Бақылау сұрақтары: Криминалистикалық габитология дегеніміз не?
Сырттай пішінді бейнелеу мәліметтерін иеленуші субъектісіне кімді жатқызамыз?
Адамының сыртқы пішіні қандай топтарға бөлінеді?
Адамының сыртқы пішіні қандай тәсілдермен бекітіледі?
Портреттік сараптамасының нысандары не жатады және қандай мәселелерді шешеді?
Криминалистикалық оборология дегеніміз не және оның қылмысты ашуда және қылмыстың алдын алуда маңыздылығы?
Әдебиеттер тізімі Негізгіәдебиеттер 1. Криминалистика : Учебник / Под ред. Н.П. Яблокова. - 2-е изд., перераб. и доп., М., 2001.
2. Криминалистика. Оқу құралы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2012.
Қосымша әдебиеттер 1. Криминалистика : Учебник / Под ред. В.А. Образцова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Юристь, 1999.
№14 Дәріс тақырыбы. Криминалистикалық тіркеу
Дәріс жоспары: Криминалистік есептің түсінігі, жүйесі, объектісі, оның құқықтың және ғылыми кейздері.
Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық хабар басқармасы бөлімдеріне шоғырландырылған есептер.
Криминалистикалық есептің түсінігі, жүйесі, оның объектері және, ғылыми құқықтың негіздері. Тәжірибеде қылмыспен күресу кезінде тәртіпі объектілерді іздестіру және теңестіру басқа да хабар алу үшін және де қылмыстың алдын алып, оны ату қажеттілігі пайда болады.
Бөл сұрақтарды табысты шешуге, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын криминалистік есеп (қылмыстық тіркеу) жүйесі көмек көрсетеді.
Криминалістік есеп дегеніміз - ғылыми - өңделген, криминалистік маңызы бар адамдарды, заттарды басқа объектілерді және олар туралы мағлұматтарды, есепке алу жүйесі.
Көрсетілген объектілердің есебі, криминалистік деп аталады да, қылмысты тіркеу жүйесін құрайды.
Криминалистік есептің мақсаты- тиісті органдармен олардың кызметкерлерінқылмысты істі жүргізуде теңестіруге қажетті және ашуға маңызы өте көп ақпараттармен және басқада мағләматтар мен қамтамассыз ету.
Мысалы:
Қарақшылық жасағаны үшін өзін Усманов Равиль Шамилұлы деп айтқан белгісіз біреу ұсталды, өзі туралы басқа мәлімдеме беруден бас тартты. Ұсталған кезінде одан пистолет алынған.
Осындай жағдайда тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы керек.
- ұсталған адам іздеуде жүрген жоқ па?
- ол бөрын сотталған ба, рецидивист емес пе?
- ашылмаған қылмыстарды осы істеген жоқ па?
- пистолет бір жерден ұрланған емес пе?
- көрсетілген пистолетпен бұрын соңды қылмыс жасалды ма?
Тергешінің осы мәлімдемелерді анықтау үшін, қаншана тергеу органдарын, сатты, бас бастандығынан айыру органдарын, сөрастырып жүргенін көз алдымызға елестейікші. Сірә бұл үшін көп мәлемдемелерді сақтай алмайды, себебі оған қылмысты істі жүргізу кезінде көп адамдар келіп кетеді, және әр қылмыстың ашылу жолы әр түрлі болады. Ұсталған адам және одан алынған қару жөніндегі анықталатын мәлімдемелерді тез арада және толық шешуге жүргізіліп жатәан криминалистетік есеп жүйесі өте зор септігін тмгізеді.
Ұсталған Р.Ш. Усмановтың қол таңбалары алынып дактакартасы ЭКО және информациялық орталықтағы есеп арқылы тексерілді, тексерілу барасында ол қөдайбергенов екіндігі, бұрын соңды 6 рет сотталғаны және бас, бастандығынан айыру орнынан қашып жүрген анықталды.
Усмановтан алынған пистолет криминалстік есеп бойынша тексеріліп, тексеру пәтежесінде, оның әскери бөлімшеден ұрланғаны және қарақшылық шабуылда қолданғаны анықталды.
Келтірген мысал, криминалистік есептің тергеушіге және жедел-іздестіру қызметкерлеріне қысқа мерзімде қылмысты ашуға керекті хабарлама алуға септігін тигізетінін дәлелдейді.
Қылмыспен күресудегі көп жылдық тәжірибенің әр түрлі объектілердің арасынан ішкі істер органдарының іс жүргізу және жүргізбейтін әрекеттеріндегі қылмыстарды алдын алуға және оларды табысты ашуға объектілерді Іріктеп немесе олар туралы толық хабарлар алып отыратынын көрсетті. Бұған теңестіруге немесе топтық құрамын анықтауға болатын объктілер кіреді.
Криминалистік есептің объктілері:
1.қылмыстық немесе сот ісінде қаралатын адамдар (сотталғандар, күдіктілер, айыптылар, қылмысқа қатысушылар, жазаны өтеуден қашқандар).
2. Оларға қарсы қылмыс жасалған субъектілер (белгісіз танылмаған мәйіттер, із-түссіз жоғалғандар).
3. Белгісіз аурулар.
4. қылмыстық қол сөғу заттары (реттік саны бар, реттік саны жоқ, көне заттар).
5. қылмыс жасаған зат, бұзу құралдары.
6.Іздер (қол, саусақ, аяқ киім, оқ ататын қару іздері, оқтағы және қауыздағы, көлік).
Жоғарыда айтылғандар бойынша криминалистік есептің басты мақсаты-бөл арнаулы бір объектіні анықтау болып саналады.
Осыған байланысты тіркеу әр заттың өзін жекешелейтін белгілер бойынша жүргізіледі. Осы жағдайдан туатыны, кримианлистік есептің ғылыми негізін теңестіру теориясы құрайды. Оған қосымша іздердің пайда болуы мен олардың белгілерін оқитын криминалистік ілім.
Есептік белгілерге сүйене отырып алынған заттардың теңестүрілуі, дәлелдеме және бағдарламалық хабар беруі мүмкін.
Сонымен есептегі объектінінң негізіне қарай отырып криминалистік есептің көмегімен бірнеше сұрақтардың жауабын табуға мүмкіндік туады.
Мысалы: қылмыстық құқық, қылмыстық істі жүргізу, криминалистік және жедел-іздестіру жағдайларына байланысты:
адамның демографиялық жағдайларын, оның бөрын сотталғандығы туралы және қылмысты жауапты болғандығы / қанша рет сотталғаны, не Үшін сотталғаны, жасаған қылмыстары, қылмыс жасау Үстінде ұсталғаны,
қай уақытта, қай жерде және жазасын өтеген орыны т.б.;
оқиға болған жерден қашып кеткен қылмыскерді анықтау немесе жазаны өтеу орнынан қашқан адамды;
із-түзсіз жоғалғандарды;
қылмыскерді, қылмысты жасау әдісі немесе оның қалдырған ізі бойынша теңестіру арқылы;
белгісіз мәйттің аты-жөнін анықтауда;
табылған заттардың, құжаттардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің т.б. заттардың ұрланғаны немесе жоғалғаны анықталғаны.
Криминалистік есеп қылмысты істі жүргізуде және оны тергеуде ең тиімді тактикалық тәсілдермен тергеу амалдарын жүргізуде, қылмыс жасаған қылмыскерді, олардың өзіндік мінез-құлқына, жөн-жобасына қарай тіркеу анықтамалары арқылы алынған мәліметтерді ұйымдастыруды қолдайды.
Есептің техникалық жағына тоқталатын болсақ,тіркеуге, жүйелеуге және белгілерін жинақтауға және басқа объектілердің байланыстылығына бағытталады.
Тіркеу- бұл объектілердің ең қасиетті негіздері арқылы қажетті құжаттарға қолданатынтәртіп бойынша белгілерін нақтылап бекіту.
Қазіргі уақытта объектілердікриминалистік есепке тіркеу келесі әдістер бойынша жүзеге асырылады: