Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер


Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы



бет8/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы.
Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады:

  • эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар;

  • нумизматика – теңгелердегі жазулар;

  • сфрагистика – мөрелердегі жазулар;

  • геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;

  • полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу;

  • папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;

  • текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;

  • дипломатика – заң актілерін зерттеу;

  • хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау;

  • метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;

  • тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу;

  • генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.

Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырды. Дегенмен, арнаулы тарихи пәндердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әлдеқайда шектеулі. Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең.
Қазіргі деректануда екі проблема кешені қаралады:
Теориялық-әдіснамалық мәселелер:

  • тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;

  • тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің ара қатынасы;

  • тарихи деректерді жіктеу;

  • деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет