Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

дидактикалық біліктерге жоғары кәсібилік, тілмар, ӛз ісінің шебері, әртістік
тұлғалық кәсіби ұстаным, кәсібін сүюшілік, креативтілік, жаңашылдық және 
т.б. жатқыздық, ал коммуникативтік іскерліктерге тіл табыса алушылық, 
қарым-қатынасқа бейімділік, қарым-қатынас жасай білушілік, әлеуметтік 
қатысушылық, қоғамға белсенділік, эмпатия, дәлелді болу, шабыттандыра
алу, сендіре алу, жаңа рӛлді меңгеруде икемділік және т.б. деп кӛрсеттік» [97, 
б.54].
А.Тұралбаева дарындылықты, соның ішінде отбасы мен мектептің 
ынтымақтастығы жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеу жӛнінде ӛз 
зерттеу жұмысында жан-жақты қарастырған болатын [ 101, б. 45]. 
А.Умирбекова болашақ бастауыш сынып мұғалімінің зияткерлік әлеуетін, 
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту 
атты ӛзінің зерттеу жұмысында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 
әлеуметтік зияттылығы туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық, 
әлеуметтік, ғылыми- әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жүргізу арқылы 
оны дамытудың кӛкейкесті бағыттары айқындалып, қазіргі кезде бастауыш 
сынып мұғалімін даярлауды әлеуметтік зияттылық тұрғысынан қарастырудың 
педагогикалық - психологиялық мәселе боп табылатыны кӛрсетіледі және 
«зияттылық», 
«әлеуметтік 
зияттылық», 
«болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің әлеуметтік зияттылығын дамыту» ұғымдарының мәні 
нақтылаған [100]. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік 


20 
зияттылығын 
дамытудың 
әдіснамалық 
негізі 
ретінде 
жүйелілік, 
синергетикалық, кӛпсубъектілі, тұлғалық іс-әрекеттік, акмеологиялық тұғырлар 
және зерттеудің негізгі қағидалары қарастырылып, болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің әлеуметтік зияттылығын дамытудың мотивациялық, мазмұндық 
және рефлексивтік бағалаушылық компоненттерінен түзілген құрылымдық-
мазмұндық моделі, оның компоненттері, ӛлшемдері, кӛрсеткіштері мен 
деңгейлерін ашып кӛрсетеді [100, б. 35].
С.Қасенова болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің рухани-адамгершілік 
құндылықтары қатарында олардың адами қарым-қатынасына, ӛзара 
түсінушілігіне, тіл табысушылығына аса мән береді. Ол адамгершілік 
әрекеттер қатарында сәлемдесу; алғыс айту, ризашылық білдіру; сыйластық, 
құрметтеу, жақсы кӛру іс-әрекеттерді жатқызады. Ал бұл болса ӛзара 
түсінушілік коммуникациясының негіздері болып табылады [102]. 
К.Мулдабекованың ӛзінің зерттеу жұмысында ақпараттық технология 
арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптасты-
руды, ақпараттық технология арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздерін, 
ақпараттық технология арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін, оны қалыптастырудың 
құрылымдық, мазмұндық үлгісін жан-жақты қарастырған [99, б. 19]. 
Осы айтылып ӛткен зерттеулерде, оларға дейінгі болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің кәсіби даярлығында, олардың кәсіби тұлғалық сапаларын 
қалыптастыру мәселесі зерттелген еңбектер негіз болған дейміз. Оған себеп 
ретінде бірқатар еңбектерді топтастырып кӛрсеткіміз келеді:
1) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ииновациялық іс-әрекетін 
қалыптастыру (Қ.М.Нағымжанова, С.Т.Мұхамбетжанова, Қ.А.Сарбасова, 
К.Г. Гаркуша ) [103]. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлық мәселелерін 
зерттеген Қ.М.Нағымжанова ӛз еңбегінде бастауыш сынып мұғалімінің 
инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру үшін қажетті шарттарды айқындады 
[32, б. 48]. 
Оның ойынша мектептерде инновацияны енгізудің тиімділігі үшін 
мынадай жағдайлардың болуы шарт деп қарастырды: мектептерде жаңа ойлар 
мен шаралар жасай алатын білім беру мекемесінде шығармашылық қабілеті 
жоғары маманның болуы; білім беру мекемелерінің басшыларының 
инновацияны енгізудің құндылығын түсінуі; жұмысқа беделді әрі білікті 
мамандарды жұмылдыру; нақты жоспардың болуы және орындалуы [32, б. 10]. 
С.Т.Мұхамбетжанованың кӛзқарасы бойынша болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға 
даярлау дегеніміз – студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушы-лығын, 
педагогикалық инновацияны пайдалану туралы теориялық білімдерін және 
оларды жүзеге асыру білігі мен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық 
ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, оқу-әдістемелік кешендерді, 
электрондық оқу құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды


21 
технологияларды, интернет желісімен жұмыс жасау, интерактивті, мульти-
медиялық сабақтарды қамтамасыз ететін үдеріс деп түсіндірді [94]. 
Қ.А.Сарбасова ӛз зерттеуінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын 
жетілдіруде инновациялық педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктері 
мен олардың жоғары оқу орнында даярлау процесінде толығымен 
пайдаланылмауы 
арасындағы 
және 
инновациялық 
педагогикалық 
технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру 
қажеттілігі инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруді қарастырады [89]. 
К.Г. Гаркуша зерттеулерінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 
инновациялық технологиялар арқылы музыкалық-эстетикалық даярлауды 
қарастырған [103].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет