1. Криминалистік тактиканың түсінігі қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдерді кідІРтпей, дер кезінде жинап алу Үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеуц әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. қай тергеу әрекеттерін жүргізгенде де ол осы арқылынеғөрлым көп және әөнды дәлелдемелерді жинап алу Үшін осы сотта қолайлы, өтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Мұндай әдістерді қолдаудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау Үшін қолданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.
Криминалистика ғылымының осындай тергеу Үстінде әрәилы жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді өтымды, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір білімін криминалистік тактика дейді.
Сонымен, криминалистік тактика дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді өйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Криминалистік тактиканың осы келтүрілген жалпы ережелерін және түсінігін төжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны әамтитын мәселелер: тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу Үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ыәшамды позиция өстау, осы ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.
Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы деген өғым бөл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл білімді криминалистік тактика деп атау өте орынды.
Криминалистік тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистік құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистік тактика құралады. Сонымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізу Үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатәан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстық тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты Өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді әарау тактикасы—тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-кӨлік оқиғасы болған жерді әарағанда бір бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдіс тәсілдер барлық болған жерді әарау Үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.
Криминалистік такитка бөлімінде әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптсатын қарым-қатнасатардың түрлері.тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.
Криминалистік тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі—ол тактикалық тәсіл.
Жоғарыда айтылғандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына әоятын негізгі мақсаты—осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғөрлым көп және әөнды дәлелдемелер жинау, осы айтылғанмен терегу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Ал енді осы маәстаәа жету Үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап төрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сиымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай терегу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық тәсіл дейміз. Әрине аәылға салмай, кез-келген тәсілдерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Такикалық тәсілдерге әойылатын негізгі талап—оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тІлғаларының әөәығын бөзбауы және жалпы моральдыә, этикалық қағидаларға сай болуы.
Мұнымен қатар тактикалық тәсілге әойылатын талаптардың тағы бірі—тактикалық тәсілдің объективтілігінің ғылыми төрғыдан дәлелденетіндігі, оның ғылымның бір саласына, айталық логика, псхология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделеуі. (тактикалық тәсілдің ғылыми принціпі).
Осы айтылғанды төжырымдайиын болсақ, тактикалық тәсіл дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситауциялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру Үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Осы бір тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу Үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу Үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.
Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистік санаттың өғымына, түсінігіне тоқталайық.
Тергеу ситуациясы дегеніміз ол тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің кӨлемінде және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптсатын жағдай.
Терегу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық тәсілдер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің кӨбі тергеу қызметінде пайда болып, алғашқыда тактикалық тәсіл есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттүрінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық тәсіл есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді танытуға көрсету, жауапты оқиға болған жерде тексеру деген терегу әрекеттері алғашқыда тергеу қызметінде жауап алудың тактикалық тәсілі есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әректі есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты әзіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бектіліген жағдайда, олар заң талабы, процессуалдық ереж есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық тәсілдің мағнасын талдасаә, оның түсінігі, табиғи негізі осы тәсілді қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Айитайық, тергеу әректтерін жүргізу Үстінде қолданылатын тәсілдердің кӨбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Осы айтылған ғылыми салалардың қағидалары тергеуге, атап айтәанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модификацияланған. Бірақ, негізінде белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бөл тәсілдер—логикалық, псигологиялық, педагогикалық тактикалық тәсілдер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер:
- танырлық,
басқарушы,
ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.
Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистік, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танырлық тактикалық тәсілдер дейміз*.
Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық тәсілдер дейді. Мысалы, беттестүріп жауап алғанда, беттестүріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, беттестүріп отырған адамдарды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні бекітіп, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды бекітпей отырған адамнан жауап алынады.
Кейбір тактикалық тәсілдер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады
Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір ретті кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін осындай тактикалық тәсілдер негізге алынады.
Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру және басқада дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеуде жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктІРмей белгілі бір дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін өткізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелігін арттырады. Осыған байланысты айтылған жұмыстардың бәрін бірі мен бірі жалғасып жатқан бір бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір үғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. БІрінші айтылған оқулықтың, авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды жабайы және күрделі деген екі топқа бөледі. Жабайы тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық тәсілдердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі бір кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылған кейбір авторлар тактикалық не криминалистік операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе тең де емес, біріне бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, былайша айтқанда, қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз ол бір күрделі әрекет. Біздің айтқан тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі бір. айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстардың бәрін тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді.
Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз ол тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі бір кезекпен, тактикалық айламенқисындастырып жүргізу әдісі.
Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады — тергеу әрекеттері және жедел--іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі осы опе-рацияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.
Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. БІРақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет — ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі — қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары. БІРақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған. ҚазІР арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның үшінде негізгісі — қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтаү жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кІріспейді.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кІРген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. БІР-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. БІР тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айтайық, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері кылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кІРетін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады*.
Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімдікіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады*.