Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет35/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Бақылау сұрақтары:

  1. Аяқ ізін табу мен алу тәсілдері?

  2. Аяқ ізі бойынша жүргізілген трасологиялық сараптама қандай мәселелерді шешеді?

  3. Криминалистикада тіс іздерінің маңыздылығы?

  4. Ерін іздерінің криминалистикадағы маңыздылығы?

  5. Киім іздерінің криминалистикадағы маңыздылығы?

  6. Қандай іздер адамның биологиялық шығу тегі іздерін жатады?

  7. Биологиялық іздер қалай анықталады және алынады?

  8. Құрал және сайман іздері дегеніміз не және олар қандай топтарға бөлінеді?

  9. Трасологияда құлыптар қандйа түрге бөлінеді және оларды бұзудың негізгі тәсілдерін ата?

  10. Трасологияда авто-көлік іздері қандйа топқа бөлінеді?

  11. Авто-көлік іздерінің криминалистикалық маңыздылығы?



Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Криминалистика негіздері : оқу құралы /. Г. Абуов. - Алматы, 2004
2. Криминалистика. Дәрістер жинағы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2017.
3. Криминалистика : Учебник для вузов / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я. Драпкина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Высшая школа, 2000.
4. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы : Әдістемелік оқу құралы / Б. Салаев [и др.]. - Алматы : Жеті жарғы, 2005.
Қосымша әдебиеттер
1. Криминалистика / Россинская Е.Р. - М., 1999
2. Криминалистика : Учебник / Под ред. В.А. Образцова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Юристь, 1999.

№10 Дәріс тақырыбы: Соттық баллистика




Дәріснын жоспары:

  1. Соттық баллистиканың түсінігі.

  2. Отты қарудың түрлері.

  3. Оқ дәрілер.

Кіріспе
Қылмысқа қарап тиімді жүргізіп, оның себептерін жоюдағы негізгі шарт, әр қылмысты жылдам және толық ашып қылмыскерлерді жазасыз қалдырмауды толық қамтамасыз ету керек. Оған қылмысты оқ ататын қаруды қолданып жасаған категориясы да жатады.
Қаруды қолдану адамдардың денсаулығына үлкен қауіпқатер туындады. Сондықтан қылмыскердің қаруды қолдануы, жазаны ауырлататын жағдай болып саналады.
Қазақстан Республикасында қарудың заңсыз алып жүру сатау, алу, жасау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚР ҚК 251 бап).
Жеке қылмыстарды (кісі өлтіру, тонау, бас бостандығынан айырылған, орыннан қашқандар) оқ ататын қаруды қолданып жасайды және олардың қаруды, оқ дәрісі, әрекет іздері айғақты дәлел болып саналады.
Осыған байланысты анықтама органдарында, тергеушілерде ату ара қашықтығы, атқан орны, қарудың қандай түрінен атылған туралы тағы сол сияқты оқиғаны тексерген жағдайда мәнін анықтауда мүмкіндік туғызатын көптеген сұрақтарын меңгергенде шешілуі мүмкін.
Оқ ататын қару, оқ-дәрі және оны қолдану іздерін криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі.
а) Сот баллистикасының түсінігі
Сот баллистикасының түсінігі – ол криминалистикалық техникалық саласы ретінде, оқ ататын қаруды, оқ–дәріні және оны қолдану іздерін, оның амалдарын, әдіс және табу тәсілін, өңдеп ол объектілерді айғақты дәлел ретінде зерттеп оқып үйренеді.
Сонымен сот-баллистикасының объектілері болып мыналар саналады:
- оқ атылатын қару (қолмен ұстайтын) оның бөлшектері;
- оқ-дәрі оған (жабдықтар мен бөлшектер);
- атылу нәтижесінде оқ–дәріде және басқа заттарда пайда болған іздер;
Ерекшеліктерді айыру объектілері және сот баллистикасының бағытын анықтайды, олар мыналар:
- оқ ататын қарудың, оқ дәрінің және оның іздерінің пайда болу, және өзгерту әрекеттерді заңдылығын оқып білу;
- тауып алу амалын қабылдап өңдеу және сол объектілерді айғақты дәлел ретінде белгілеп алу;
- өңдеу методикасы және оқ ататын қаруды соған ұқсас мерей жарақтарды, оқ-дәрілерді, олардың Бөлшектерді және ідердің қылмысты ашу мақсатындағы әсерін зерттеу амалдары;
- эксперттік зерттеудің практикасын жинақтап қорыту, қаруды қолдарын, қылмысты жасауда мүмкіндік туғызу жағдайын білу және оны жасаудың әрекетін жою;
- оқ ататын қарудан зақым келу мен оның материалдық бөлшектерін үйрену.
Баллистика – геректің сөзінен шыққан «тастау», «лақтыру» мағнаны түсіндіреді.
Сот баллистикасы өзінің міндетін шешерде әскери- техникалық ғылымның деректеріне, атап айтқанда ішкі және сыртқы баллистиканы өңдейтін теориялық жағдайына жүгінеді.
Сот баллистикасы, криминалистикалық техника басқа салаларымен де тығыз байланысты, оның үшінде трасологиямен.
Сонымен топтық тиістілік және қаруды теңдестіру трассологияның жекелік қасиетін, іздерді бейнелеу механизмін құру, оларды топтастыруды тағы с.с. анықтайды.
Қару мен оның іздерін зерттегенде: мысалы, оқ– дәрілер, тығындар, бытырарлар физикалық және физика– химиялық әдістерді пайдаланылады.
Сот баллистикасы мен сот медицинасы бір – бірімен тығыз байланысты. Оқ ататын қарудан алған адамның дене жарағатын сот медицинасы, сот баллистикасының жалпы орнын ескере отырып зерттейді.
Практикада сот медициналық және баллистикалық экспертизаны қҮрама (комплексті) түрде тағайындау көп кездескен.
Сот-баллистикасының осы көрсетілген бағыттары, басқа ғылымдармен тығыз байланыста болып, тақырыптардың бет алысы мен экспертизм зерттеуді, қаруды қарап шығуда және оның қолдану іздері мен көп сурақтардың шешімін шешуге мүмүкіндік туғызады:

  1. Сұрақтарға объектінің оқ ататын қаруға қатыстылығын оқ–дәрі мен қарудың техникалық жағдайын анықтауға мүмкіндік туғызу, (дәл осы объект оқ ататын қару болып саналады ма, қару түзу ма және атуға жарамды ма тағы сол сияқтылар жатады).

  1. Сұрақтарға, қару оқ–дәрілердің оның бөлшектерінің сайманның топтық байланысын анықтауға (осылар мен қауызлардың қандай түріне жатады, қарудың қандай үлгісінен атылған болуы мүмкін тағы с.с.).

  1. Сұрақтарға, қаруларды теңдестіру (тап осы қарудан атылған оқ па және тағы с.с.).

  1. Сұрақтарға, соның жәрдемімен қаруды қолданудың жеке жағдайларын анықтауға (қандай ара қашықтықтан атылған, қару тигізу объектіміне ату мезгілінде қандай жағдайда болған тағы басқа).

Осы атылған сұрақтардың едёірі бөлім сот-баллистикалық экспертизамен шешіледі. Сот-баллистикалық экспертизаны қолданудың мүмкіншілігі, қарудың қҮрылсымен танысуды, оның түрлері мен ерекшеліктері, оқ-дәрінің қасиеттері, ату механизмі снаряд пен қарым-қатнасын болжау. Осы сұрақтарға тоқтап кетуіміз керек.
Бірінші кезекте оқ ататын қарудың түсінігін талқылап өтеміз. Оқ ататын қару дегеніміз, снаряд (оқ, бытыра, артилерияның ірі бытыралары) газдың қысымымен қопарғыш заттардың жануынан құралып, қозғалысқа келтіреді.
Сот–баллистикасы оқ ататын қарудың барлық түрлерін зерттей бермейді, ол тек қылмыскерлер жиі қолданатын қолмен оқ ататын қаруды ғана зерттейді.
Қолмен оқ ататын қару оның түрлерінің көптігінен әр түрлі негіздерге байланысты топтастырылады:
І. Қолдануына қарай: соғыс қарулары (винтовка, карабин, автомат, пистолет, револьвер т.б.);
2. спорттық үйрену құралдары (жаттықтыру мақсатына арналған-кіші калибрлі винтовка, пистолет және револьверлер);
3. аң аулауға арналған (бір ұңғыны, екі ұңғыны, үш ұңғыны мылтық, карабиндер т.б.);

  1. криминалды қаруларға (кесілген мылтық (обрез) өздігінен жарылғыш).

ІІ. Механизмдердің қимылына қарай: автоматты түрде, ішкі механизмнің от алуына өзінен-өзі жҮмыс істеу, (автоматты жартылай автоматты, автоматты емес).
ІІІ. Дайындалу тәсіліне қарай: зауытта жасалған, қол-өнер жолмен, қолдай істелген.

    1. Ұңғының ұзындығына қарай:

1.қысқа ұңғыны,

  1. орта ұңғыны,

  1. ұзын ұңғыны.

V. Ұңғы каналының қҮрылысына қарай: иір ойықты, тегіс ұңғыны, тегіс иір ойықты (парадока).
Осы заманғы соғыс және спорттық қарулар иір ойықты
болып келеді. Отанды қарулардың негізінде 4 иір ойығы бар шетелдіктерде - 8 дейін.
Иір ойықтар – ол бҮрынданың іздеріне Ұқсас тереңдіктер олар снарядты айналу қозғалысына келтүріп, Үшу түрақтылығы мен қашықтықты қамтамасыз етеді. Иір ойықтар аралығы танаб деп аталады.
Тегіс ұңғыны қарудың иір ойықтары болмайды, оның диаметрі ұңғы каналына келетін домалақ оқтардың санымен өлшенеді, ағылшынның фунд-қорғасынынан дайындауға болады (1 фунд 45,3 гр.).
Тегіс ұңғылы қарудың иір ойықтары тек аузының кесілген жерінде болады. Жанға салып жүретін оқ ататын қарудың негізгі бөлшектері мен түйіндері болып ұңғы саналады. «Құлып немесе қазына, ұру-соғу механизмі, қауызды алып тастау механизмі (ілгіш пен тепкіш), жылжыту құрлысы бар дүкен, сақтандырғыш механизмі, белгі беруші құрылғы, көздеу құрылғысы, ложе мен рамка».
Осы негізгі қарулар ату үшін бірыңғай патрондармен жабдықтандырылады. Ол қауыз, капсюл, тамызық қуаты (заряды) және оқтардан түрады.
Оқ және қауыздағы ату іздерінің өзіндік және түрақты белгісі бар ол қарудың нақты анықтау нақты түрін анықтауға жағдай туғызады.
Қарудағы – оқтағы және қауыздағы іздеріне қарап Ұқсастыру негізінде, қылмысты тексерген де табысты аяқтауға мүмкіндік туғызады. Соның себебін мына мысалдар дәлелдейді:
8 маусым 1992 жылы белгісіз қылмыскер облстройпром комбинатының кассиріне банкіден көп мөлшерде ақша алып келе жатқан арнайы автобусына шабуыл жасап тонап ақшаны алып кетеді.
Қылмыскер маска киіп оқ ататын қарумен шабуыл жасап, оқ атқан. Автобустың үшін қараған кезде атылған оқ табылған. Баллистикалық зерттеу кезінде «Наганң тапаншасынан атылғаны анықталған.
10 маусым 1992 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін сезіктеніп іздеуде жүрген азамат Додаев Мавсар Мавлен Үлы Үсталған, үйін тексергенде «Наган» револьвері табылған. Ол өзінің кассирге шабуыл жасап тонағанын мойындамаған, бірақ баллистикалық экспертизаның қортындысы бойынша 8 маусым 1992 жылы оқиға болған жерден алынған оқ Додаевтың үйінен табылған револьверден атылған делінген. Сонында өтүрік екіні жоққа шығаратын дәлелдердің қысымымен Додаев М.М. қылмыс жасағанын мойындады.
Мылтықтан атылған іздерді теңдестірудің маңыздылығы, қауызлар мен оқтардан бәрі түсінікті болып отыр.
Мылтықтың атылу салдарынан тосқауылдарда, іздер құралады, олар негізгі және қосымша деп топтастыылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет