3. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ауызша суреттеуді қолдану. Адамдарды сыртқы белгі-нышанына қарап сарапшылық теңестірудің негізгу жаедайы.
Шапшаң шүғыл және тергеу практикасында ауызша суреттеу кең қолданылады. Олар мынадай жағдайларда қолданылады:
* Белгісіз қылмыскерді ерекше белгісіне қарап, алғашқы тергеу амалдарын жүргізіп анықтағанда іздестіру;
* Сот пен тергеуден бас сауғалап, бас бостандығынан айырылған жерден қашқан қылмыскерді іздестіруде;
* үшты-күйлі жоғалып кеткенде іздестіруде;
* түрі адамдар мен өліктерге тану жүргізгенде;
* адамдардың теңестіру бағытында (эксперттік) сарапшының фотокескінді зерттегенде;
* құжаттарды тексергенде;
Осы бағыттарды талқылаймыз.
Оқиға болған жерде қашып кеткен белгісіз қылмыскерді ауызша суреті, жәбірленуші мен куә, көзімен көрген адамдардың және де қылмысты тексере келе жағдайды зерттеп талдау нәтижесінде алынған деректерден қүрастырылады. Осы аталғандардан жауап алу процессуалдық және тактикалық ережені сақтай отырып жүргізіледі. Жауап беріп отырған адам қылмыскердің сыртқы белгі-нышанын жай әңгімелесіп отырып баяндап береді. Кейін жауап беріп отырған адам ерекше белгісін мінездеуді қалай түсінетіндігін анықтауға болады.
Жетекші сұрақ қоюға болмайды, себебі ол сыртқы кескінін бейнелеп түсіндіруді бүрмалауға әкеп соқтыруы мүмкін.
Жауап беріп отырған адам «ауызша сурттеудің» терминологиясын білмейді. Сондықтан жауап алған кезде арнайы атаудан қашып, оны жалпы қодданылып жүрген сөзбен алмастырылып айтылуы қажет.
Мысалы, жәбірленуші қылмыскерді пүшық мұрын деп көрсетеді. Терегуші болса оны мұрын үсті шүңқыр, мұрын тірегі көтеріңкі деп жазуы керек.
Жауабын бағалағанда мынаны анықтау қажет: үғыну қай жағдайда болған, қандай жарықта, қай уақыт арасында. Жауап қылмыскердің кескінін қайтадан жасау үшін ауызша суреттеуді дайындауда қолданылады, ол үш түрге бөлінеді:
* сурет салу—ол көрген адамдардың сөзімен, кәсіптенген суретті мен орындалған суреттер жиынтығы. Адаммен нүсқа жасайды, көзімен көрген адамдардың жауабымен бөлшектеп толықтырылады;
* композиционно -фоторгафиялық қылмыскерді портрет диапозитив арқылы (қүрастырылады). Кейін қүрастырылған портрет фотоаппарат арқылы суретке түсіріледі;
* композиционно-суретке салу (ИКР-2)—сыртқы кескін әлементтері суреттеуден қүрастырылады;
Осындай жолмен қүрастырылған портрет, фотоға түсІріліп қылмыскерді тануда және іздестіру бағытында қолданылады. Субъектвиті(бір адамға тән) портрет белгісіз жагдайда жасалған қылмысты ашуға және тергеу жүргізгенде белсене қолданылады.
Ауызша суреттеу қылмыскерді іздестіруде, соттан және тергеуден бой тасалап тығылғанда, бас бостандығынан айрылған орыннан қашқанда қолданылады. Ауызша суреттеу қамауға алынған немесе сотталғандарды тІРкейтін, есепке алатын материалдары бойынша қүрастырьшады. Бәрінен жиі фотосуреті қодданылады. Бұларға оның фото альбомы ИТУ-дан қашқандағы қамалған қылмыскердің бас дерегі, ондағы тануға болатын суреті жатады. Мәліметті анықтамақшы болған қылымскерді жақсы білетін адамнан жауап алғанда, қылмысты істен және архивтегі деректерден алуға болады.
Ауызша суреттеу танылмаған, белгісіз өліктерді және үшты-күйлі жоғалып кеткен адамдар туралы мәліметтерді, оныңтуысқандарынан, таныстарынан, қызметтестерінен және басқа куәлерден білуге болады.
Табылған сүйектерден адамның келбетімен басы арқылы қалпына келтіру, жүмсақ жамылған (жабын) арқылы 1949 жылы профессор М.М. Герасимовтың өңцеуі арқылы іске асырылады.
Оның «адамның келбеті(кескінін) бас сүйегі арқылы қалпына келтіру негіздерің Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Осы әдіс арқылы Юрий Долгорукий, Әмір-Темірдің тағы басқа тарихи адамдардың бет-келбетін мүсін арқылы қалпына келтірген. Бұл әдіс қылмыскерге қарсы күресуде де қолданылады. Солтүстік Двина жағасындағы саз батпақтан шІріп кеткен өлік табылған. Герасимовиың әдісімен қалпына келтүрілгенде, ол өлік азаматша Н-ның өлігі деп танылған.
Ауызша суреттеу құжаттарды тексертіп жеке басын куәландырғанда жеке адамды тексергенде, ұстағанда, жауап алғанда т. б. жағдайларда да кең қолданылады.
Қорыта келгенде мынаны айтуға болады:
- қылмыскермен қарсы күрес пркатикасында ауызша суреттеу мынадай бағыттарда кең қолданылады, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен қылмыскерді іздестіруде, сай және тергеуден, бас бостандығынан айыру орныдарынан қашқандарға және басқа жағдайларда.
- Оны қоддану заң және заң актілері арқылы өз уақытында анықтап және жеке адамдарды теңестіруде, болған оқиғаға қатысы бар қылмыскерді анықтап заң Іпеңберінен асып кетпей іске асырылады.
- Адамның сыртқы белгісі, нышанына қарап экспертизалық теңестіру(үқсастыру) оның қылысқа қатысы барлығын объективті шешуде мүмкіндік туғызады.
Тақырып бойынша қортынды:
1. Адамның сыртқы белгі-нышанына қарап криминалистикалық теңестіру (үқсастыру) қылмыскерге қарсы күресте ойдағыдай мүмкіндігінше кеңейтіп және уақытында қылмысты ашуға мүмкіндік туғызады.
2. Адамның сыртқы белгі-нышанына қарап криминалистикалық теңестіру (үқсатыру) ауызша суреттеу әдісі арқылы, бейнелеп түсіндіру объективті, нақты жеткілікті, толық, біркелкі түсінуді қамтамасыз етіп, мүмкіндік туғызады.
Ауызша суреттей білу, адамның кескінін, бейнелеп түсіндіру арқылы елестете білу, сыртқы бейнесін сақтап қалуды жеңілдетеді, адамды ұстағанда және танығанда, қылмыс жасады деп күдіктенгенде заңдылықты сақтауда қателеспеуге кепілдік береді. Азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.