Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет5/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Сегізінші кезең – XX ғасыр. XIX ғасырда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әр түрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі ыжырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады. Негізгі түйін ойлары Пантюркизм мен Панисламизммен қаруланған Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзінде аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға дейін қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан – КСРО-ның құрамына кірді.
Тоғызыншы кезең – 1980 жылдардың ортасынан басталды. Ол халық рухының бұрқ етіп, сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды. Бірақ онда рухтан гөрі саясат басым болды. 1991 жылы қызыл империя құлады. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті жарияланды.
Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында КСРО-ның ыдырауы тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған мемлекеттердің қайтадан қалпына келуіне ұласты деп көрсетті.
Қазіргі кезеңдегі ұлттық міндеттер ең алдымен ұлттық табиғатты қалыпты жағдайға келтіру болып табылады. «... Даму стратегиясын, ұлттық мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымыз бен мәдениетіміздің өзіндік сипаттарын, этникалық дәстүрімізді, тағы да басқаларды ... қысқартып тұжырымдағанда, өркениеттік-мәдениеттік аямызды түгел ескере отырып, өзіміз сақтауымыз қажет». Президент жаңа жағдайларда «жаңа азаматтық ыңғайлануды», қазақстандық мемлекеттілікпен үйлестіруді жариялады. Басқаша айтқанда ыңғайланудың көп сатылы сипаты ұсынылды, ол өрлеу желісі бойынша (тұлға-әлеуметтік топ-мемлекет) тек ұлттық өркендеуге ғана емес, соныман қатар «... ақпейілділік пен бауырмалдылыққа» жол ашады. Аталмыш қағидат мемлекеттік құрылыста да қаланған. «Қазақстан тұрғындарының ұлттық, діни, географиялық айырмашылықтары, міндетті түрде, мейлінше көп тармақты саяси машинаның қалыптасуын қажетсінеді».
Қазіргі ең басты мәселе – Ел болу. Ел болудың ең басты мәселесі туралы академик М.Қ.Қозыбаев бес проблеманы алға қойды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет