Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет36/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

когнитивтік 
компоненттің 
өлшемі 

коммуникативтік 
креативтілігі 
құраушылары 
бойынша 
білімін; 
функционалдық компоненттің ӛлшемі - коммуникативтік креативтілігін іс-
әрекетте таныта алуы, бағалауы. 
9 - тақырып. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастырудың әдістемесі 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыру моделін жүзеге асыру әдістемесін түсіндіру. Әдістеменің 
қалыптастыру кезеңдеріне, қалыптастырудың педагогикалық міндеттеріне, 
қалыптастыру нәтижесіне мән беру. Білім алушылардың коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыру деңгейін педагогикалық диагностикалау. Осы 
қалыптастырудың оқу модульдері, элективтік курс пен оқу құралдары 
«Креативті педагогика», «Қарым-қатынас мәдениеті» және электронды оқу 
құралдары: «Қарым-қатынас мәдениеті», «Коммуникативтік креативтілікті 
дамытуға арналған жаттығулар жинағы» арқылы білім алушытің қоғамдық, 
ӛзін-ӛзі басқару істері негізінде жүзеге асатындығына кеңінен тоқталу. 
Қалыптастыру 
бойынша 
қолданылатын 
сауалнамалар, 
проблемалық 
дәрістертер, семинар, пікір-талас дәрісі, іскерлік ойындары, топ және команда 
боып жұмыс жасау, жағдаяттарды модельдеп, тренингтерге мән беру.
«Тұлғаның коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру» элективті 
курсының 
мазмұнын 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға арналған оқу модульдері
толықтыра түседі.
Оқу модульдерінің мақсаты болып болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастырудың мазмұнын 
жан-жақты меңгертіп және олардың осы сала бойынша іскерліктерін дамыту 
болып табылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыруда 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен 
әдістемесі мамандығы бойынша негізгі оқу жоспарларын, оқу пәндері 
бағдарламаларының (типтік, оқу) мазмұнын зерделеу жүзеге асырылды.
Осы орайда білім беру мазмұны түсінігін қарастырайық. 


79 
Білім беру нәтижесінің табысты болуы үшін неге оқыту қажет, білім 
мазмұны қандай болуы қажет екендігін анықтап алу міндетті шарт. Білім 
мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.
Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада 
білім мазмұны білім алушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкес-
тікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептілік-
тер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған. Білім мазмұнының мәнін ашуда 
бұл бағыт білімдік бағдарлы оқу деп алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың 
тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық 
ретінде танылады. Бұл кӛзқарастан тәуелсіз қоғамның басты міндеті - 
шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру - жалаң білім 
жинақтау талаптарының кӛлеңкесінде қалып келді. Осы бағытқа орай білім 
алушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс [189, б. 25-
28].
Оқу-тәрбие барысында ең алдымен шәкірттерде құндылықты - мәнді 
сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-
қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылданғаны дұрыс. Болашақ қоғам 
мүшесі - тұлға педагогикалық процесс аймағында ӛз әрекет - қылықтарына, 
қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік 
сезімін қалыптастырып, әділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға, 
ӛзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, қажеттісін 
қабылдауға үйренуі тиіс [189, б. 45].
Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға 
келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе 
күйінде тӛрт элементтен құралып, тӛмендегідей іс-әрекеттерде кӛрініс береді:
- нәтижелік формасы - білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-әрекет 
әдістері жӛнінде) күйінде бекіген танымдық іс-әрекеттер;
- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес және практикалық ептіліктер 
мен дағдылар) формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;
- мәселелік жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері 
формасындағы - шығармашыл іс-әрекет, қызмет;
- тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, ӛз басына, мораль 
нормаларына, кӛзқарастық идеяларға және т.б.) формасындағы кӛңіл-күй 
құндылықты қатынастарды орындай білу [189, б. 75].
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты және ӛзара 
шарттасқан. Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы 
орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, ӛз бетінше шығармашы-лықпен 
әрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне ӛз үлесін қоса білетін 
тұлға дәрежесіне кӛтерілуге мүмкіндік алады [189, б. 15].
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыру үшін пәнаралық байланыстарды іске асыру мен оларды оқытуда 
білім алушыға ұсынылатын oқу тaпcыpмaлapы, oлapдың функциялapы 
apacындa мaғынaлы бaйлaныc opнaтуғa пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық нeгiз 
caлу қaжeт.


80 
Бұғaн бoлaшaқ бастауыш сынып мұғaлiмдepiн коммуникативтік 
креативтілігін дамытуға ықпал ететін пәндep циклiнiң кӛмeгiмeн қoл жeткiзугe 
бoлaды (кесте 10).
Кecтe 10 - 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мaмaндығы 
бoйыншa мoдульдep (пәндep) тiзiмi:
Пәннiң (мoдульдiң) aтaуы 
Кpeдитi 
ҚP/ECTS 
Ceмecтp 
Мемлекеттік міндетті модуль 
МК 
Педагогика 
3/5 
ІІ 
Жеке білім траекториясының модульдері 
ТК 
Педагогикалық технология және инновация 
3/5 
IV 
«Педагогика» курсы бағдарламасы бойынша болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға бағытталған 
негізгі мағлұматтар тӛмендегідей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет