Сабақ-ойталастар.Пікірталас.Жоғарғы буын оқушыларымен мұғалім ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы деген тақырыпта ойталас- сабақ дайындап, өткізе алады. Онда мұғалім Қазақстанда саяси қозғалыстардың дамуына кімдердің ықпалы күшті болады: ұлттық демократтар ма, әлде социал- демократтар ма? Өз жауабынды негізде деген мәселені алға тартады.
Ойталастың алдында оқушылар оны жүргізудің тәртібімен танысады. Ол тәртіптің негізгілері мынадай: ең басты нені дәлелдейтініңді біл; ең мықты дәлел нақты дерек; қисынды және сабақтастықпен сөйле; өзің жақсы білетініңді ғана айт; қарсыласыңды құрметте және оның ойын бұрмалама; өзіңе және дауыс көтерме.
Пікірталасқаоқушылар үйде алдын- ала дайындалады. Олар теориялық тұжырымды қалай теріске шығаруын немесе белгілі бір ұстанымды қорғай отырып, оқушылар дауысын, мимикасын, жүріс- тұрысын құбылтып, тұлғаның кейпіне енуге тырысады.
Пікірталастағы мұғалімнің рөлі пікірталасты ұйымдастырып, оны бағыттап, өз пікірін күтеп таңбай, оқушылардың еркін пікір айтып, қорытынды жасауына жағдай туғызу болмақ. Ал оқушылар пікірталас барысында тарихшылардың еңбегімен танысып, қажетті дәйексөздер жинақтап, дерексөздерін зерттейді.
Баламалы жағдай. Ойталас- сабақта нақты өмір сүріп тұрған тарихи шындыққа баламалы жағдайды үлгілеуге және оны талқылауға болады. Баламалы жағдайға талдау жасауда оқушылар мынандай жаднаманы пайдаланады.
1) ұсынылған әрбір дамуы жолының мәнін анықта;
2) олардың тарихи шарттылығын айқында;
3) оларға өз көзқарасыңды анықта;
4) таңдалған даму жолының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндір;
5) жоққа шығарған таңдауды бағала;
6) жасалған таңдауды бағала.
«Қазақ жеріні» Ресей қол астына өте бастаудың тақырыбында баламалы жағдай тәсілін қолдануға болады. Бұл сабақта Ресейге қосылу жөнінде екі түрлі қарама- қарсы көзқарасты ұстанған Әбілхайыр хан мен Барақ сұлтан бастаған екі саяси күш- сынып оқушыларының екі командасын құрайды. Олар өз көзқарастарын дәлелдеу үшін ғылыми деректерге, батыл болжамдарға жүгінеді.
Пікірталаспен бірге диспут- диалог түріндегі тәсілді қолданудың дидактикалық жемісі мол. Бұл тәсілде тарихи тұлғалардың ойталас-диалогы көрініс табады. Мысалы, М. Шоқай- А.Ф. Керенский, А. Байтұрсынов- В.И.Ленин, Ә. Бөкейхан- Ә. Жангелдин, Т. Рысқұлов- И. В. Сталин арасындағы ойталас- диалогтар.