2 БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК КРЕАТИВТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 2.1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың мазмұны Біз диссертациялық зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында қазіргі
қоғам талаптарына, сұраныстарына сай келетін болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру қажеттіліктері
бойынша теориялық жағынан дәлелдеуге тырыстық. Зерттеудің нәтижесінде
жоғары оқу орындарында қарастырылған қалыптастыруды мүмкін ететін
педагогикалық шарттарды анықтаған болатынбыз. Педагогикалық шарттарды
тиімді жүзеге асыру үшін қарастырған теориялық негіздерді басшылыққа ала
отырып, тараудың бірінші тармақшасында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың құрылымдық
моделін, оның мазмұнын жасадық. Беріліп отырған тармақшада модельді
практикалық тұрғыдан дәлелдеп жазатын боламыз.
Ең бірінші болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың керектігін анықтау үшін білім алушыларға
сауалнама жүргізіліп, тест сұрақтары алынды: «Ӛзін –ӛзі бағалау шкаласы»
(Қосымша – А); Мамандық таңдау туралы сауалнама (Қосымша – Ә); «Қарым-
қатынастағы сӛйлеу мәдениеті» тесті (Қосымшалар - Б); «Коммуникативтік
біліктілікті анықтау» тесті (Қосымша – В). Сауалнамаға қатысу барысында 50
білім алушының 77 %-ы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру бойынша жоғары оқу
орындарында оқытылу керектігін кӛрсеткен болатын, олар коммуникативтік
креативтілікті элективті курстар мен шағын курстар бойынша, сонымен бірге,
сабақтан тыс ӛтілетін іс-шаралар арқылы қалыптастыру қажет деп кӛрсетсе, 20
білім алушының 17%-ы коммуникативтік креативтілікті қалыптастыру үшін
жеке оқытудың қажеті жоқ, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларды
ұйымдастыру мен ӛткізу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға болады деп санайды, ал 9 -%-
ы жоғары оқу орындарында коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға
арнайы кӛңіл бӛлу керек емес, ол сапа баланың бойында туа пайда болады және
баланың ӛсуі барысында, бойындағы бұл сапа да дамиды деп кӛрсеткен.
Сауалнаманы жүргізу барысында қатысушылардың кӛпшілігі жоғары оқу
орындарының білім берудің түрлі салаларының жүйелері коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыруды жүзеге асыру болатындығы айқындалды. Сол
себепті, біз жоғары оқу орнынындағы маңызды жайттарды ескере отырып,
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыру әдістемесін береміз (сурет 3).
Біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыру әдістемесінің диагностикалық, технологиялық, процессуалдық кезеңдерінің мазмұнын зерттеу барысында айқындадық, олар
тұлғалық-дамытушылық, дидактикалық, ұйымдастырушылық шарттар