Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

модулі бойынша жеке сабақтар: Педагогика, «Педагогикалық технология және 
инновация») 2.1 парагрфында толық баяндалатындықтан, осы параграфта оны 
қайталап жатуды жӛн кӛрмедік.
3) 
Модельдің іс-әрекеттік бӛлімі. Болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру және оны іске 
асыру барысының ӛзі күрделі үдеріс және оны оқытудың тәсілдері әдістемемен 
байланыстырылуы керек, ондағы талдау, жинақтау мен сәйкестіктері арқылы 
нәтижесін шығарып, білім алушылардағы ойлауларын қамтамасыз ету керек 
сонымен қатар, ӛзінің болашаққа деген жауапкершілікті сезініп, соған қол 
жеткізуінің мәселелерін қарастырып отыр. Оқытушы мен оқу үдерісі үшін білім 
алушылардың ойлауы үлкен мәнге ие. Бұл білімді меңгерудің әдістері мен 
тәсілдері ретінде де қарастырады. Ойлау түрлері білім түрі, білімді меңгеру, 
оқу әдістері, логикалық тәсілдер ретінде де сипатталады. Мұнда бастысы - 
ойлау мен білімді пайдалану. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыру үшін тиімді оқыту әдістерін талдау келесі әдістердің тиімділігін 


60 
кӛрсетті: коммуникативтік әдіс, тест әдісі, тренинг технологиясы, жобалық 
оқыту, іскерлік ойындар арқылы оқыту, сауалнамалар, миға шабуыл әдісі, 
пікірталас және т.б. әдicтep. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыруда оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту 
әдістерінің бірі - коммуникативтік әдіс. Коммуникативтік әдіс алдымен қарым-
қатынас практикасын дамытуға бағытталған, әрі сӛйлеу мен тыңдауға 
бағдарланған. Аталған әдіс білімгерлердің тілді меңгерудегі қорқыныштарын 
болдырмауға бағытталған. Ол жаттығуларды орындау барысында ойын 
жағдайларын, топта немесе жұптық жұмыс жасауды ұйымдастыруға 
негізделген оқыту әдісі [185].
А.В. Конышева [186] коммуникативтік әдістің келесі ұстанымдарын 
атайды: сӛйлеу бағыттылығы (қарым-қатынас арқылы сӛйлеуге үйрету); 
функциональдылық (меңгеру нысаны сӛйлеу құралымен іске асырылатын 
функциялар болып табылады); жағдай (оқу үдерісін рӛлдік ұйымдастыру); 
жаңашылдық (қарым-қатынас пәнін, талқылау мәселелерін, сӛйлесу серіктесін, 
қарым-қатынас шартын ауыстыру және т.б.); қарым-қатынастың тұлғалық 
бағдарлануы 
(білімгерлердің, 
білімгерлер 
топтарының 
жеке 
қызығушылықтарын ескеру); модельдеу (модель түрінде үйренілетін тіл 
мемлекетінің мәдениетін, тіл жүйесін ұсыну).
Тест - жүйені әртүрлі жағдайларда орналастыру және бақылауға болатын 
ӛзгерістерді қадағалау арқылы жүйенің негізгі процестерін зерттеу әдісі.
Тесттер оларды ӛтуге болатын адам туралы бір нәрсе білу үшін қажет. Мұндай 
сынақтардың белгілері: қысқа мерзім, стандарттау, күрделі техникалық 
құралдарды қажет етпейді, нәтижелер - сан, статистикалық ӛңдеу. 
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі 
тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары.
Тренингтте қатысушының қызметін және жүктелген міндеттерін орындауда 
дұрыс, оңтайлы әрекетті таңдау мен бекітуге, қалыптасқан дағдыға айналдырып 
отыруға үйренеді. Тренингтер білім алушыларда арнайы практикалық 
дағдыларын қалыптастыру үшін арналады, онда жұмыстың жалпы әдістемесі 
қаралмайды. 
Тренингтердің басты мақсаты - үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. 
Мұнда білім алушылар ӛз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып
жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. Сол 
себепті де тренингтерде оқу мазмұны тек практикалық тұрғыдан 
қарастырылады. Мәселен, білім алушылар тренингтерде арнайы берілген 
жағдайлар мен жағдайларды модельдейді, оларды қатысушы ретінде ӛздері 
«ойнап шығады». Осындай әрекеттер арқылы білім алушылар қажетті 
практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, ӛздерінің ӛмірлік тәжірибелері мен 
жұмыс тәсілдеріне ӛзгерістер енгізеді. Тренингтердің соңында білім алушылар 
үйренген дағды және машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың 
тиімділігі мен маңызы туралы ӛз ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай 
жұмыс әр білім алушының ӛз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен 
аяқталады.


61 
Әдетте тренингтерде келесідей интербелсенді тәсілдер қолданады: іскерлік 
және рӛлдік ойындар, нақты жағдайлар мен жағдайларды талдау, топтық 
пікірталастар, презентациялар. Мысалы, білім алушы топтарына педагогикалық 
практикада туындаған мәселені шешудің, белгілі бір жағдайдан шығудың ең 
тиімді жолдарын табу немесе қандай да болмасын әрекетті жүзеге асыру 
тапсырмалары берілді делік. Мұндағы мәселе білім алушының нақты дағды 
немесе тәжірибеге үйреніп, оларды практикалық әрекеттер арқылы бекітуінде. 
Сол себепті де білім алушылар берілген уақыт ішінде ӛз әрекеттерін талқыға 
салып, жоспарлап алып, ӛз шешімдерін жағдайды кӛрсету, оны рӛлдерге бӛліп 
ойнау арқылы басқаларға жеткізеді. Мысал ретінде: тасырманың орындалу 
ретіне қарай ойында, қатысушылар оқу орнына енді орналасқан маман ретінде 
ӛз ролін орындап шығуы керек. Ол жерде басшылық қызмет болуы мүмкін 
немесе орындаушы қызметкер болуы мүмкін. Ойын барысында осы 
кызметкерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сӛйлеу мәдениеті 
маңызды.
Әрбір топтың осындай әрекеттері тренинг аудиториясында талқыланады, 
басқа топ білім алушылары ӛз пікірлерін келтіреді, сұрақтар қояды. Бұл жерде 
талқылау пікірталасқа да айналып кетуі мүмкін. Әңгіме аяғында сӛз жағдайды 
кӛрсеткен топқа екінші рет беріліп, олар ӛз әрекеттеріне қандай ӛзгертулер 
енгізгендігі туралы баяндайды. 
Тренингтердің түрлері. 
Презентация (презентациядан Praesento - презентациядан) - (ұйым, жоба, 
ӛнім және т.б.) материалды ұсынуға арналған құжат немесе құжаттар 
жиынтығы. Презентацияның мақсаты аудиторияға таныстыру нысаны туралы 
толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу болып табылады. Таныстыру 
маркетинг және PR құралдарының бірі болып табылады. 
Тренингтердің бірыңғай және жалпы қабылданған жіктемесі жоқ, бӛлу 
әртүрлі негізде жүргізілуі мүмкін, бірақ тренингтердің негізгі түрлері әсер ету 
критерийіне және шебер, психотерапевтикалық, әлеуметтік-психологиялық
бизнес-тренингтер ӛлшеміне сәйкес бӛлінуі мүмкін.
Психотерапиялық тренинг (психотерапиялық топтың дұрыс атауы) 
сананың ӛзгеруіне бағытталған. Адамның нақты және қабылдамайтын нәрсені 
қабылдайтын жолын ӛзгерту, стереотиптік мінез-құлық тәсілін ӛзгерту: енді 
осы шұңқырға қалай түспеу керек; қолдау кӛрсету. Бұл топтар 
психотерапияның қазіргі бар бағыттарымен – психодрама, бағытталған топтар, 
би-қозғалыс терапиясы және т.б. 
Әлеуметтік-психологиялық тренинг (SPT) аралық орынды алады, ол 
сананың ӛзгеруіне және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. (SPT) жиі 
әлеуметтік қарым-қатынастарды ӛзгертуге және адамдар арасындағы қарым-
қатынаста дағдыларды және тәжірибені дамытуға бағытталған. 
Біліктілікті арттыру нақты дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға 
бағытталған. Бизнес-тренингтердің кӛпшілігінде машықтану тренингтері, 
мысалы, келіссӛздер жүргізу, ӛзін-ӛзі таныстыру, сатылым техникасы және т.б.


62 
Жоба әдісі - білім алушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, 
коммуникативтік креативтілікті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше 
білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. 
Жобалаудың жалпы құрылымы: 
1) алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау; 
2) зерттеудің маңыздылығы; 
3) міндеттерді топтарға бӛлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, 
коммуникативтік креативті шешімдер қабылдау; 
4) зерттеулердің коммуникативтік креативтілік міндеттері бойынша ӛзіндік 
жұмысы, бақылау; 
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу; 
6) қорғау. 
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар: 
- зерттеудегі коммуникативтік креативті жоспардың мәселелері мен 
міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету; 
- практикалық, теориялық, танымдық нәтижелердің кӛрсеткіштері; 
- білім алушылардың ӛздігінен іс-әрекет етуі; 
- жобалаудың мазмұнының құрылымы. 
Жобалау әдісінің алгоритмі: 
1. Мәселе 
2. Жобалау 
3. Ақпарат кӛздерін іздестіру 
4. Нәтижені қорытындылау 
5. Презентация. 
Жобалау технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды ӛз деңгейінде 
дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу - басты талап. Жоба түрлері: 
1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, коммуникативтік креативті, рӛлдік, 
қолданбалы, моножоба, пәнаралық; 2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: 
моножоба және пәнаралық; 3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-
қатынас; коммуникациялық технология; 4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, 
жанама; 5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын 
және халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, 
топтық; 7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ 
мерзімдік деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық сипаты жағынан 
іштей екі үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және қолданбалы-практикалық болып 
біріктіріледі. 
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді 
беруші рӛлін атқарады. Ӛз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл білім 
алушылар ӛз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс 
істеу сияқты ӛз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. 
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда оқытушы оқу үдерісін сабақ беру 
логикасына бағындырмайды, керісінше, білім алушының білімді ӛздігінен 
игеру логикасына бағыттайды. Тәжірибеде жобалай оқыту технологиясы 
арқылы ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыстарында оқытушы мынадай 


63 
педагогикалық шарттарды ұстанса, табысты нәтижеге қол жеткізілетіні 
анықталды: 
а) білім алушыларға коммуникативтік креативті және ӛзекті тақырыпты 
таңдау мүмкіндігін беру;
ә) білім алушыларға жобаны іске асыруға қажетті әдістерді ӛз еркімен 
пайдалануын жүзеге асыру; 
б) топтық жұмыста рӛлдерді ӛздеріне таңдату; 
в) білім алушылардың зерттеу қызметінде олардың ізденісін қолдау, демеу 
жасау; 
г) сағаттар кестесін қатаң сақтай отырып кеңес беру; 
ғ) кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру; 
д) білім алушылардың жасаған жоба жұмыстарын ӛзара, ӛзін-ӛзі бағалау 
жүйесін енгізу; 
е) жобаның тұсаукесерін салтанатты түрде ұйымдастыру. 
Жоба әдісін қолдануда білім алушылар ӛз бетімен қажетті хабарды 
жинауға дағдыланып, ӛзіндік коммуникативтік креативтіліктерін арттырады. 
Жоба әдісінің басты мақсаты - тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі 
бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін 
маңызды тапсырмаларды орындау барысында білім алушының ӛздігінен білім 
алуына жағдай жасау. 
Жобалау әдісі арқылы ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында 
білім алушылар коммуникативтік креативті ойлауға, ӛз әрекетін ӛз бетінше 
жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала 
болжам жасай білуге, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. 
Іскерлік оқу ойындарында білім алушылар қандай да бір қойылым 
ауқымында рӛлдерді ӛзара бӛлісіп, зерттеу жұмыстарын жүргізу және 
деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып 
шешеді. Оқу ойындарының қойылымдары тақырып ауқымында болып, күрделі 
мәселелерді ойын тұрғысынан, «ойнап» шешуге бағытталады. 
Оқу ойындарының екі түрін ажыратуға болады: 
1) Сабақ тақырыбы бойынша жазылған қойылымдар бойынша 
(оқытушылар мен білім алушының ӛздері жазған) қысқа жағдайларды ойнау. 
2.) Компьютерді қолданатын коммуникативтік креативті ойындар-
мультимедиалық ойындар, - интернетте коммуникативтік креативтілікке 
негізделген іздеу ойындары. 
Компьютерлік ойындарда білім алушылар бірнеше топқа бӛлініп, бӛлек 
аудиторияларда отырып, бір-бірімен интернет арқылы байланысуына болады. 
Оқу ойындары қойылымдарының негізінде қандай да болмасын мәлімет 
(оқулықта немесе басқа да ақпарат кӛздерінде берілген құжат, оқиға, мәтін, 
деректер) жатады. Мәлімет қойылымда ӛзінің деректтік қалыпынан айрылып, 
білім алушының рӛлдерге бӛлініп, ойнауына мүмкіншілік туғызатын қызықты 
оқиғаға айналуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет