Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары



бет17/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
лекция крим

3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
Сараптамалық тәжірибеде әртүрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай қасиеттерді зерттеуіне байланысты оларды бірнеше топқа болеміз: 1. объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 2. объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3. объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4. ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.
Бірінші топтағы әдістерге, негізінен, жарықтандырғыш және әлектронды микроскопия, сонымен қатар, интроскопия және профилография әдістері кіреді.
Сараптамалық тәжірибеде кең түрде тараған әдістерге жарықтандырғыш микроскопия әдісі жатады. Барлық сараптамалық мекемелерде биноқулярлы стереоскопиялық микроскоп МБС-2, әртүрлі модификациялы биологиялық микроскоптар, салыстырмалы микроскоптар және металографиялық микрос-коптар бар. Заттай дәлелдемелердің көптеген түрлерінің морфологиясын зерттеуде стереоскопиялық микроскоп универсалды құралға жатады. Ал, биологиялық микроскоптың көмегімен, негізінен, талшықтардың, топырақ жердің, өсімдік объектілерінің, есірткі және психотропты заттардың бөлшектері зертгелінеді.
Осы микроскоптың көмегімен микро-, ультрамикро деңгейіндегі морфо-логиялық белгілер анықталады. Бұл белгілер объектінің табиғатымен, оны дайындау технологиясымен, қолдану шарттары және қылмыстың жағдайымен байланысты болып табылады. Яғни, дәлелдеудің диагностикалық және Теңестірулық мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.
Интроскопияның әдістері, негізінен, кедекдік бақылауда қолданылады, оны сараптамалық тәжірибеде де пайдалануға болады.
Профилография әдістері арқылы - щуптық және оптикалық профилографтың көмегімен объектінің беткі қабат бедерінің сандық сипатгамасын алуға болады.
Сараптамалық тәжірибеде қолданылатын екінші топтағы әдістер көп және әртүрлі болып келеді. Бұл әдістер арқылы заттардың әлементтік құрамын, оларда химиялық қосындылардың бар-жоғын, объектінің фракциондық құрамын және физика-химиялық қасиетгерін анықтай аламыз. Бұл әмиссионды спектралдық, микроспектралдық рентгеноспектрлік, нейтронды-активациялык талдаудың, ядерлі-магниттік (ЯМР) және парамагниттік резонанстың (ПМР), инфрақызыл спектрометрияның, абсорбциялы спектроскопияның, жүкд кабатты хроматографияның, газды пиролитикалык хроматографияның, газдысұйық хроматографияньщ және т.б. әдістері.
Үшінші топтағы әдістер де алуан түрлі болып келеді, олар объектінің қандай қасиеттерінің зерттелетіндігіне байланысты болады. Сараптамалық тәжірибеде олардың көмегімен кұжаттардың шынайы немесе жалғандығы анықталады. Көрінбейтін сәуле (инфракызыл, ультракүлгін, рентген сәулелерінде) спектүрінде бояу және инфра люминесценция зерттелінеді. Зерттеу барысында фотоқұрылғылар, оптикалық квантты генераторлар (лазерлер), қаттылықты өлшегіш (твердомеры), диффузиялық-көшірме әдістері (диффузно-копировальный), түсажырату (цветоделение) әдістері қолданылады.
Төртінші топтағы әдістер, негізінен, алынған нәтижелерді түсіндіру үшін күрделі құралдар мен жабдықтарға қосымша тіркеледі.
Дәлелдеу құралы болып табылатын сараптаманың қолданылу тиімділігі, шешілетін мәселелердің деңгейі сараптамалық мекеменің техникалық жағынан жабдықталу дәрежесімен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет