«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет33/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Сабаққа дайындалу - нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар:

  1. диагностикалық,

  2. болжау,

  3. жобалау (жоспарлау).

Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдың еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге қажетті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкіндіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уаңытты мұңият талдайды.
Жобалау - бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді.
Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пән аралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.
2. Сабаққа дайындық мазмұны:
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формаларының бірлігі мен байланысының көрінісі, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Онда әр тақырыпқа бөлінген сағат саны, сабақ түрі, күні, пән аралық байланыс, тақырыптың қысқаша мазмұны, оқушы жұмысының түрі, қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет