Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Криминалистикалық техниканың пәні, түсінігі және



бет15/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
лекция крим

Криминалистикалық техниканың пәні, түсінігі және құқықтық негізі.

Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына келтүріп қайта өңдеуге бейімделген ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өндеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу әдістері мен техникалық құралдардың жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық техника - криминалистикадағы алғашқы пайда болған түсінік, оның құрылу кезіндегі негізгі бөлім.
Криминалистикалық техника термині, біріншіден - криминалистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден - техникалық құралдардың жиынтығын біддіреді, яғни құрылғылар, аппараттар, құралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті басқа да құралдар.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне - қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу хсатады.
Криминалистикалық техниканың қарастыратын мәселелерінің көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:

  • жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;

  • криминалистикалық техниканы дамыту.

Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелері зерттейді:
- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығы;
- олар дәлел болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығы;
- бұл дәлелдерді, қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен алуға болатындығы. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусақтың қалдырған ізін криминалистер ХХ-ғасырда ұнтақтың көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы алуға болатынын анықтаған;
- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастырады, бірақ көбінесе Бұл мәселені экспертология шешеді;
- қылмыс ісі жайлы, қолданылған қару жайлы, қылмыскерлер жайлы, қалдырылған іздері жайлы және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығы;
- қандай техникалық құралдар қылмыс жасауға кедергі жасай алатындығы.
Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әрқайсысында нақты мәселелер бар және әлі де бола береді.
Яғни бұл нақты мәселелер нысанның түрлеріне, қылмыс іздеріне байланысты болады - атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автоқөліктің іздері және т.с.с.
Табылған іздер бойынша объектілердің үшінен қажетті жекеленген іздерді немесе оларға қатысты объектілердің тұрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді қалдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері Теңестіруның көмегімен шешіледі.
Криминалистикалық техника Теңестірумен тығыз байланысатын басқа да Теңестірулық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялык) мәселелерді шешеді. Олардың қатарына іздердің пайда болу механизмін анықтау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, құралдардың қозғалыс бағыты, бөгет пен қарым-қатынасқа түсу бұрышы, басу күші және т.б. анықталады.
Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із қалдырушы объектінің әсер ету бағыты, күші, ара-қашықтыгы, жылдамдығы, іздердің пайда болу уақыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағыты, жәбірленушіге жарақат салудың кезектілігі, көлік құралдарының қозгалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен қатар, із қалдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздің қалыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетті анықтау мәселелерін де қарастырады, мысалы: әйнектегі ойық тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда болды ма; киімдегі зақым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы қару оқпанының жарылуы себебі неде және т.б.
Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың қарастыратын негізгі мәселелерін келесідей бөліп көрсетуге болады:

  1. Теңестіру:

а) жеке тепе-теңдігін анықтау (Теңестіру);
ә) объектілердің қай топқа жататындығын анықтау.
2. Теңестірулық емес:
а) қылмыстың материалдық іздерін анықтау, бекіту және алу;
ә) іздердің пайда болуына әкеп соққан әрекеттердің жағдайын, механизмін, себептерін анықтау және т.б.
Қарастырылған мәселерді шешу мақсатында криминалистикалық техниканың әдістерін тергеуші, маман, сарапшы қолдана алады. Бұл криминалистикалық техниканың тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалық криминалистикалық техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалық сараптаманы криминалистикадан беліп қарастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз,
Бірақ та, бір жағынан тергеуші мен маманның криминалистикалық техни­каны қолдану, екінші жағынан сарапшының криминалистикалық техниканы қолдану ерекшелігін ескерген жөн.
Сонымен, криминалистика ғылымындағы криминалистикалық техника бөлімі өте маңызды бөлім.
Криминалистикалық техника қылмысты тергеу мақсатында нақты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеуге бейімделген - физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдарының әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен қатар, криминалистиканың өзінің жеке қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдары бар. Криминалистика ілімі шеңберінде қылмыстың алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған нақты (жаратылыс) және техникалық ғылым әдістерінің жиынтығы калыптасқан.
Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерттеудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әртүрлі техникалық әдістер қолданылады. Мысалы: құжаттарды қарау кезінде жарықты қиғашынан түсіру арқылы жарықтандыру әдісін қолдануға болады.
Тергеу әрекетінің жүйесіндегі техникалық тәсілдер тактикалық әдістермен тығыз байланысты. Олар тергеу әрекеті кұрамындағы қылмысты тергеу мен оны ашу мақсатында қолданылады. ¥рлық болған жерден қолдың көрінбейтін іздерін табу мәселесін шешу үшін, ұрлық болған жердегі қылмыскердің әрекетінің мазмұны мен оны жасау кезектілігін алдын ала анықтап, объектіні бүзу механизмін модельдеу қажет. Бұларды анықтамай із жеткізушілерді (тасымалдаушыларды) табу мүмкін емес. Тергеу және сараптама қызметіндегі қолданылатын техникалық тәсілдер сонымен бірге криминалистикалық әдістемеден де көрініс табады. Олар нақты сараптамалық немесе тергеу мәселелерін шешуге арналған.
Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты - оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады.
Криминалистикалық техника занда көрсетілген тергеу әрекеттерінде қолданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған - қарау, тінту және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, қалып жасау және т.б.) кезінде қолданылады.
Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі қажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және кандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.
Криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай колданылған жагдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.
Криминалистикалық техниканың әдістері қылмыстық процесс шегінен тыс, басқа да, атап айтқанда - анықтама органының жедел-іздестіру қызметі кезінде, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуде де қолданылады.
Криминалистикада ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен қолданылуы криминалистикалық техниканың дамуына әкеліп, қазіргі кезде келесідей негізгі салалары қалыптасқан:

  • криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;

  • криминалистикалық фотография, дыбыс- және бейнежазба;

  • трасология (іздер жөніндегі ілім);

  • криминалистикалық баллистика;

  • криминалистикалық қолжазбатану және автортану;

  • құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу;

  • суық қаруды криминалистикалық зерттеу;

  • криминалистикалық жарылыстану;

  • заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу;

  • одорология;

  • фоноскопия;

  • адамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша тендестіру;

  • криминалистикалық тіркеу және есепке алу.

Криминалистикалық техника әдістерімен зерттелетін: іздер, атыс карулары, кұжаттар және басқа да заттай дәлелдемелер - жогарыда аталган сала тізімдері криминалистикалық техниканың жүйесі негізіндегі қағидалардан тұрады.
Криминалистикалық техниканы әдіс бойынша жүйелендіру мен мамандан-дыру оны кеңінен өндеп жетілдіруді қажет етеді.
Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесідей топтарга бөліп көрсетуге болады:

  1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістемелердің тобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден қолдың, аяқтың, келік құралының, атыс құралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері.

  2. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданулары мүмкін, бірақ негізінен криминалистикалық сараптама жүргізу кезінде заттай дәлелдемелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардың қатарына адамдарды, жануарларды, бүзу құралдарын, ату қаруын, заттардың шыгу тегін және т.б. Теңестірулау әдісі жатады.

Криминалистикалық техниканьщ әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топқа жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда:
а) физикалық;
ә) химиялық;
б) физика-химиялық;
в) ботаникалық;
г) физиологиялық;
д) математикалық;
е) логикалық;
ж) биологиялық.
Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады.. Ғылым бөлімі ретінде криминалистикалық техника жеке техникалық кұралдар мен криминалистикалық техника әдісі мен тәсілдерін қамтиды. Табиғи және техникалық ғылымның криминалистикалық жағдайдың интеграциясы, нақты техникалық құралдардың күрделігі, сондай-ақ күрделі технологиялық операцияларды қолдану әдістерінің өрлеуі мен дамуы тек қана криминалистикалық техниканы айтып қана қоймайды, сонымен қатар технологиями да атап өтуін қажет етеді, әсіресе бұл әртүрлі қылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде байқалады.
Криминалистикалық техниканың құралы, әдісі мен тәсілінің қайнар көзі мен қылмыстық сот ендірісіне қажеттілік қабілетінің дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді: бірінші топты басқа ғылым мен техникада қолданылатын құралдар, әдіс пен тәсілдер құрайды. Бұларға мысалы, фотоаппаратгар, жалпы тұрғыдағы бейне- және дыбысжазба аппараттары, микроскоптар, спектрометр-лер, хроматографтар және басқа да іздестіру және зерттеу құралдары.
Екінші топқа - басқа ғылымда өндеп жетілдірілген құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдердің криминалистикаға бейімділінген тобы кіреді. Олар қылмысты ашу және тексеру мақсатына арналған құралдар. Оларға мысалы, суретке түсіру немесе сурет қондырғыларының арнайы әдістері.
Ал үшінші топты қылмысты ашу және зерттеу мақсатында арнайы кримина-листикамен өңдеп жасалған құрал, әдіс пен тәсілдер құрайды. Оларға мысалы, салыстырмалы микроскоптар, дактилоскопиялық тіркеуді немесе суреттердің жинағын құрайтын жұмыс орнын компьютерлендіру және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет