Құпия хаттарды анықтау. Қылмыскерлер тергеуден мәліметтерді жасыру мақсатында құпия хаттар жазысады. Қылмыскерлер қолданатын Бұл хат жазудың 2 түрлі әдісі бар:
Кәдімгі жазумен жазу;
Шифр арқылы жазу;
Құпия хаттардың мынандай белгілері бар:
қатар арасындағы кең интервалдар, белгілер, астыртын сөздер.
Машинамен жазылған жазбаны зерттеу.
Жазу машинкасының сындарлы, жалпы ерекшеліктері: басты механизм қадамы, аралық интервалдар мөлшері, шрифт түрі, клавиатура түрі, қатар аралық интервал.
Басты механизм қадамы-жазу машинкасының клавишын бір басқан кездегі өлшемі;
Қатар аралық интервал – қатар ауысу кезіндегі өлшемі;
Клавиатура – белгісі бар клавиатуралар жиынтығы. Оның саны 84-тен 92-ге дейін болады.
Шрифт-жазу жазатын литер жиынтығы. Оның арнайы мөлшері, баспа белгісің суреті бар.
Жеке белгілер – машинка механизмі мен шрифт ақаулары арқылы көрінеді.
Баспа механизм ақауы-әріп тұтқасының қисаюы, шатасуы, литердің бос болуы т.б. Осы ақаумен жазылған жазабада әріптердің алмасуы, әріптердің тігінен, көлденеңнен қисаюы, т.б. белгілер байқалады.
Шрифт ақауы-Бұл баспа литерінің зақымдануы. Бұл кезде әріптің кейбір элеметтерінің болмауы, баспа белгілерінде штрихтардың паралель орналаспауы байқалады.
Қорыта келгенде, құжаттарды техникалық зерттеу тарауында, құжаттарды құрал-жабдықтар арқылы зерттеудің алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін анықтадық.
Бұл қарастырылған әдістер мен тәсілдер-қылмыстық істі ашу кезінде мағынасы бар құжаттарды зерттеуде, жалған құжат жасау белгілерін, көзге көрінбейтін таңбаларды, жазда машинка түрін анықтауда көмегін тигізеді.
Қортынды: Құжаттар-криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде, қылмыстың іске ашу кезінде айғақтардың қайнар көзі, заттай айғақ болып саналады.
Қылмыскерлерді анықтау, іздеу, табу кезінде, қылмыстық істі ашуда құжаттардың тигізер әсері мол.
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу-қылмыстық іске қатысты оқиғаларды, жағдайларды нақтылайды.
Қылмысқа қарсы күрес кезінде ішкі істер қызметкерлері, құжаттарды криминалистикалық зерттеудің әдістері мен тәсілдерін, сараптамаға материал дайындауды, сараптама қортындысына баға берудің ережелерін жақсы меңгеру қажет.