3. Тергеужоспарының негізгі принциптері, әлементтері және жоспар жасау техникасы. Жоспардың индивидуальдығы дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керекті не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмысты істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсІРеді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.
Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі керек. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.
Жоспардың серпінділігі (динамикалық принципі) оның тергеудің әр кезеңінде, әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады, Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кІРгізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек.
Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кІРгізу керек. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.
Анықталуы жоспарланған сұрактар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық принципі деп атайды. Тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. БІрінші кезекте кідІРтпей өткізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы керек. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді.
Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсІріліп көрсетіледі.
Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідІРтпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және осы қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәледеме деректерді сараптап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, осы болжауларды тексеруді жоспарлайды.
Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген әлементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрі бойынша жасалады.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің " ----- " бабымен _____қарсы қозғалған № — санды қылмыстық іс бойынша жасалған тергеу
Ж О С П А Р Ы
Тергеу болжаулары.
Анықта-латын сұрақтар, істің мән-жайы.
Тергеу әрекеттері: жедел-іздестіру және басқада жұмыстар.
Орындау мерзімі
Орындау кімге жүктеледі?
Шаралардың орындалу нәтижесі.
Осы кестеде көрсетілгендей нысанда әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп эпизодты істер бойынша әр эпизодқа жеке-жеке жоспарлар да жасалады.
Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған, жиналған айғақ мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп эпизодты істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге "жеке есеп" карточкесі толтырылады. Онда осы айыпкерге инкриминацияланған қылмысты әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтүріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп эпизодты істерді жоспарлаудың "шахматты ведомость" деген түрі де жиі қолданылады.
Мұндай жағдайда бірінші бағанға осы іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке эпизодтары жазылады. Айыпкер қай қылмысты эпизодқа қатынасты болса сол бағанға "х" деген белгі қойылады. Осы жоспарлау тәсілін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.
І,Қылмысты жасауға қатысқандар .
1 эпизод.
2 эпизод.
3 эпизод.
4 эпизод.
1.Айыпкердің аты-жөні
X
X
X
2.Айыпкердің аты-жөні
X
X
X
3.Айыпкердің аты-жөні
X
X
X
Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы басқару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеушінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның үшіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, қай бағытта және қандай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, қиындықтардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.
Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапқы кезеңінде кідІРтілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезеңдерінде жоспарға кІРетін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталық, сот экспертизасын тағайындау, тергеу әкспериментін жүргізу, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тағы баска да осыған ұқсас тергеу әрекеттерін өткізу жоспарланады.
Жалпы қылмыстық іс бойынша жасалатын тергеу жоспарымен қатар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтқанда, жауап алу, тергеу әкспериментін жүргізу де жоспарланады. Мұндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен қатар осы тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін өткізілетін басқа да ұйымдық жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекеттерінің жоспары жалпы тергеу жоспарының бір әлементі есебінде саналып, осы жоспардағы мәселелерді шешуге бағытталады.
Дәрістің қортындысы:
1. Криминалистік тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистік құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
2. Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистік, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танырлық тактикалық тәсілдер дейміз.
3. Кейбір тактикалық тәсілдер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады
4. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
5. Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты.
6. Тергеу жоспары белгілі бір әлементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжамдарына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады.