Бақылау сұрақтары:
Криминалистикалық сурет дегеніміз не?
Бейнелеу суретінде қандай әдіс қолданылады?
Зерттеу суретінде қандай әдіс қолданылады?
Оқиға орнын қарау барысында қандай сурет тәсілдері қолданылады?
Суреттехникасы сараптамасында шешілетін мәселелер және сарапшыға зерттеуге қажетті қандай материалдар ұсынылады?
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Криминалистика. Дәрістер жинағы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2017.
2. Сандық фотографияны тергеу барысында қолдану. Оқу құралы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2013.
3. Криминалистическая цифровая фотография : Учебное пособие / А. Аубакиров, С. Коваленко. - 2-е изд. - Алматы : Аркаим, 2003.
4. Криминалистическая цифровая фотография : Учебное пособие / А. Аубакиров, С. Коваленко. - Алматы : Әділет, 2001.
5. Криминалистика : Конспект лекций. - М. : Изд.ПРИОР, 2000.
6. Криминалистика : Учебник для вузов / Н. П. Яблоков. - М. : Изд. группа НОРМА-ИНФРА-М, 2000
7. Криминалистика. Оқу құралы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Криминалистическое оружиеведение : Справочник / Плескачевский В.М., Юхин С.Н. - М.: Юриспруденция, 2002.
2. Криминалистическое оружиеведение: исследование огнестрельного оружия[Текст] : учебно-практическое пособие / Брушковский,К.Б. - Алматы : Юрист, 2004.
№7 Дәріс тақырыбы: Суретке түсірудің әдістері, түрлері және тәсілдері
Дәріс жоспары:
Криминалистикалық сурет жүйесі.
Криминалистикадағы сандық фотография. Сандық бейненің мөлшері
Криминалистикалық сурет жүйесі
Криминалистикалық сурет жүйесінің құралы, мыналардан тұрады:
суреттік әдістер;
түсіру тәсілдері;
түсіру түрлері.
Суреттік әдістер - бұл, айғақтарды зерттеуге, айқындауға қажетті сурет шығаруға арналған, әкспонираланған материалдарды өңдеу және сурет түсіру мен құралдарын таңдау нұсқаулары мен ережелерінің жиынтығы. Криминалистикалық сурет әдістері, есте сақтау және зерттеу болып екіге бөлінеді.
Есте сақтау әдісі - панорамалық, репродуктивтік, стереоскопиялық, микроскопиялық және тану әдістері болып бөлінеді. Бұл әдістер, жәй көзбен қабылданбайтын, зат ерекшеліктерін, белгілерін анықтауда қолданылады.
Зеттеу әдістері - бұл, түс және контрастық өзгеру, спектрдің көрінбейтін сәулелері арқылы түсіру әдістері мен микрофотографиялар. Бұл әістер арқылы, жүй көзге көрінбейтін объект белгілерін айқындауда қолданылады.
Түсіру әдістері - бұл, сурет мағынасын анықтайтын, суретке түсіру орнын, бағытын және арақашықтығын дұрыс таңдау нұсқалары мен тәртібінің жиынтығы.
Криминалистикалық сурет тәсілдері: бағыттау, шолу, топау және толық. Түсіру түрі дегеніміз, бұл криминалистикалық суреттің әр объектісін суретке түсіру әдістері, тәсілдері және ережелерінің жиынтығы.
Криминалистикалық сурет түсіру түрлері:
тергеу ісі жүргізілетін жер жағдайы мысалы: тергеу сараптамасындағы оқиға болған жер;
адамдар мен өліктерді;
іздер мен заттарды;
құжаттарды;
жедел қызығушылық тудырған жағдайды түсіру.
Қорыта келгенде криминалистикалық суреттің өзіндік ерекшеліктері бар: мақсаттары мен міндеттері, арнайы қолданылу аумағы, белгіленген түсіру объектілері, арнайы құрылғылары мен құрылымдары.
Криминалистикалық сурет, криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде, ғылыми ережелерге негізделген, айғақтарды зерттеу және жинауда қолданылатын суреттерді түсіру әдіс-тәсілдерінен тұрады Осы аталған әдіс-тәсілдерді талқылаған жөн.
Криминалистикалық суреттңі әдіс-тәсілдері
Жоғарыда көрсетілген суретке түсіру тәсілдерінің мәнін, ерекшеліктерін және қолданысын қарастырайық.
1. Есте сақтау әдісі.
Панорамалық суретке түсіру үлкен бойлықта жатқан, объектілерді немесе объектілер тобын жүйелі түрде суретке түсіру және бір-бірімен байланысты кадрларды біріктүріп жалпы панорамалық суретке біріктіру.
Панорамалық суретке түсірудің екі түрі бар:
1. сызықтық;
2. айналмалы.
Бірінші түрде суретке түсіруде, түсіру объектүсінің бөліктері жек түсіріліп, фотокамера, түсіру объектүсіне параллель жатқан, сызықтағы бірнеше нүктелерге орналастырылады.
Ал, екінші түрде, түсіру объектүсінің біркелкі қашықтықта жатқан бір нүктеден суретке түсіріледі. Фотоаппарат қозғалысына бағыт таңдап оңға, солға, бастапқы кадр шкаласын анықтап, суретке түсіреді.
Панорама сызықтық және айналмалы суретке түсіруде, сапалы сурет шығару үшін мына ережелерді ескеру қажет:
әр келесі кадрды түсіруде, алғашқы кадрдің 10-15 пайызы қамтылады;
бір қалыпты диафрагма және үзілісте суретке түсіру;
суретке түсіру кезінде аппарат биіктігі бір қалыпта қалып, оптикалық ось бір жазықтықта жатуы тиіс;
бір мөлшерлі суреттерді, бір қалыпты үзілісте, бір материалда шығару.
Сызықтық және айналмалы панорамалық суретке, кәдімгі күші форматты фотоаппаратпен тігінен және көлденеңінен түсіруге болады.
2. Стереоскопиялық суретке түсіру.
Стереоскопиялық суретке түсіру арқылы, оқиға болған жердегі объект детальдарын зерттеуге болатын, объектінің толық бейнесін алуға болады. Стереоскопиялық бейне алу үшін, бір-біріне көлденең, 65 мм базистік адамның оң және сол көзі арасындағы қашықтық қашықтықта жатқан, 2 түсіру нүктесінен дайындалған 2 сурет шығару керек. Мұндай түрдегі суретке түсіру, спутник фотоаппараты немесе стерео-қондырғышы мен стереопленкасы бар кәдімгі фотоаппарат арқылы жүзеге асырылады. Осы түрде түсірілген, объектінің екі суреті, стерео деп аталады. Объектінің стереоскопиялық бейнесі нәтижелі болу үшін, стерео, стереоскоп деп аталатын арнайы құралмен зерттеледі. Стереоскопиялық суреттер, оқиға болған жерді, ондағы заттарды, қылмыс қаруын, іздерін көрнекті етіп көрсетеді.
3. Өлшеу масштабтық суретіне түсіру.
Бұл суретке түсіру түрі, зерттеудегі объект белгілері мен қасиеттері жайлы, мәліметтер ауқымы кең суреттер шығаруда қолданылады.
Қазіргі уақытта тергеу тәжірибесінде өлшеу суретіне түсірудің көп әдістері қолданылуда:
сызықтық масштабта, планды суретке түсіру;
терең масштабта, көріністі суретке түсіру;
төрт бұрышты масштабта, көріністі суретке түсіру;
арнаулы аппараттармен көріністі метрлік суретке түсіру.
Іс-тәжірибе көп қолданылатын сызықтық масштабтағы, планды суретке түсіруге тоқталып өтейік. Суретке түсірудің бґл түрінің планды плановой деп аталу себебі, фотоаппарат объективіне қарсы орналасқан зат, суретте көріністі кескіні бұзылмай бейнеленеді.
Суретке түсіру кезінде мына ережелерді ескеру Қажет:
Зат қасындағы масштабпен бірге, бір уақытта суретке түсіріледі сантиметрлік және миллиметрлік бөлгіштері бар сызғышпен;
анық бейне шығару үшін, сызғышты жазықтықтан жоғары биіктікке қояды;
объективтің оптикалық осі, түсірілуші объектінің ортасына бағытталады;
пленка жазықтығы, түсірілуші объекті жазықтығына параллель орналастырылады.
Суреттегі объект мөлшерін мына түрде анықтайды: сызықтық бейне ґзындығы, оның сантиметрмен берілген нақты ґзындығынан қанша есе күшті екендігі анықталады, яғни суреттік көшіру коәффициенті шығарылады. Із немесе зат бейнесі ґзындығы мен енін, коәффициентке көбейтеді. Осы шыққан көлем, объект мөлшері болып саналады.
Сызықтық масштабта, планды суретке түсіру объектілері, көп жағдайларда заттар мен іздер болып келеді. Ал, жеке түрде, оқиға болған жердегі аяқ, бұзу қаруы, қауыз, оқ және қан іздері, түсіру объектісі болып саналады. Ұсақ заттарды суретке түсіру, ұзарту сақиналары қолданылады.
Мұндай суретке түсіру кезінде, түсіруші объект, кадр жазықтығын толық алып жатуы тиіс.
4. Репродукциялық суретке түсіру
Жазба, сызба, сурет және басқа да тегіс, жалпақ объектілердің суретке түсіру арқылы көшірмесін алу, суреттік репродукция деп аталады. Репродукциялық суретке түсіру, арнаулы РДУ, РУ-2, С-64, МРКА, Белорусь фотоаппараттар мен кәдімгі фотокамера арқылы жүзеге асырылады.
Кәдімгі фотокамералармен суретке түсіруде мына ережелерді еске ұстау қажет:
түпнұсқаны бір қалыпты жарықтандыру түпнұсқаға 45С бұрыштықа орналасқан, жарық беру қондырғысы арқылы жанынан жарық беріледі;
түпнұсқа суреті қондыррғысын, әкранға, түпнұсқа жазықтығы оның орталығына бағытталатындай етіп орналастыру;
әкспониралау кезінде, түпнұсқа мен фотокамера қозғалмай, бір орында тұруы тиіс.
Репродукциялық суретке түсірудің, рефлекстік түрі, цилиндрлі формадағы объекті көшірмесін алуда қолданылады.
Рефлекстік суретке түсіру, арнайы рефлекстік сурет қағазы көмегімен, мына түртіпте жүзеге асырылады:
түсірілуші объект Әґнат бетіне сурет қағазы әмульсиялық қабатымен түпнұсқаға қойылып, сурет қағазына сырт жағынан жарық түсіріледі;
сурет қағазын кәдімгі жолмен әкспониралап, нәтижесінде түпнұсқаның негативті бейнесі шығарылады;
негативтен, контакттық әдіс арқылы көшірмелерін алуға болады.
5. Тану суретіне түсіру.
Суретке түсірудің бұл түрі, қылмыскерлерді іздестіру, анықтау, қылмыстық тіркеу мақсатында және адамдар мен өліктерді сырт белгілеріне қарап анықтауда қолданылады.
Тану суретіне түсіруде, тіркелген тұлғаны 1/7 табиғи көлемінде белуардан 2 рет суретке түсіреді оң профиль және анфас.
Тану суретіне түсіру ережелері:
объект, бас киімсіз және үстіңгі киімсіз суретке түсіріледі қылмыскерлер, өлік;
жеке белгілер ерекшеліктері болған жағдайда, сол жақтан, яғни сол профильде суретке түсіру;
шашты, құлақ жарғағы көрініп тұратындай етіп тарау;
түсірілуші объект тіке, басы төмен қаратылмай, тіке қаратылып тұруы тиіс;
Өлік беті бұзылған немесе былғанған жағдайда, жуып-тазалау қажет жараларды тігу, бетті жуып, опалау, көзін ашу;
суретке түсірілуші өлік үстінде, табылған кездегі киімі болуы тиіс және міндетті түрде оң профиль түсіріледі.
6. Макро суретке түсіру
Ұсақ заттар, суретке түсірілу кезінде үлкейту, фотоаппарат немесе макрофото қондырғышы арқылы жүзеге асырылады.
Міне, криминалистиканың жеке саласы, криминалистикалық суретке түсірудің әдіс-тәсілдерін қарастырдық. Жоғарыда атап көрсетілгендей, криминалистикалық сурет объектілерінің бірі, оқиға болған жер болып табылады.
Оқиға болған жердің суреттері:
оқиға болған жердегі, жек және толық жабдықталуын көрнекті етіп көрсетуі қажет;
жабдықтардың барлық деталдарын көрсетуі тиіс;
түсірілуші объект көлемін көрсетуі қажет масштабты суретке түсіру.
Осы мақсатта, криминалистикада 4 түсіру тәсілі қарастырылған:
1. бағыттау (ориентирующая);
2. шолу (обзорная);
3. топтастыру (узловая);
4. бөлшектеу (детальная).
Бағыттау суретіне түсіру, бұл оқиға болған жердің жабдықталуын толық қамтып, суретке түсіру болып табылады. Оқиға болған жер, кадр орталығында болып, объектіден алыс жерден түсіру қажет. Оқиға болған жердің, қоршаған ортаға қатыстылығын анықтау үшін, кадрге тұрақты бағыттарды алу керек. Ал, негізінде бағыттау суретін, оқиға болған жерді, толық қамтитын биіктіктен төбе, құрылыс төбесінен түсірген дұрыс. Мысалы: қасақана өлтүру ісі бойынша, өлік жатқан үй, оған қатысты көшелермен қоса, панорамалық әдіспен суретке түсіріледі.
Шолу суретіне түсіру дегеніміз, бұл жақты оқиға болған жерді суретке түсіру. Қылмыс жайлы толық мағлґмат алу үшін, оқиға болған жерді 2,3,4 жерден, әсіресе биік жерден суретке түсірген дұрыс. Мысалы: қасақана кісі өлтүру ісі бойынша, шолу суреті болып, өлік жатқан бөлменің жалпы көрінісі қамтылған сурет болып табылады.
Топтастырып суретке түсіру дегеніміз-бұл оқиға болған жердегі маңызды заттар мен бөліктерді суретке түсіру. Мысалы: өлік түрлері, есікті бұзу қаруының іздері есікпен бірге, үнгірдің қоршаған жағдайға байланысты орналасуы және т.б.
Тергеуші, жедел қызметкерлер, топтастыру суретке түсіру кезінде, қамтылатын аумақ тегін анықталуы тиіс.Таңдап алынған жер, шолу суретіне қажетті торап орналасқан жерді толық қамтуы Қажет. Торапты суретке түсіру стереоскопиялық әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Бөліктік суретке түсіруде, оқиға және қылмыс қаруы іздері және бөліктері жеке суретке түсіріледі аяқ, қол, бұзу қаруы және көліктердің іздері. Жеке суретке түсіру кезінде, объект белгілері анық көрінуі үшін төбесінен, ірі планда алып, масштабтық әдісте суретке түсіреді. Мысалы: өкше, таға ізі, автокөлік ізіндегі, шина протекторының суреті. Осы аталған, суретке түсіру тәсілдері арқылы, оқиға болған жерді жан-жақты, толық бейнеленген суреттер шығаруға болады. Суретке түсірудің бұл әдіс-тәсілдері, тек оқиға болған жерді ғана емес, басқа тергеу іс әрекеттерінде, яғни тінту, алу, тергеу сараптамасында да қолданылады.
Сараптама тәжірибесінде қолданылатын суретке түсіру тәсілдері.
Зерттеу тәсілдері
Сараптама өндірісінде зерттеудегі объектінің жалпы көрінісі бейнеленген суреттер қолданылады және де көзге көрінбейтін объект бөліктерін айқындауда, суретке түсірудің маңызы зор. Өйткені, сурет арқылы, сот немесе тергеу кезіндегі сараптау нәтижесінде анықталған белгілерді, айқындап көрнекті етіп көрсетуге болады.
Осы мақсатта, жоғарыда көрсетілген суретке түсіру тәсілдерінен басқа да, арнаулы әдістер қолданылады. Атап айтқанда: контрасты өзгерту тәсілі, макро суретке түсіру, микро суретке түсіру, спектрдің көрінбейтін сәулелерінде суретке түсіру ультракөгілдір, инфрақызыл, рентген. Осы тәсілдердің бірнешеуіне тоқталып өтейік.
Контрасты өзгерту әдісі
Бұл әдіс көзге нашар көрінетін, іздерді, жазуларды, объектілерді айқындауда қолданылады. Мысалы: өшіп кеткен жазу немесе құжат фоны, түстес материалдағы қан ізі. Бұл жағдайларда бояу ашықтығы қатынасын өзгерту қажет, яғни контрасты ұлғайту қажет.
Контрасты ұлғайту мына түрде жүзеге асырылады:
контрасты материалдар арқылы суретке түсіру және шығару, арнаулы айқындағыштармен химиялық өңдеу. контрасты материалдар: диапозитивтік пластинкалар, Микрат-200, Микрат-300 пленкалары, контрасты сурет қағазы;
Қиғаш жарықтандырып суретке түсіруде, объекті жарықтандыру жағдайын өзгерту қиылған, кесілген іздер, құжаттағы таппалған іздер;
контрасты материалдары негативтер мен позитивтер дайындау контратипированием.
Микро суретке түсіру
Бұл әдіс, объектінің көзге көрінбейтін ішкі көрінісін, бөліктерін суретке түсіруде қолданылады. Микро суретке түсіру үшін МФН-1, МФН-2, МФН-3 микрофото қондырғышы бар микроскоп және арнаулы камералар қолданылады.
Спектрдің көрінбейтін сәулелерінде суретке түсіру.
Суретке түсірудің осы түрінде мыналарды айқындауға болады:
а) Ультракөгілдір сәулелерде-құжаттардағы толықтырулар мен өзгертулер, улау іздерін қиылысқан сызықтар бояуының жағылуын, бір түстес қалам және сия іздерінің айырмашылықтарын әр уақытта жазылғанын анықтауға болады.
б) ИнфраҚызыл сәулелерде-бояу жағылған жазбалар, Қойылған қолды өзгерту белгілері, мөр, штамп таңбалары, атыс іздері, күйелері, адам денесінде, киіміндегі ұнтақтар анықталады.
в) Рентген сәулелерінде-құлып, пломб ішкі қабаттары, жақын атыс іздері, қағаз құрамы анықталады.
Криминалистикалық суреттің дамуы барысында, тергеу, сараптама тәжірибесінде қолданылатын суретке түсірудің сан алуан түрлі әдіс-тәсілдері жетілген. Тергеу іс-әрекеттерінде, сараптамада, шығарылған, айғақ бола алатын суреттер, белгілі бір іс жүргізуде және техникалық түрде дайындалады.
Суреттерді іс жүргізуде және техникалық түрде дайындау безендру.
Қылмыстық істе, айғақ ретінде, пайда болуы анықталған материалдар ғана пайдаланады, яғни қылмыстық істе пайда болу себебі анықталған материал. Қылмыстық істегі суреттердің, қандай суреттік тәсіл арқылы түсіріліп, шығарылғандығы, тергеу ісінің сәйкес қаттамасында көрсетіледі.
Іс-тәжірибе барысында, хаттамаға мына мәліметтерді енгізу қажеттілігі анықталды:
1. сурет түсіруді қолдану фактісі;
2. суретке түсіру объектілері;
3. суретке түсірудің әдіс-тәсілдері;
4. суретке түсіру жағдайлары:
а) фотоаппарат түрі;
і) объектив түрі;
б) жарықтандыру сипаты;
в) қосымша құрылғыларды қолдану мысалы: ұзарту сақиналары;
г) негативтік материал сипаты;
д) диафрагма және суретке түсіру аралығындағы үзіліс.
5. Қай жерден нүктеден суретке түсірілді.
6. Кім суретке түсірді.
Тергеу ісіне қатысты тұлғалар, суретке түсіру және оның мақсаты жайлы хабардар етіледі. Қылмыстық іскі қатысты суреттер, сәйкес үлгіде дайындалады. Сурет кестесіне орналастырылатын суреттер, мына фототехникалық талаптарға сәйкес пайдалануы қажет:
таза;
бейне ашық, контрасты дұрыс;
тік үшбұрыштық дұрыс форма;
дұрыс бағытталуы мысалы: фотобейненің көлденең сызығы, суреттің төменгі сызығына параллель жатуы тиіс.
Сурет кестесін дайындауда мына ережелерді ескеру керек:
а) суреттерді, сурет кестесінің оң жағынан 30-35мм қалдырып жапсыруы керек;
ә) әр сурет, тергеу орнының мөрімен бекітіледі;
б) суреттерді жалпыдан жалқыға принципі бойынша жапсыру керек;
в) әр сурет астына рет саны қойылып, мына тәртіпте түсіндірме жазылады:
суретте не бейнеленген;
сурет қай нүктеден түсірілген;
суретте көрсеткішпен, санмен көрсетілген бейнеле.
г) сурет кестесінің соңында мыналар көрсетіледі:
барлық суретті суретке түсірудің жалпы жағдайы;
Құрал-жабдықтардың қолданылу сипаты;
суретке түсірген, суретті және сурет кестесін дайындаған тұлға кім;
осы тұлғалардың қолы.
Сурет кестесіне, пленкадағы кадр саны, негативтің сурет кестесіне қатыстылығы көрсетілген, тергеуші аты-жөні, қолы қойылған, негатив салынған конверт қоса тіркеледі. Сурет кестесі, тергеу ісі хаттамасымен бірге, қылмыстық іске тіркеледі. Суреттерді іс жүргізу және техникалық дайындау тәртібінің тергеу ісіне жеке объектілердің ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алуда маңызы зор.
Сандық фотография бүгінгі таңға дейін сарапшының қорытындысына қосымша түркелетін суреткестені әзірлеу барысы негативті және позитивті материалдарды өңдеуде біраз жұмысты қажет ететін процестен тұратын. Егер зерттеу барысында арнайы суретке түсіру тәсілдері қолданылған жағдайда еңбек шығыны одан сайын өсе түседі. Мәселен, күнделікті сурет тәсілдерін қолдану барысында алғашқы дайындық жұмыстарды жүргізуді (ерітінділер әзірлеу, әкспозицияны таңдау, айқындау тәртібін анықтау және т.б.) қажет етеді, бұл өз кезегінде берілген тапсыманы орындау мерзіміне кері әсерін тигізеді. Сол себепті бүгінгі таңда суретті бекітуде сандық технологиясына негізделген жаңа әдіс кеңінен қолданысқа ие бола бастады. Бұл өз кезігінде, сот-сараптамасының мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы сурет өндіруші фирмалар бейнелерді бекітуге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізуде сандық технологиясын қолдану жұмыстарын атқаруда. Бұл келешкте кең қолданысқа ие болатын жаңа техникалық құралдарың пайда болуына әкеліп соқты. Сандық сурет әдісі, әкспонирлеуді, жарыққа сезімтал материалдарды өңдеу процесін және алдын ала әзірлеуді қажет етпейтін, сурет кесте әзірлеу мерзімін анағұрлым азайтатын әдістен құралған. Күнделікті суреттегі бейне, фотопленканың жарыққа сезімтал қабатында бейнеленеді, ал сандық суретте жарыққабылдағыш ролін әлектронды қабат—ПЗС (прибор с зарядной связью) зарядтық байланыс құралы – сызғышы немесе ПЗС–матрица атқарады.
Сонымен, сандық технология ғылыми-зерттеу фотографиясына жаңа —сандық құралды берді. Бұл құрал бізге белгілі фотографиялық тәсілдерді толықтыруға және өзгертуге мүмкіндіктер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |