1. Теңестіру қорытындыларын бағалауы Криминалистикалық Теңестіру процесуалды түрде тергеушімен (аныктаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады.
Теңестіру қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен түрады:
бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау;
екінші кезең, сараптама шеңберіндегі Теңестіру көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.
Бағалаудың бірінші кезеңінде - сарапшының берген қорытындысынын мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылган тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.
Теңестіру зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұскада болуы мүмкін:
1. іздестүрілетін объектінің тепе-тендігін анықтау мүмкіндігінің болмауы Теңестіру үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, мысалы, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен қалдырылғанын аныктау мүмкін емес.
Теңестірулауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;
2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған қауыз сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан атылуы мүмкін; оқиға болған жердегі шегелер мен сөзіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мәшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін; жәбірленушінің денесіндегі жарақат сөзіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.
Мұндай нұскаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:
• жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сөзіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;
жәбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен H. Үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын;
суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын;
Ыктималды қорытындылар бойынша сарапшы объектілердің жалпы белгі-лермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың Теңестірулық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады;
3. мақүлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мвртаңба - "Каспий" банкісінің мөрімен басылмаған; мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған "Наган" револьверімен атылмаған; жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған; К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу көздері бір жерден емес және т.б.
Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады;
4. мақүлданған тұжырым: мысалы, бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған; жәбірленуші мәйіттен және сөзіктіден алынған бытыра бүрын бір бүтінді қүраған; жәбірленуші мен сөзіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу кайнар көздері бір; "фомиктен" табылған лак-бояу кабатгарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.
Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды. Теңестіру тұжырымдарды мақұлданған және мақүлданбаған түрде бағалау - дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның үшінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның үшінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоқка шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс.