Криминалистикада жазуды криминалистикалық зерттеудің негізгі мәні-жазудың орындаушысын анықтау (қол қою, санмен жазылған жазу т.б.)
Хат – Бұл арнаулы белгілер, әріптер арқылы адамның ойын қағаз немесе басқа бір материал бетіне түсіруі.
Криминалистикада хат зерттеу обьектісіне айналған кезде, оның мағынасы мен жазу әдісіне көңіл бөлінеді.
Яғни, мыналар арқылы зерттеледі:
хат мазмұны;
жазу әдісі;
Лексикалық қор – автордың сөздік қорын анықтау. Орындаушының сөздік қорының бай немесе аз болуы, оның қоғамдық дәрежесін көрсетеді. Лексикалық қор арқылы, автордың мамандығын, ортасын анықтауға болады.
Грамматикалық белгілер - хат жазудың грамматикалық ережелерін қадағалау сатысы және ондағы қателер.
Жазу әдісі - жазу кезіндегі қимыл негізінде әдетке айналған іс-әрекет жүйесі жазу әдісінің өзіне тән 2 негізгі ерекшелігі бар. Олар: өзіне тән, жеке жазу әдісі және салыстырмалы орнықты жазу әдісі. Яғни бірінші топ- іс әрекет бағдарының белгісі екінші топ—жазу әдісіндегі іс-әрекеттің дәрежесі мен мәнінің белгілері.
Жазу әдісінің дәрежесі - жазу кезіндегі іс-әрекеттің жылдамдылығы мен оның жазылуына қарай анықталады.
Жазудың сындарлы күрделілігі дегеніміз - хаттағы белгілердің жазу кезіндегі іс- әрекет күрделілігі. Іс- әрекет бағыты, тік және тікбұрышты, доғалы, домалақ тәрізді, аралас түрлі болып келеді.
Жазу байланыстылығы дегеніміз - жазу кезінде бірнеше әріптерді қағаздан жазу құралын алмай, үзбей жазу әдісі.
Жазу сиректілігі дегеніміз - әріптер енінің оның ұзындығына қатысы.
Жазу мөлшері - жазуда штрихтардың орташа биіктігі.
Жазу қисықтылығы (нахлоп) - хаттағы белгілердің хат сызықтарымен салыстырмалы түрде орналасуы.
Жазу қысымы дегеніміз - жазу кезіндегі штрихтарды орындауда жазу құралына түскен қысым.
Қорыта келгенде жоғарыда көрсетілген жазу әдістері мен хат белгілері және оның мазмұны, қылмысты ашу кезінде құжат иесін, орындаушысын анықтауға себебін тигізеді.
Криминалистикадағы сараптама өндірісінде, құжат орындаушысын анықтауда хат белгілерінің тигізер әсері мол. Осы хат белгілерін анықтауды қорытындының дұрыс болуы үшін, жазуды сараптауда қолданылатын материалдарды дұрыс таңдау қажет. Сондықтан осы сұраққа тереңірек тоқталып өтейік.