Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы: • сабақтың мақсатын ңою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бүрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
• бүрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оңушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жүмыстарын жүргізу;
• үлгі, алгоритмге, нүсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны үқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. 1. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
Оқытатын пәннің оқу бағдарламасын, оқу материалын жақсы білу.
бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оңып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсаң, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
техникалық оқыту құралдарын тексеру;
мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
сабақта орындалатын өздік жүмыстардың көлемін және түрін аныңтау;
білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеп, оны орындау әдістемесін табу;
сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.