Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІ (XV ғ. – XVIII ғ. басы)



бет28/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
5 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІ (XV ғ. – XVIII ғ. басы)
5.1 Қазақ Хандығының құрылуы


Қазақ Хандығының құрылуының тарихи алғышарттарын Алтын Орда тағындағы Бердібек ханның дәуірімен байланыстырған жөн болар. Ал оның бастауы - Жошы әулетінен тараған ұрпақтардың билік үстіндегі тартыс еді. 1359 жылы Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда) билеушісі Бердібек қайтыс болғаннан кейін, Жошы ұлы Батый әулетінен ұрпақ қалмады. Осының салдарынан ҰлықҰлыстың тағы үшін ішкі тартыс басталды. Билік тағына күрес ішінде Орда Еженнің ұрпақтары да қатысты. Осы бағытты ұстанып Ұлық Ұлысты біріктіру ниетімен қозғалған Орыс ханның мақсатын, Тоқтамыс қана жүзеге асырды. Ұлық Ұлыстағы аласапыран оқиғасын пайдаланған Рязань және Литов кінәздіктері шекара дауын шешпек болып, екеуі келісіп, Ұлық Ұлыстың территориясын бөліске салуға ұмтылады. Мәскеу - Литовтардың қарамағында қалса, Коломна, Владимир және Муром - Рязаньның қоластында қалады деп серттеседі. Мақсаттарын жүзеге асыру үшін Ұлық Ұлыстың түменбасы Мамайды көмекке шақырады. Келіскен саяси жағдай, «найзаның ұшымен» ғана шешілетін соғыс әрекетін тудырды. Ол соғыс тарихта «Куликово шайқасы» атымен мәлім болды. Ал тарихта қалыптасқан ой-пікір, оны «орыстар мен татарлар» арасындағы соғыс деп баяндап, затындағы оқиғаны бұрмалап жіберді (көптеген себептермен кеңестік тарихнама Еуразия кеңістігіндегі түркі-моңғол дәуіріндегі гегемониялық рөлін бұрмалады және ХХ ғасырдың басында пайда болған «пантюркизм» теориясына қарсы жан-жақты идеямен қаруланған күрес жүргізді). Шыныңда, бұл соғыс орыс пен татар арасындағы қайшылық емес еді. Деректер мен оқиғаны талдаудан өткізген көрнекті ғалым Л.Н.Гумилевтің сараптауы бойынша: «Мәскеу - Алтын Орданың заңды мұрагерлері хандарына серттескен адалдығын бұзбады, Тоқтамыс бастаған легі ішінде орыс әскерлері, еділ және сібір татарлары болды. Мамайдың әскері поляктардан, қырымдықтардан және одақтасы Литва кінәзі Ягайлодан тұрды. «Куликово шайқасын» - татарлар мен орыс арасындағы қанды шайқас болды деп санауға болмайды»,- деген түйін келтіреді. Шындығында, Литов кінәздігі стратегиясын Ұлық Ұлысқа бағыттады, оны бөліске салып гегемониялық рөлін тартып алу еді. Куликово шайқасы – Дмитрий Донской бастаған Сібір және Еділ казактары мен Мамай басқарған Поляк және Литов әскерлері арасындағы шекара дауын шешудегі соғыс болып табылады. Бөліске салған коалиция арасындағы шайқастың орны болып Мәскеуді таңдап алады. Бұл шайқаста Мамай ұтылып, Тоқтамыс жеңеді. Ал құрметтің бәрін тарих ресейге тақты. Бұл кәдуілгі Алтын Орда ішіндегі тартыс еді. Алтын Орданы біріктірген Тоқтамыстың іс-әрекеті ұзаққа созылмады. Темірдің жасаған үш жорығы Жошы ұлысын (Алтын Орданы) түбегейлі шайқалтып жіберді. Қалалар қиратылды, керуен жолы бағытын өзгертті (оңтүстіктегі Темірдің иеліктері арқылы өтетін болды), экономикалық дағдарыс басталды. Осы соққыдан Алтын Орда айыға алмады, ХV ғасырдың бірінші жартысында жеке-жеке хандықтарға ыдырап бөлініп кетті. Алтын Орданың мұрагерлері ретінде – Қырым, Қазан, Астрахан және Өзбек хандықтары құралса, ал оның соңында - Ноғай Ордасы, Қазақ, Сібір, Хиуа хандықтары және Мәскеу (Орыс) мемлекеті құрылды.
Қазақстан тарихы - көшпелі өркениет тип ретіндегі мәдениет ошағы болды десек, төрт мың жыл ішінде төрт кезеңнен өтті. Біріншісінде – доминанта мен лидерлік рөлін атқарды; екінші кезеңіне – жүйелілікті ұйымдастырушы күш пен процестің катализатор рөлін атқаратын сапалық тән болды; үшінші кезеңі (Алтын Орданың ыдырап бөлшектенетін уақытына сәйкес келіп тұр) – дағдарыс пен перифирия заманын кешті; төртінші кезеңінде – көшпелі өркениет мәдениет ретінде ыдырап, модернизация жолына түсті, индустриалды қоғамға бет бұрды.
Үшінші кезеңіне байланысты алтынордалық (кейінгі) аумақта басталған күйзеліс пен сергелдең заманы екі түстік (два полюса) орталықтарын жаратты: солтүстік орталығы Мәскеу болса, оңтүстіктегі орталық Қырым Хандығы болды. Пайда болған екі түстіктің күш - қуатына байланысты магнит тәрізді өзге хандықтардың әулеттілерін қызметке шақырып отырды. Алтын Орданың өкілдеріне Мәскеу мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород, Юрьев-Подольский қалаларын үлестірсе, Ноғай Ордасынан шыққандарға Романов, ал Қазақ, Сібір және Қырым хандықтарынан шыққандарға Мещерский, Касимов қалаларын сыйға тартты. Ал Мәскеу мемлекеті міндетті түрде олардан әскери қызметті өтеу талабын қойды. Орыс мемлекетінің құрылымында атақты түрік мигранттары (қоныс аударғандар) жоғары «чин» лауазымын алып отырды. Әскерімен келген сұлтандардың қосыны «қазақ» деп аталды. Аталған жаппай қозғалыс – осы кезеңге тән құбылыстың бірі еді.
Ұрым және т.б. әлемдік империялар сияқты түрік әлемі уақыт сынағынан өтcе де, оның соңғы шарықтауы - Жошы әулеті құрған Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) болды. Мәдени өрісте этникалық тұтастанудың қалпын сақтай алмай, қоршап тұрған отырықшы империялардың қарсы шабуылынан торға түсіп, «бой көтеру» дәрменінен айырылып қалды. Айтылған себеп пен салдар бір елдің түрлі халықтарға айырылып бөлшектеніп кетуіне ықпал жасады. Осының нәтижесінде қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, қырым татарлары, түрікмендер, қарақалпақтар, ал 1881 жылы қытайға қосылуға мәжбүр болған ұйғырлар мен т.б. түрік тектес халықтар пайда болса да, құндылықтарын толық сақтап қалған дәстүрлі түсініктер ыдырау өрісіне төтеп бере алды. Ортақ түріктік мұра дәстүрлері әрбір түркі тектес халықтың дүниетанымында осы күнге дейін бейнеленеді. Сол себепті, ХV-XVI ғғ. дейінгі қалыптасқан дәстүрлер «Мұрасы», қандай да болмасын түрік халқына ортақ мәдениеті болып саналатыны содан.
Сонымен, жоғарыда келтірілген себептер мен ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр Хандығы, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті және т.б. әулет араларындағы шиеленіскен күрделі саяси оқиғалар мен олардың даму барысы ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ Хандығын дүниеге әкелді. Сондықтан Керей мен Жәнібек сұлтандар негізін қалаған Қазақ Хандығының құрылу сипатын ашу үшін, ХV ғасырдың бірінші жартысындағы «құбылыстар» көтерген мәселелеріне тоқталайық.
«Көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталатын Әбілқайыр Хандығы Дешті Қыпшақтың даласында 1428-1468 жылдары үстемдік құрды. 1446 жылы Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, астанасын Батыс Сібірден Сығанақ қаласына көшіреді. 1449-1451ж.ж. Мәуреннахрда болған саяси дағдарысты пайдаланып, таққа таласқан Темір әулетінің бірі Әбу Саидты қолдап Самарқан тағына отырғызады. Дәл осындай болған Ноғай Ордасындағы оқиғаны да тиімді пайдаланады. Бірақ орнатылған саяси тұрақтылық ұзаққа бармады, ішкі өмірінде бөліну ағымдары туындай бастады. Жошы әулетінен тараған Махмуд және Ахмед сұлтандар оған қарсылық көрсетті. 1457 жылы Сығанақ қаласының түбінде Әбілқайыр хан қалмақтардан (Үз Темір тайшы) жеңіліс табады. Ал ол өз кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлініп, Моғолстанда жеке хандық құруына қолайлы жағдайлар жасады. Әбілқайыр хан өлгеннен кейін де, ұрпақтарының арасында тақ үшін талас пайда болып, мемлекетінің ыдырау процесін тездетті.
ХV ғ. 40-50 ж-да Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы Әбілқайыр Хандығымен салыстырғанда нашарлау болды. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстанның саси өмірі туралы былай дейді: Есен Бұға хан өзінің әмірлеріне дұрыс қарамады...Әрбір моғол әмірі өз қалаулары бойынша күн кешті. Тайпа билеушілері ханға бағынбағанын және тоқтау салатындай ханда күш те жоқ екенін байқадық. Сыртқы саяси жағдайы да мәз болмады. Моғол-қалмақ қатынастары көп жағдайда соғыс пен өзара жорықтармен шектеліп отырды. Қалмақтардың тонаушылық сипаттағы жорықтары елді күйзеліске ұшыратты. Сондықтан да Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне Есен Бұға хан қарсылық білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты қуанады.
ХV ғ. ортасында Мәуреннахрға шығыстан Есен Бұға хан қауіп төндірсе, оңтүстік-батыстан Әзірбайжан мен Иранның солтүстігіндегі билеушісі Қара-Қоюнлу әулетінің ұрпағы Жахан шах та, Ақсақ Темір ұрпақтарынан Хорасан аймағын қайтарып алуды ойластырады. Бірақ Мәуреннахр билеушісі Әбу Саид бұл қатерден оңай құтылады. Себепкер болған Есен Бұға ханның туған ағасы Жүніс сұлтанның Хорасанда болуы еді. Міне, осы Жүніс сұлтанды Әбу Саид хан Есен Бұға ханға қарсы қолданады, ал өзі Хорасаннан Жахан шахты кетіруге барлық күшін жұмсайды. Жүніс сұлтанның Моғолстанға іргелес орнығуына байланысты енді қауіп Есен Бұға ханға төнеді. Енді оған ең басты қауіп қалмақтардан емес, әмірлердің бағынбаушылығынан емес, туған ағасы Жүніс сұлтаннан төнеді. Дәл мұндай жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне өте қолайлы болады.
Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуінен Есен Бұға хан да, екі сұлтан да ұтылмайды. Есен Бұға хан өзінің хандық билігін қайтыс болғанша дейін (1462 жылға) құрды, ал екі сұлтан болса жаңа мемлекеттің – Қазақ Хандығының негізін қалады.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе және Моғолстан мемлекеті мен Әбу Саид мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар Әбілқайыр Хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысы, бәрі ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Қазақ Хандығының құрылуына саяси алғы шарттар әзірлейді. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға көшіп келуін баяндайтын мәліметтер екі шығармада ғана бар: Біріншісі – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі; Екіншісі - Махмуд Ибн Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манасиб ал-ахйар» еңбегі. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Махмуд Ибн Уәли мәліметтерінде Әбу Саид ханның Есен Бұға ханға қарсы Жүніс сұлтанды қолдануы, не себепті Қазақ Хандығының Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болғандығы, алғашқы қазақ ханы кім болғандығы және «қазақ» атауы не үшін Керей мен Жәнібектің соңынан ерген адамдарға қолданғандығы туралы фактілер көп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет