2. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы. Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап, белгілейді.
Сұрақтар, тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кІРетін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. БІРақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жұмыс гипотезасына жатады.
Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжамы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді.
Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікІрі. Айталық, оқиға болған жерде өлік табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтІРді, абайсызда өлтІРді, не өзін-өзі өлтІРушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікІР туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т. б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктүріп алады.
Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікІрі.*
Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарасақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді.
Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі — тергеу болжаулары.
Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікІрі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.*