1. Криминалистикалық теңестіру түсінігі Қылмыстық істерді тергеу барысында тергеу органдарының алыднда көптеген мәселелер туындайды. Олар:
- Белгілі бір іс әрекеттер тұлғамен, құралмен, қарумен жасалған ба;
- Қылмыс жәйті туралы жазба қол жазуы белгілі бір адаммен жазылған ба;
- Оқиға орнында табылған қол, аяқ киім ізі белгілі бір адаммен қалған ба және т.б. мәселерді шешуде маңызды рол атқарады.
Адамды, құралды, іс әрекеттерді және басқа да бейнелерді олардың іздері бойынша теңестіруде идентифиакция тәсілі қолданылады.
«Идентификация» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Криминалистикалық теңестіру» ұғымы өте кең. Оның ұғымында:
- тепе-теңдік;
- айырмашылық;
- жеке даралық;
- тұрақтылық;
- қасиет және белгілер ұғымын қамтиды.
«Теңестіру» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
Теңестіру - адамның ойлау қабілетінің зандылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
Теңестіру - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
Теңестіру- теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.
Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, Теңестіру көмегімен теңдестіру зандылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.
Теңестірудің психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.
Қарапайым тендестірулер негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.
Теңестіру таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жургізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.
Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалық теңестіру мынандай жағдайларда орын алады:
а) Теңестіру тәсілдері арнайы криминалистермен өңделіп жетілдірілген жағдайларда;
ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінің жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (Бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);
б) криминалистикалық теңестірудің объектісі тек криминалистикалық Теңестіру объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;
в) криминалистикалық және соттық теңестіру арасында айырмашылықтар бар және теңестірудің тергеу тәжірибесі мен оның процесуалдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» - деп көрсеткен.
Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі теңестірудің дәлелдемелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «криминалистикалық теңестіруді» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді.
Бірінші ерекшелігі, объектілермен байланысты. Объектілер - бұл материалдық дүниедегі кез-келген үйлескен заттар, әртүрлі процестер. Оларга қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына қарамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар - тұтынушылық, әтикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек.
Сонымен, криминалистикалық теңестірудің бірінші ерекшелігі - заттай дәлелдемелік фактілер жөніндегі ақпараттарды қамтитын объектілердің арасындағы тепе-тендік қатынасын анықтаудан тұрады.
Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында.
Басқа ғылым салаларында объектіні - түрі, тегі бойынша Теңестірулау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-теңцікті (сәйкестікті) аныктау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады.
Криминалистикалық теңестірудің үшінші ерекшелігі, - процесуалды тәртіппен, процесуалдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық Теңестірулық танымдық қызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құраддарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты кркаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсілдерді таңдауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық Теңестіруның үшінші ерекшелігі оның процесуалдық формасында.
М.Я. Сегай, Н.В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі теңестіруді "соттық теңестіру" деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мән-жайларды көрсетеді:
- Теңестіру қорытындылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зертгеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады;
- басқа ғылымдарға қарағанда криминадистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор;
- криминалистикада жекелеген тепе-тендікті анықтау - идентифика-цияның басты мәселесі болып табылады;
- химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті.
Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу әдістемесіндегідей, теңдестіру нәтижелерін рәсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарыда аталған авторлар идентифи-кацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды.
Криминалистикалық теңестірудің маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Теңестіру - дәлелдеу тәсілінің өте кең тараган түрі. Теңестірудің көмегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, қылмыстың ізін жасырган жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға қолданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмьгстық қол сұғылған заттарды теңестіруге және т.б. анықтауға болады.
Бүгінгі таңда криминалистикалық теңестіру теориясы криминалисти-кадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түрлеріне жататындыгы осы жағдайлармен түсіндіріледі.
Барлық танымал кеңестік криминалистер криминалистикалық теңестіру мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты.
Криминалистикалық теңестіру теориясы - тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылады.
Теңестірудің процесуалды формасы:
сот сараптамасы;