Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір


Адамның жасындағы өзгеріске қарап ес өзгерісі



бет35/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Адамның жасындағы өзгеріске қарап ес өзгерісі. Бастапқы кезде нәрсені еске шабан алып, тез ұмытады. Естің аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқанда адам бір нәрсені білуге, бар білгенін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15 арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп аталады. Бұл жасында бала өмірлік білім даярлайды. Яғни бұл жаста баланың міндеті ой жүргізіп білімді іске асыру емес, білімді молайта беру, даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру. Ал енді жігіттік жасында адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен тереңдетуге ұмтылады. Жігіттіктен соңғы кекселік шағында адам ойын белгілі бір бетке салып, өзінің ұстаған жолына қатынасы бар нәрселерді ғана еске алатын болады. Ал енді шалдық шағында адамның есі бірте-бірте сөне бастайды. Бір нәрсені тез еске алмайтын, алса, тез ұмытып қалатын болады. Шалдық шағында адамның жас күніндегі естері көзге елестей береді. Шалдардың жастық шағын кеңес қыла беретіңдері сол. «Балаларым, тегі, мен қартайсам керек, жастықтағы істерімді көп айта беретін болдым-ау!» – депті Абылай хан.


Қиял
Қиял ұғымы. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады.
Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял қылу, жеті басты адам яғни жалмауыз болады деп қиял қылу сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған суреттеулерден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр заттардың түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес.
Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы суреттеулерді біз билемей, суреттеулер бізді билеп алып кетсе, яғни жанымыздағы суреттеулерден жаңа бір суреттеу жасаймыз деп өзіміз қайрат жұмсамай, бар суреттеулерден жаңа суреттеулер өздері жасала берсе, міне, жанның осы ісі яғни бұрынғы суреттеулерден жаңа суреттеудің өз еркімен жасалуы еріксіз қиял, бос қиял яки мечта деп аталады. Ояу отырып берекесіз бос қиялға батып отыру, яки ұйықтап жатқанда түс көру сықылды. Ал енді жанымызда бар суреттеулерден жаңа суреттеулерді қайрат жұмсап, өзіміз тілеп жасау ерікті қиял, берекелі қиял яки фантазия деп аталады. Мысал үшін Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» алайық. Дәл романда суреттелгендей Жамал деген қыз қазақта болған емес. Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... деген қазақтың қыздары бар. Осы – сүйгенімен қосыла алмай, қосылса, бақытты өмір сүре алмай, сар даланы көз жасымен көл қылатын қазақтың сорлы қыздарын оймен бірге жинасаң, солардың бәрінен сорлы, бәрінен бақытсыз Сәрсенбайдың Жамалы келіп шығады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан бар суреттеулерден, яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... суреттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал суретін қайрат жұмсап өзі тілеп жасап отыр.
Фантазия төмендегі жолдармен жасалады:
1) Заттардың өздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту яки кішірейтумен. Мысалы, біз бойы бір тұтам ергежейлі деген адам болады екен деп, төбесі көкке тиіп жүретін алып болады екен деп қиял қыламыз.
2) Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мысалы, адам басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жануар болады-мыс деп қиял қылу сықылды.
3) Реті келгеңде өздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен. Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбалалардың мінезін һәм олардың тұрмысындағы болған көріністерді, уақиғаларды Жамалға жинап отыр. Міржақып қолдан жасамай-ақ, сондай мінезді, сондай тұрмысты Жамал деген қыздың шынында болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет