Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
диалогтық қарым-қатынасын дамыту (С.Джакупов, Х.Т.Шерьязданова, 
Н.Б.Жиенбаева А.А. Бодалев) С.М. Жақыпов қарым-қатынас мәселесін 
зерттеуге пәнаралық негізден, кешенді түрде келу қажеттілігін айтып кеткен. 
Ғалым пайымдауынша, біріккен ой әрекетінің және біріккен диалогты 
танымдық іс-әрекет қалыптасуының негізгі тірегі ортақ мотивтердің және 
дербес 
іс-әрекет 
мақсаттарының 
болуына 
байланыстырса 
[113],
Х.Т. Шерьязданова, А.А. Бодалев қарым-қатынас адамдар арасында байланыс 
орнатып оны дамыту бірлескен іс-әрекет қажеттілігі негізінде туындайтынын 
және қарым-қатынас бірлескен іс-әрекет барысында тұлға қалыптасуына ӛзге 
адамдармен жағымды ӛзара әрекеттесу ерекшеліктері әсер ететіндігін, сонымен 
қатар, қарым-қатынас мазмұнының диалогтық негізі қағидасы екендігін айтып 
ӛткен. Оқу материалы диалог негізіне аударылып, диалог әр тұлға ӛз-ӛзіне 
қойған сұрақтан ӛзге сұрақтар қойылған мезеттен пайда болады. Сол себепті де 
диалогтық қарым- қатынас ӛзіңді ғана емес, ӛзгені де дұрыс түсінуге мүмкіндік 
береді деп ӛз еңбектерінде тұжырымдаған [39, б. 47]. Н.Б.Жиенбаева адамның 
жан-жақты қалыптасуы мен дамуының педагогикалық-психологиялық 
негіздерін, қалыптастыру жолдарын, әрі қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық 
және саяси жағдайлардың қарқынды ӛзгерістері студенттердің педагог 
қызметінде маңызы жоғары болатын тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды 
кӛкейкесті ететіндігін ӛз еңбектерінде кӛрсете білген [40, б . 47].


23 
Осы еңбектерді жан-жақты талдау бізге болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің кәсіби даярлығы мәселесінің жан-жақты қырларының 
зерттелгенімен, олардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру 
мәселесінің арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын және комуникация, 
қарым-қатынас жасау мәселелерінің кеңінен қарастырылғанымен коммуни-
кативтік және креативтілік ұғымдарының бірлікте бір ұғым ретінде
қарастырыла қоймағандығын көрсетті.
Ал енді біздің зерттеуіміздің негізгі категориялары болып табылатын 
«қарым-қатынас», «коммуникация», «креатив» ұғымдары қарастырылған 
еңбектерге талдау жасап кӛрейік.
Жалпыға ортақ ұғымда сӛздіктерде қарым-қатынас дегеніміз - адамдар 
арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс - әрекет қажеттілігі мен 
ақпарат алмасу, ӛзара әрекеттің ортақ стратегияларын қалыптастыру, басқа 
адамды қабылдау мен түсінуді қамтамасыз ететін күрделі кӛп жақты процесс 
[114]. 
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы қызмет саласы және әлеуметтік 
талаптарға сай білім, ой-пікір алмасулар. Қарым-қатынас арқылы адам ӛз 
қызметінің белгілі бір мақсаттарын жүзеге асырады. Қарым-қатынас барысында 
адам ӛз ойын дәлелдей алмаса, ӛзін емес, әріптесінің түсінігі мен қабылдауы 
тӛмен, кінәлауы басым. Сол себепті қарым-қатынас мәдениеті түрлері мен 
тәсілдеріне назар аударып, дамыту бағыттарын ескеру қажет [115]. 
Қарым-қатынастың ақпарат алмасудан іргелі айырмашылығы оларға тән 
ӛзіндік іске асу тәсілдері хабарлама құрылымы монологты түрде, ал қарым-
қатынас құрылымы – сұхбаттық түрінде жүзеге асады. 
С.Джакупов, 
Х.Т.Шерьязданова, 
Н.Б.Жиенбаева, 
Л.Шалабаева
оқушылардың бірімен ӛзара түсінушілік үдерісін диалогтық қарым қатынас 
тұрғысынан қарастырса [116]. Ж.Ы.Намазбаева, Н.Н.Хан жоғары бiлiм беру 
жүйесiндегi оқыту мен тәрбиелеу үдерiсiндегi ынтымақтастықты субъект-
субъектiлiк қарым-қатынас, оқытушы мен бiлiм алушы арасындағы ӛзара 
қарым-қатынас тұрғысынан негіздейді [117, б. 5].
Қазіргі кезде ғылыми зерттеу жұмыстарында қарым-қатынас түсінігіне 
қарағанда, коммуникация ұғымы кеңінен қолданылуда. «Коммуникатив-
тік» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай- қайсысында да оның қарым-
қатынас құралы, сӛйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның ӛзі 
сӛздің, ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың ӛзара 
ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді. Жалпы ортақ 
ұғымда, «коммуникация» - қарым-қатынас, ӛзара байланыс деген ұғымды 
білдіреді [118].
Коммуникация теориясында «коммуникация» термині адами қоғамда 
пайда болатын, кӛп бейнелі байланыстар мен қарым-қатынастың сипат-
тамалары мен белгіленулері үшін пайдаланылады. Коммуникациялық үдерістер 
кез-келген белгілік жүйелер кӛмегімен жүзеге асатын, адамнан адамға 
ақпаратты тасымалдаудағы адамдардың ӛзара әрекеттесуінің арнайы формасы 
қарастырылады. 


24 
Бірақ «коммуникация» терминінің мазмұны мен түсіндермелері түрлі 
ғылым салалары мен бір саланың түрлі бағыттарында сәйкес келмейді, 
сондықтан оны қарым-қатынасқа қатысты қарастыру жіті зерттеуді талап етеді. 
«Коммуникация» термині ғылыми әдебиеттерде XX ғасырдың басында 
пайда болды және кез-келген байланыс нысандарының құралы ретіндегі жалпы 
ғылыми мәнімен қатар қоғамдағы ақпарат алмасу ерекшеліктерімен 
байланысты әлеуметтік мағынаға ие болды. 
Осылайша, философияда коммуникация ретінде адамның адаммен, 
қоғамның қоғаммен, мәдениеттің мәдениетпен байланысының екі формасының 
бірі ретінде анықталады. Бұл ӛз кезегінде субъект-нысан қатынасындағы бір 
бағытты ақпараттық үдерісті кӛрсетеді. 
Психологияда коммуникация қарым-қатынастың құраушысы ретінде 
қарастырылады: Б.Д.Парыгин коммуникация ретінде психологиялық контактіні 
(эмоционалдық әсермен қоса алғандағы), байланысты, ӛзара әрекеттесуші 
индивидтердің хабарламаларын, содан кейін ғана – ақпарат алмасуды (ақпарат 
мағынасын түсіну) атайды [118, б. 74]. Қарым-қатынастың әдіснамалық 
алғышарттары сапасында ғалым әлеуметтік – психологиялық қатынастың 
интеграциялық моделін ұсынады. Ұсынылған модель ӛз кезегінде қарым-
қатынасты ақпарат берудің мазмұны мен мазмұндық, ішкі жағынан психикалық 
күйдің және ақпарат алмасудың ӛзара коммуникативтік үдерісте кӛрініс табуы 
ретінде қарастырылады. Мұндағы, ақпарат алмасу форма тұрғысынан қарым-
қатынастың адамдардың ӛзара әрекеттестігі үдерісінде іске асатын мінез-
құлықтың аспектісі. 
Коммуникация субъекттің қандай да бір нысанмен ақпараттық байла-нысы 
– адаммен, машинамен т.б. Ақпаратты алушы мұндай жағдайда қабылдауға 
(ақпараттық мағынада), дұрыс декодтауға, жақсы меңгеруге және сәйкес іс-
әрекет жасауға тиісті нысан болып табылады. Сондықтан, қабыл-даушының 
адам немесе техникалық құрылғы болуы маңызды емес. Коммуникацияда бір 
бағытты үдеріс іске асырылады және коммуникация теориясының заңына 
сәйкес ақпарат саны жӛнелтушіден алушыға қарай жылжу барысында азаяды 
[119]. 
Коммуникация теориясында «коммуникация» термині адами қоғамда 
пайда болатын, кӛп бейнелі байланыстар мен қарым-қатынастың сипат-
тамалары мен белгіленулері үшін пайдаланылады. Коммуникациялық үдерістер 
кез-келген белгілік жүйелер кӛмегімен жүзеге асатын, адамнан адамға 
ақпаратты тасымалдаудағы адамдардың ӛзара әрекеттесуінің арнайы формасы 
қарастырылады. 
Лингвистикада теориялық деңгейде коммуникациямен сӛйлеу қарым-
қатынасын талдауға басымдық беріледі. 
Психолингвистикада коммуникативтік акті модельдеу іс-әрекеттік тәсіл 
шеңберінде іске асырылады. Іс-әрекет теориясы танымал психологтардың 
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев және т.б еңбектерінде кеңінен қарастырылды 
[120, 121]. Коммуникативтік іс-әрекет әртүрлі іс-әрекет түрлерінің қатарын-
дағы мотивтермен және коммуникацияның пайда болуына себеп болады. Осы 
іс-әрекеттің мақсатымен, байланысты компоненттердің бірі болып табылады. 


25 
Коммуникативтік және ақыл-ой іс-әрекеті ӛзара тәуелді: коммуника-тивтік 
іс-әрекет ақыл-ой іс-әрекетінің шығыс нүктесі немесе нәтижесі ретінде 
кӛрінеді. Бірлескен іс-әрекетте пікірлесушілер ӛзара әрекеттің жалпы 
жоспарын, мақсатын, құралдар мен операцияларда таңдау тұрғысында ӛзара 
ортақ тұжырымға келеді. Бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру іс-әрекетті 
орындаушылардың қарым-қатынасында іске асады. Қарым-қатынас «қам-
тамасыз етуші белсенділік коммуниканттардың ӛзара әрекеттестігін әрі олар-
дың ӛзара ықпалын қамтамасыз етуші белсенділік» ретінде қарастырылады. Бұл 
белсенділіктің субъектісі екінші коммуникант сӛйлеудің пассивті реципиенті 
болатын шарттарда сӛйлеуді іске асыратын адам болып табы-лады. Ол тек қана 
сӛйлеу іс-әрекетінің шарты ғана болады [122].
Психолингвистикадағы 
сӛйлеу 
қарым-қатынасы 
коммуниканттар 
интеракциясы мен сӛйлеу коммуникациясын біріктіретін әлеуметтік ӛзара 
әрекеттестік ретінде түсіндіріледі. Коммуниканттардың қарым – қатынасы 
тілдік және тілдік емес белгілер, іс-әрекет алмасу, еңбек ӛнімін алмасу арқылы 
іске асады. Коммуникация түсінігінің бойынша хабарлама алмасу, реттеушілік 
қарым-қатынас анықталады, коммуникация оны анқтайтын күрделі әрі 
кӛпқырлы компоненттердің бірі болып табылады. Демек, комму-никация 
хабарламаны тасымалдау және осындай тасымалдаудың тәсілдері, яғни 
мәтіннің тілдік және сӛйлеу сипаттамалары. 
Біздің пікірімізше, коммуникативтік акттің психолингвистикалық моделі 
нақтылауды қажет етеді. Іс-әрекет теориясының әлеуметтік ӛзара әрекеттесуі 
мен сӛйлеу коммуникациясына психологиялық талдауды іске асырады.
Коммуникация теориясының жалпы жағдайлары коммуникацияның ішкі 
механизмдерін түсіндіреді, заңдылықтарды сӛйлеу коммуникациясының негізі 
формаларын, жанрын, құрылымын анықтайды. Вербальды коммуника-цияның 
теориялық негізін коммуникация теориясының әдіснамалық негіздері құрайды.
Коммуникацияны кең мағыналы термин ретінде қарастырып, оны 
коммуниканттардың ӛзара әлеуметтік әрекеттестігі мағынасында түсінеміз. 
Яғни, олардың бір-бірінің мінез-құлқына, ойлау іс-әрекетімен сезімдеріне 
ықпалы. Басқаша айтқанда, коммуникацияны сипаттауда біз оны құрау-
шылардың кӛпбейнелілігін ескеруіміз қажет: қатысушылар, мақсаттары, 
салалары, тәсілдері мен орталары. 
Жоғарыда кӛрсетілген коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, 
тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бӛліп айтуға болады. 
Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және жіберіп отыруға 
мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Тілдік коммуникация - хабар 
жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бӛлігі 
ретінде хабарламаны енгізуге болады [123, б. 45]. 
Коммуникацияға 
отандық 
және 
шетелдік 
ғалымдардың 
берген 
анықтамалары келесі 2 - кестеде берілген. 
Жоғарыда ғалымдардың коммуникация ұғымына берілген анықтамала-рын 
талдау бізге олардың адамдардың ӛзара тілдесу әрекетіндегі құбылыс, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет