«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет36/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Оқушымен жеке жұмыс.
Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындаи алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.

  1. Сабақты бағалау критериясы.

Сабақ тиімділігі мен сапасы мұғалімнің өзінің жетістігі мен кемшілігін талдауды білуге байланысты. Сондықтан педагогтың шығармашылық тиімділігінің негізгі элементі – талдау болып табылады. Талдауды сабақ аяқталғаннан соң жүргізеді.
Өз-өзіне талдау жасау – жоспар негізінде жүргізіледі, онда мұғалім осы сабақта алдына қойған мақсатына жетті ма сол мәселелерге байланысты жалпы өз әрекетіне баға береді. Сабақты талдаудың көп түрі бар. Мысалы, Т.А. Ильинаның сабақ талдау үлгісі.

  1. Сабақтың жалпы құрылымы

  2. Сабақтың дидактикалық мақсатының орындалуы

  3. Оқыту кезінде оқушыларды дамытудың іске асырылуы

  4. Сабақтың тәрбиелік мәні

  5. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының сақталуы

  6. Оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау

  7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы (оқушымен байланыс техникасы, тактісі, конспектіні пайдалану, пед. әдібі т.б.)

  8. сабақтағы оқушының жұмысы

  9. Сабақтың санитарлық-гигиеналық нормаларын тексеру

  10. Арнайы тапсырмалар (зерттеу жұмыстары, пән аралық байланыс т.б.

Сабақты талдаудың мақсаты:
- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын баңылау.
• Мүғалімге нүсңаулар беру.
• Педагогикалың шеберлікке жетуге көмектесу.
• Мүғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.
• Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
• Жақсы: Мұғалімнің сабаң мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншыльщтарды жеңуі.
• Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арңылы тақырыпты меңгертуі.
• Орташа: Оңушылардың білімін және іскерліктерін анық-тауы және тақырыпты сабақ маңсатына сәйкес ашуы.
•Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты сүрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс-, әрекеті аз, белсенділіктері төмен.
Әр сабақты уақытында талдау болашақ жаңа сабақты дұрыс құрып, ұйымдастыруға ықпал етеді. А.В. Сухомлинский. «Сабақта мұғалім оқушыларға білім әлемін ашып қана қоймайды, өзін көрсетеді де,»- дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет