1-семинар
Тарих
Тас дәуірі және көшпелі өркениеттің қалыптасуы
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған
- Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит
Өңдеу
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.
Мезолит
Өңдеу
Мезолит (ортатас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
Неолит
Өңдеу
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
- [ ] Ғалымдардың зерттеу нәтижесінде оңтүстік Қазақстаннан бірталай кейінгі палеолиттік есңерткіштер табылды.Бұл homo sapiens пайда болған дәірде табылғандықтан Қазақстан оның алғашқы қалыптасқан ошағының бірі болып саналады.Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай тұрағы.Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан ірі қырғыштар тастар мен сүнгінің ұштары табылды
Өнері мен діні
Олдувайлық мәдениет
Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («епті адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерінің бәрін қосқаннан да асып түседі.
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чоппингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чоппинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалақ тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппинг те соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді.
Ашельдік мәдениет
Өңдеу
Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чоппингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.
- [ ] Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылады. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.
- [ ] Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжірибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.
- [ ] Неолитте Қазақстан аумағында бұлақтық тұрактар кең тараған, өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.
- [ ] Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.[1]
- [ ] Мәлімет алынды