Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет2/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Дәріс жоспары:

  1. Криминалистиканың пәні және жүйесі;

  2. Криминалистиканың мақсаты;

  3. Криминалистиканың әдістері;

  4. Криминалистиканың арнайы тәсілдері және оларды қолдану шегі.



Кіріспе
Қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыратын негізгі жолдардың бірі, алдыңғы Қатарлы тәжірибе және ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізуді негізге ала отырып, жедел іздеу, жедел тергеу іс Әрекеттерінің тактикасы мен Әдістерін және де тиісті қызметтердегі қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілідру болып табылады.
Бұл міндетті орындауда заң ғылымы және техника ғылымдары жетістіктерінің сот және тергеу практикасындағы қолданылуын зерттеп, жинақтап, қорытуды негізге ала отырып, Қылмысты ашу және алдын алудың жаңа Әдістері мен Құралдарын жасайтын және онымен практикалыҚ жұмысшыларды Қаруландырып отыратын саласы болып табылатын—криминалистиканың ролі өте үлкен.
Осылайша криминалистика Қазіргі дәуір талабы--ғылым мен өндірісті тығыз интеграциялануына өз ыҚпалын тигізуде.
Криминалистиканың Қазіргі таңдағы жағдайы, комплексті түрде Қолданудың өте жоғарғы деңгейімен, және де оның Әдістемелік проблемаларын терең зерттеуменен, заңдылыҚ пен ҚұҚыҚытыҚ тәртіпті Әрі Қарай күшейтуге бағытталған Қылмысты тергеудің тиімді тактикалары мен Әдістерін жасауменен сипатталады.
Бұдан, алынған білімді Қылмыспен күрес практикасында Қолдану маҚсатында, криминалистика ғылымын терең оҚып-үйрену Қажеттігі туындайды. Әдетте кез келген ғылымды оҚып-үйрену оның негізгі түсініктерін аныҚтап алудан басталады.
Ежелден ҚалыптасҚан Әдет бойынша ең алдымен криминалистика ғылымының пәні мен жүйесі жайындағы сұраҚтарды ҚарастырайыҚ.
1—сұрақ: Криминалистиканың пәні мен жүйесі.
Криминалистиканың ғылым ретіндегі пәні, аныҚтау органдарының, тергеу, сараптау мекемелерініӨ, сот ісін жүргізу барысында әділдік орнататын соттың іс әрекетіне және де әділ сот шешімінің орындалуына, қылмыстың алдын алуына ықпал ету мақсатымен зерттелетін заңдылықтар болып табылады. Оларға ең алдымен қылмыстық әрекет заңдылықтары мен механизімі жатады.
Қылмыс механизмібұл өз құрамына қылмыс субъектісін, оның өз әрекеттеріне және оның салдарына, қылмысқа қатысушыларға, қылмыс жасау затына, қылмыс жасау тәсіліне және қылмыс нәтижесіне қатынасын, басқа да қылмыс істелген жағдайға байланысты мән-жайларды кіргізетін күрделі динамикалық жүйе.

  1. Криминалистика пәнінің ең бірінші әлементін қылмыс механизімінің дербес заңдылықтары құрайды.

  2. Криминалистика пәнінің екінші әлементіне қылмыс іздерінің пайда болу заңдылықтары жатады.

Қылмыс іздерінің пайда болуы, бейнелену заңдылықтарының ерекшелігі неде.
Біріншіден, бұл оқиға іздерінің пайда болу процессінің белгілі бір заңдылықпен қайталанып отыруы. Бұның мәнісі мынада: белгілі шарттар орындалған жағдайда нәтижесі қылмыс іздерінің қалуына әкеліп соғатын, бейнелеу процессі қажетті түрде қайталанады.
Екіншіден бұл қылмыскердің іс-әрекетінен іс бойынша дәлел болып табылатын қылмыс нәтижелерінің арасындағы байланыс заңдылықтар.
Бұл, қылмыс нәтижесі қылмыстық әрекеттің болғандығының және оның сипатының дәлелді болып табылатындығын, Қылмыс нәтижелерінің заңдылықтары дәлелденгелі жатқан уақиғаға алып келетіндігін білдіреді.
Үшіншіден, бұл қылмыс жасау тәсілі мен осы тәсілді қолданудың іздері арасындағы байланыстың заңдылығы және де осы Қалдырылған іздер жайында сол тҚсіл тұрғысынан ой Қозғау болып табылады.
Төртіншіден, бұл қылмыс жасау тәсілін таңдау мен объективті және субъективті сипаттағы белгілі нақты жағдайлар арасындағы заңды тәуелділік. Бұл тәуелділік, дәлел ролін атқаратын қылмыс жасау тәсілі арқылы жоғарыда айтылған объективті және субъективті сипаттағы жағдайларды анықтауға және де керісінше іс бойынша дәлел болып есептелінетін қылмыс жасау тәсілін анықтайтын жағдайларға байланысты, қылмыс жасау тәсілі жайында ой қозғауға мүмкіндік береді.
Қылмыс іздерінің пайда болу заңдылықтарының ерекшеліктері міне осындай. Бірақ, дәлелдердің пайда болу заңдылықтарымен қоса, криминалистика, сол дәлелдермен соттық зерттеу процессінде жұмыс істеудің заңдылықтарын да анықтайды.
Соттық зерттеу—бұл Құзырлы органдар мен қызмет адамдарының тергеуге және берілген қылмыстық ісі бойынша сот ісін жүргізуге бағытталған іс-әрекеттері.
Соттық зерттеу өз қызметін қылмысты іске қатысты дәлелдерді жинау, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет