Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір


Адам өмірі үшін фантазияның керектігі



бет36/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Адам өмірі үшін фантазияның керектігі. Фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңітеді. Фантазиясыз жаңадан бір нәрсені ойлап табуға мүмкін емес, фантазия құлықты түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына өзімізді қойып, құлықсыздықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезімін тереңдетеді. Біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы ғана ләззат ала аламыз.
Фантазиясыз адам өмірі үнсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, көрікті қылатын, бізді арсыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол фантазия. Осы фантазияны қазақтың ең терең сыршыл ақыны Шәңгерей Бөкеев мынадай деп суреттейді:
Таудағы тас ұядан,
Лашындай сарыққан қиядан
Шалқып сөзім шығады,
Ойласам пікір-қиялдан.
Аспалап қиял кетеді,
Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп,
Көк капусын ашады,
Жарығына алданып,
Дидарға қадам басады...


Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолдары.
Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір суреттеулерден жаңа суреттеу жасау дедік. Бұдан көрінеді: қиял терең һәм бай болу үшін жанды суреттеулер көп болу керек екен. Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болсын десек, оның білімді болуына ыждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен көзбе-көз таныссын. Оның есінде, жанында көп білім болсын, жан-жануардың тұрмысын бақыласын. Жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм бай болмақ.
Қиялды өркендетудің екінші жолы – баланы қиялды аса керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды.
Сөз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бір-екі сөз айтып өтейік. Жаратылыстың құшағында, меруерт секілденген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып, өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, әлі тағы, әлі бала. Біз күндер, жылдар өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.
Тағы бір сөз. Орыс учительдерінің аузыңда және солардан сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сөз бар – қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды, бәлки математика, есеп пәніне зерек болады деген. Мен бұл пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақ баласы математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Ал енді орыс школасында оқыған қазақ баласының математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды ғылымдарды сөйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң бейшара қазақ баласы тіл керек қылмайтын математиканы, есепті айналдырмағанда қайтсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет