Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір



бет5/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Дене тәрбиесі
Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның кабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі - шын дұрыс мәтел.
Жаңа туған баланы тәрбиелегенде тәрбиеші төмендегі нәрселерді білуге, һәм істеуге тиіс.
Өлшеу. Егерде сау болса, жаңа туған баланың салмағы 8 қадақ шамасында болады. Нашар, ауру бала 6 қадақ шамасында, нағыз сау, таза бала 10-11 қадақ шамасында салмақты болады. Бастапқы 2-4 күн ішінде түрлі себептерден баланың туғандағы салмағынан 1/2 - 3/4 - қадақ шамасында кемиді. Мұнан соң бірте-бірте салмағы арта бастайды. 7-10 күнде туғандағы салмағына қайта түседі. Айдың аяғында, туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту шабандай береді. Екінші жыл бойына бастапқы салмағының 1/5, үшінші жыл бойына 1/10, ал енді төрт жастан онға шейін жылына 4-5 қадақтан артып отырады.
Бала сау болып туды ма, ауру болып туды ма, сау болып өсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма - осыларды дұрыс біліп отыру үшін жоғарғы мөлшер бойынша баланы өлшеп отыру керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң жыл толғанша жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, үшінші жылда айында бір өлшеп отыру мақұл.
“Баламды безбенге сал” деп айттың деп қазақтың ыршып кетуінде сөз бар ма?! Тәрбиенің басқа түрлерін ести келе, адуын әжелер ыршымақ түгіл сөгіп тастар. Әйткенменен, амал қанша, көтерерміз. Мойнымыз жуан болғанмен, өзіміз жуаспыз. Біздің бар тілегіміз ыршыса ыршысын, ұрысса ұрыссын, тек біздің айтқанымызды естісе екен. Қайткенмен де біреу болмаса біреу, жүздерін болмаса да мыңнан біреу осы педагогика көрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз өзімізді ақынның:
Сөзімді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар, – деген сөзімен жұбатамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет