II. Сараптаудың физикалық әдістері 2.1 Электрография әдісі Зерттеудің физикалық әдістеріне: электрография, полиграфия және басқа да әдістер жатады.
Қылмысты тергеу барысында заттай дәлелдерде қандайда бір металл іздерінің бар немесе жоқ екендігін анықтау мәселесі туындайды.
Осы мәселер электрография көмегімен келесі жолмен шегіледі. Зерттеу нысаны арнайы ток өткізетін ерітіндімен суланады, оның үстіне желатин жағылған қағазбен жабылады. Бұл қағаз алдын ала сондай ерітіндімен суланған. Зерттеу нысан мен қағаз пресстің көмегімен екі аллюмини жолақтардың арасында қысылады. Бұл жолақтарға жоғары кернеулі тұрақты ток көзі беріледі. Электролизде нәтижесінде көрінбейтін маталл іздерінің бөлшектері анодты еруге ұшырайды да желатин жағылған қағаз қабатына енеді. Бұл қағаз парағы арнайы реактивпен өңделіп, нәтижесінде тиісті металға тиесілі түрлі-түсті рекция береді. Айқындалатын металдың бар болуы мен оның түрі іздің түсті таңбасы арқылы анықталады.
Электрография әдісінің көмегімен металлдың іздерін және олардың түрін айқындауға мүмкіндік береді.
Полярография әдісі Бұл әдіс зерттелетін заттың ертіндісі арқылы өткзілген электр тоғының күшінің, сол ерітіндіге берілген кернеудің қатнасына негізделген. Полярография әдісі арнайы құралдың – полярографтың көмегімен жүргізіледі. Зерттеу нысанының ерітіндісі ваннаға құйылады, онда анод ролін ванна түбіндегі сынап қабаты, ал катод ролін — ертіндігі тамшылатып тамызылған сынап атқарады. Ерітінді арқылы электр тогы өткізіледі, және ток күшінің кернеуге қатынасы зерттелетін заттың құрамына байланысты, автоматты түрде құралмен график түрінде түзеледі.
Полярография көбіне сапалық талдау үшін жүргізіледі және оның мақсаты зерттеу затының түрін немесе оның айырмашылығын анықтауда тиімді. Бұл әдістің көмегімен шараптан, атыс қаруының, улы заттардың, металдың іздерін анықтауда; зерттеу затының өте аз мөлшердегі мөлшері арқылы дәрілік затты, жнар майдың, майдың бояуларды, целлюлозаны анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, криминалистік сарптау жүргізуде ғылымның басқа да салалары қол жеткізген жетістіктерін, оның ішінде, физика-техникалық әдістердің атқаратын ролі зор. Қылмысты тергеу мен ашуда микроскопиялық, электрография, полярография, спектроскопия және т.б. әдістер маңызды