Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет4/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Алтыншы кезең. XV – XVII ғасырлар. Бір текті Ұлық Ұлыс империясы құлап, әр түрлі княздіктер құрылған уақыт. Көшпелілік өркениетінің құлдырау кезеңі. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1465-1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды.
Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырында, «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу», «Қыз-Жібек» және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы түп тамыры ретінде негізге алынды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды.
Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би – Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тарихи құжатты қабылдайды. Бұл киелі «жеті» санын нысаннан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді.
Жетінші кезең. Бұл XVIIІ – XIX ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани көсемдері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет