдістері орын алды. Ғалымдар мен
әдіскерлер білім көзіне (сөздік, көрнекі, практикалық және оқушылардың
танымдық әрекетінің дербестік деңгейіне қарай әдістерді топтастыруға
ерекше ден қояды. Танымал дидактиктер М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер
оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің
үнемі артып отыратындығын ескеріп, оқыту әдістерін топтасырудың
мынадай әмбебап жүйесін жасады. Оларды салыстыра талдап көрейік.
Оқыту әдістері
М. Н. Скаткин бойынша
И. Я. Лернер бойынша
ақпараттық-нұсқаулық
түсіндірмелі-безендіру
қайта жасау әдісі
қайта жасаушы әдіс
өзекті мәселені мазмұндау
өзекті мәселені мазмұндау
эвристикалық
ішінара ізденушілік
зерттеушілік
зерттеушілік
Қайта жасаушы әдістер дайын білімді мұғалімнің мазмұндауы және
оқушының игеруімен байланыстырылады. Жоғарыдағы кестеде келтірілген
алғашқы екі әдіс осы топқа жатады. Басқа әдістер — өнімдік әдістерді
құрайды. Олар үш бағыттан тұратын оқушылардың дербес ізденушілік
әрекеттерімен байланысты: 1) ізденуге танымдық және практикалық
тапсырмалар мен міндеттерді қосу (құжаттармен, тарихи карталармен,
атистикалық мәліметтермен жұмыс, археологиялық қазбаларға ығысу), 2)
мұғалімнің нақты жағдайды дәлелдеу және мазмұндауда таным
процесіне
жол ашу, 3) мұғалімнің басшылығымен оқушылардың тұтас зерттеу
жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру (талдау және деректерді жинақтау
негізінде құжаттарды, ғылыми әдебиеттерді зерттеу).
Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер
Сабақтағы жанды сөз монологтық (тарихи материалды мұғалім немесе
оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді.
Тарихты оқытуда мұғалімнің ауызекі сөзі жетекші рол атқарады. Оның
көмегімен оқушыларға тарихи білім беріледі және олардың танымдық
әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөз — адамзаттың жүйеленген және
жинақталған тәжірибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалімнің
жанды сөзі оқу процесіне ғылымның соны жаңалықтарын, қазіргі күннің
мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Ауызекі сөз ең бастапқы білім
көп бола тұрып, басқа да білім көздерін қолдануға көмектеседі.
Тарих сабағындағы мұғалім сөзі біріншіден, ақпараттық қызмет
атқарып, өткен кезбен бүгінгі күннің тұтас болмысын жаңғыртады.
Екіншіден, қисынды қызмет атқарып, оқушылардың санасына адамзат
ойының ақиқатқа ұмтылған дәлелдік қуатын сіңіреді. Үшіншіден, тәрбиелік
қызмет: атқарады.
Сөз - ең көне қатынас құралы. Социолог Вильбур Шраммның зерттеуі
бойынша адамның ауызекі сөзден жазуға көшуіне 500 млн. жыл керек болса,
қолжазбадан баспа жазуға дейін 5 мың жыл, ал баспа жазудан теледидарға
дейін 500 жыл қажет болды. Ал теледидар мүмкіншілігі бар ұрпақ өмірінің
ішінде компьютер жетістігіне ұласты. Осылайша сөздің қатынас құралы
ретіндегі маңызы артып, ол жаңа қасиеттермен танылуда.
Сөз ауызша сөзге де, жазба мәтінге де қажет болғандықтан сөздік әдіс
ол ауызша және сөздік-баспалық болып екіге бөлінеді. Сөздік әдіс оқушы
мен мұғалім бірлесе жұмыс жүргізіп, бір-бірімен сөздің көмегімен
байланысқанда, ал сөздік-баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде
қолданылады.
Оқытудың көрнекі әдістері де сөзбен тығыз байланысты. Көрнекілік
әдістер сұлбалар, кестелерді, тарихи карталар мен картиналарды, тақта мен
борды, экрандық құралдарды қолдануды қажет етеді. Бұл әдіс қандай
тәсілдерді қолданғанда да бірнеше элементтерден құралады. Мысалы, тарихи
картинаны пайдаланғанда мәселе қою, оның мазмұнын оқушылардың
талдауы және талқылауы, қорытынды әңгіме жүргізу сияқты бөлімдерден
тұрады.
Практикалық, әдістер оқу пәні әрекетінің ерекшеліктерінен туындайды.
Тарихты оқытуда бұл макет, үлгі жасап, сұлбалар дайындауда қолданылады.
Осылайша, оқытудың барлық әдістерінде сөз қолданылса, ол таза
күйіңде тек сөздік әдістерде пайдаланылада. Басқа әдістерде сөз тиісті оқу
құралдарымен бірге - жазба дерек көзі, оқу және көрнекі құралдармен аралас
қолданылады.
Тәсілдердің көп түрлілігі
Тәсілдер әрекет түрі ретінде. Әдістердің құрамды бөлігінің бірі -
оқушылар мен мұғалімдердің әрекетінің тәсілдері. Әдістемелік тәсілдер
оқыту тәсілдерінің жиынтығы, яғни мұғалім әрекетінің тәсілі және соған
сәйкес оқушы әрекеті тәсілдерінің жиынтығы.
Тәсіл ұғымы ретінде сөздік немесе жазба-кескіндемелік әрекет
түсіндіріледі. Тәсілді көруге немесе естуге болады. Сонымен, әдістемелік
тәсілдер дегеніміз — нақты міңдетті шешуге бағытталған әрекет. Бұл
тәсілдер нақты нәтижеге жету үшін орындалады және ол бірнеше
әрекеттердің тізбесінен тұрады. Оқу жұмысының тәсілдері мұғалім
әрекетінің тәсілдеріне тәуелді, өйткені бастамашылық бұл жерде мұғалімнің
қолында.
Жазба-кескіндемелік тәсілдерге мыналар жатады: оқиғалардың
күнтізбесін жасау, таблица, жаңа сөздер сөздігі, жоспарлар, логикалық
сұлбалар, сурет салу, кескін карта толтыру. Сол сияқты оқулықпен, түрлі
сөздік-баспалық мәтінімен жұмыс жүргізудің де тәсілдері бар. Мысалы:
оқушылар хрестоматия, Оқулықтағы құжаттарды талдайды, синхрондық
кесте жасайды.
Бір мемлекеттің дамуының барлық кезеңдері туралы түсінік
қалыптастыру үшін мұғалім хронологиялық бірізділікпен маңызды
оқиғаларды негізгі даталармен бірге кестеге тізуге тапсырма береді. Сондай
синхронды кестені "Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірі мен
шығармашылығы" деген тақырыпта түзуге болады.
Жылдар
Леонардо до Винчи
Микеланджело
Рафаэль
1450
1460
1480
1452 ж. дүниеге келді
Верокинодағы шеберхана
"Гүл ұстаған Мадонна"
Миланға кету
1475 ж. дүниеге
келді
Гирландайодағы
шеберхана
1483 ж.
дүниеге келді
Сондай үлгімен синхронды кестелерді жекелеген елдердің тарихи даму
жағдайына байланысты түзуге де болады. Сол сияқты жеке мемлекеттік
немесе тарихи тұлғаның хронологиясын жасау тарихи ұғымдарды, түсініктер
мен деректерді уақыт шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларға осындай үлгідегі кестелер түзудің әдістерін,
тәсілдерін меңгерту арқылы олардың алған тарихи білімдерін жүйелеп,
салыстыру және дербес қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруды
мақсат етіп қоюы тиіс.
Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көптігі мұғалімге оларды
пайдалануда кең мүмкіндік берумен бірге әр тәсілді парасаттылықпен
орынды қолдануды талап етеді. Ойластырылмай, пайдаланылған оқыту мен
тәрбиенің әдіс, тәсілдері оқушының дүниетанымының, көзқарасының
қалыптасуына нұқсан келтіреді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.
Оқытудың қандай әдістері бар?
2.
Оқыту әдістеріне бірнеше тұжырым жасаған ғалымдар?
3.
Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс
дегеніміз?
4.
Сабақты қандай тәсілдермен өтуге болады?
Тақырып№5: Тарих қайнар көздері және деректерімен жұмыс тәсілдері
Дәріс мақсаты: Тарих қайнар көздері және деректерімен жұмыс тәсілдерін
анықтау
1.
Тарих қайнар көздері мен деректерін іріктеудің дидактикалық
негіздері
2.
Хрестоматиялар тарих деректерінің жинағы ретінде және оларды оқу
үрдісінде қолдану
3.
Тарихи деректермен жұмыс жасаудың тәсілдері
Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи
дереккөздеріне адам қолымен жасалған - оның қоршаған ортамен
байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба
ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба
ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.
Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М.М.Стасюлевич 1863 жылы
оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей
тарихи дерек көздерімен (құжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін
айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жұмыс істеуге негізделген
практикалық әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады. Осы әдістемеге
негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуыңдағы орта ғасырлар тарихы"
деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.
Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М.Н.Коваленский, А.Ф.Гартвич,
Н.А.Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне
негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.
Дегенмен,
көптеген
әдіскерлер
мектептегі
оқуды
бірыңғай
құжаттармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың
пікірінше, тарихи құжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім
әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретінде қолдану тиімді болмақ. Құжаттар
оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін
арттырады.
Құжаттың атқаратын роліне қарай оның сабақта қолданатын орны
белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғанда құжатты оқып-үйрену
оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану
әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң
барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.
Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжаттың
сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқыудың көрнекілік қағидасы іске
асады. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған
тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры - ол тарихи
материалды нақтыландырып, өткен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін
көз алдына келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Кадырғали
Қосымұлының "Жамиғ-ат Тауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға
келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-
салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.
Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау
процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі және тарихи
санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс
істеу дағдылары қалыптасады құжатты оқу, талдау және қажетті ақпаратты
теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау.
Оқушылар сабақ барысында құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын
танып, олардан бір кездері өмір сүрген адамдардың ізін аңдай алады.
Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабаққа таңдап алудың
өлшемдері. Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды топтастыру тәсілі
тарих ғылымында қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда
оңай. Ол құжат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық
құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші — баяндау-суреттеу
құжаттары: екінші өз кезінде практикалық маңызы болған актылық
сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал
көркемсөз ескерткіштері құжаттардың қосымша тобын құрайды.
Актылық құжаттар — заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық
құжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық
және тергеу құжаттары, бағдарламлар, сөздер). Баяндау-суреттеу
құжаттары- жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын
құрайды. Көркемсөз ескерткіштері- ежелгі және ортағасырлар тарихындағы
халықтың ауыз екі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,
жоқтау жырлары, эпос).
Сабақта қолдану үшін, ғалымдардың пікірі бойынша, құжаттар
мынадай болуы керек:
- тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы;
- сол дәуірдің негізгі, барынша тұрпаттық деректері мен оқиғаларын
қамтуы тиіс;
- бағдарламалық материалмен тығыз байланыста болып, тарихи
білімінің өзектілігін арттыруға ықпал жасауы керек;
- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи
құбылыс, оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап тереңдететіндей
құжат мазмұнында тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға
белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс.
Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы
Құжатты оқып-үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды
оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса
мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме
жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз
әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін құжаттан үзінділер пайдаланады.
Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып,
тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.
Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық
мүмкіндігіне және дайыңдық деңгейіне қарай күрделене береді. 5-6
сыныптарда баяндау-суреттеу сипатындағы қарапайым материалдар
пайдаланылады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда
талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі;
9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады.
Құжаттармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден тұрады:
1) мұғалім құжатты талдаудың үлгісін береді;
2) оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды;
3) мұғалімнің жетекшілігімен жеке, дербес жұмыс жүргізеді;
4) құжатты өз бетінше сыныпта және үйде оқып үйренеді.
Мұғалім сыныпта оқушыларды құжатпен таныстырып, тапсырманың
мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде құжат негізінде қысқа
хабарлама, суреттеме дайындап, оқулықтың мәтіні, безендіру бойынша
шығармашылық мазмұңдама дайындайды. Әрине, дербес жұмыс жасау үшін
құжат барлық оқушыға жеткілікті болуы керек.
Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңгеруді талап
етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар құру; құжатты
дербес талдап, ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын
ұқсас құжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы
дағдылардың барысында оқушыларға құжаттағы қисындық түйінді, негізгі
идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім
оқушыларға "бұл туралы құжатта не жазылғанын оқындар", "құжат мәтіні
негізінде... дәлелде", "өз пікіріңді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда
тапсырма береді.
Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы
күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға
тура келеді. Ол тапсырмалар мына мазмұнда болуы мүмкін:
құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін танда; өз таңдауыңды
негізде;
оқып үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта;
оқиғаның іске асуына қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама
негіз болды;
жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мәліметтерді таңдап ал;
саяси және мемлекеттік қайраткерлерге мінездеме бер; түпдерек
бойынша хабарлама дайында;
оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге
қалай көмектескенін ойлап көр.
Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала
електен өткізіп, педагогикалық екшеу жасайды. Ол меғұрлым екшелген
сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі.
Педагогикалық екшеу дегеніміз — сабаққа пайдаланатын құжаттың
мазмұнын таңдау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім құжат
авторының стилін өзгертпей-ақ құжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі
мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп,
құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.
Жинақталған өлкетану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын
іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына
болады.
Сабақтың
Жергілікті
Жергілікті
Жергілікті
Оқушыларға
тақырыбы,
материалды материалдың
материалды арналған
рет саны
қолдану
қысқаша
пайдалану
әдебиеттер
мақсаты
мазмұны
тәсілі
Түркістан-
Қалалардың Түркістан
Оқушының "Түркістан
Қазақ хан-
ролінің
қаласының
қала туралы тарихы мен
дығының
артуын
сауда, қоленер
буклет,
мәдениеті".
астанасы
нақтылау,
діни орталық-
хабарлама,
Түркістан,
өлкетану
тан саяси
баяндама
2000 ж.
дерепмен
бекіту
орталыққа
айналуы
дайыңдауы. "Мұра"
Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша
сипаттама береді; құжат қайда, қашан, қандай мақсатта, кім жазды; бұл
құжаттан оқушылар не біледі?
Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында
"Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын зандар
жинағы болғандығын хабарлап, ол зандарда меншік түрлері, қылмыс
деңгейлері, оларға салынатын қүн өлшемдері жазылғандығын баяндайды.
Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінін талдауға кіріседі. 1) Мәтін
бойынша ауызша дәлелдеу. 2) Құн өлшемдерін анықтау. 3) Құжаттың
жекелеген тармақтарын бөліп алу. 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға
көмектесетін сұрақтар түзу.
Оқушылар құжатты жеке бөліктер бойынша оқиды, ал мұғалім
жекелеген
сөйлемдерді
түсіндіріп,
құжат
мазмұнын
қаншалықты
меңгергендігін анықтау үшін "Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына
сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап
оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы
толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы
негізделуі тиіс.
Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек
пен әдеби шығарманың арасыңдағы айырмашылық туралы ұғымдар
қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде
олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді.
Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялық байланысты,
тақырыпқа қатысты оқушылардың отбасы тарихының құжаттары ретіңде
отбасы мүшелерінің жазбаларын, фото суреттерін де қолдану тиімді. Бұған
қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX
ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өмірінде",
"Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары".
Құжаттың көрнекілігі оның мазмұнын көрнекілік қағидасымен
ұштастырғанда тиімді бола түседі.
Құжатты талдау нәтижесінде оқушылардың санасында тарихи ұғымдар
қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түрінде емес, оқушылардың
логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені
кұжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылық
айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға
көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды
салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен
таныса алады.
Құжаттарды оқу материалында орын алған қайшылықтарды шешуге де
тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге
берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі.
Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай:
құжатты талдау одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, рөлдік
ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау
мен карта; заңдық құжат пен күнделік жазбасы; жеке тұлғаның естелігі,
хаттары мен портреті деп жұптаған орынды.
Оқушылар
құжат
бойынша
сұрақтар
дайындап,
сөзжұмбақ
құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайындайды. Талқылап, талдап,
толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін
оқушыларға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен
қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұрақты болмақ.
Мұғалімнің құжаттарды таңдауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі.
Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі - құжаттар,
оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиетгердің үзіңділерін құрайды,
ал үішіншілері - көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады.
Сабақтың мақсатына қарай мұғалім аталған хрестоматиялардың бірін
таңдайды.
Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау
Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады.
Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың
ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет
пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады.
Мұғалім сабақтағы қысқаша кірісіне сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс
жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжаттың жасалған уақыты,
мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты айтылады. Одан әрі еңбектің
құрышымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға
баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы кезде бүкіл сынып ғылыми
еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды.
Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер
түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігімен оқуына беріледі. Олар мәтіннен
негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады.
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар
жасауға, одан әрі еңбектің қисындық күретамыры — тезис жасауға
ауысады. Тезис — дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме
жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі
басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес
жағдайда еңбектің тезисін дайындайды. Бір құжаттың негізінде олар тезис
дайындап, конспект жасауға үйренеді.
Конспектілеу- мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп
жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай
тезиске
айналып,
сонымен
деректер
және
үлгілермен
қалай
толықтырылғанын (конспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу
арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі
мынадай:
1. Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын қүру. 2.
Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-
жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету. 3. Ғылыми
еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс. 4.
Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы
тиіс. 5. Конспектілегенде цитата қолданылуы керек. 6. Конспектілеу
барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект
бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагмент түрінде
конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға
баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді
Достарыңызбен бөлісу: |