Тауар сапасының бəсекеге жарамдылығы



бет3/3
Дата25.04.2023
өлшемі27,04 Kb.
#86892
1   2   3
Күшті жақтары -Техникалық реттеу жүйесіне өту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін жүргізу; -республика кəсіпорындарында сапа менеджменті мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды насихаттау мен қолдау жөнінде жұмыстар жүргізу; -салаларда стандарттау жөніндегі қызметтерді жандандыру.
Əлсіз жақтары -ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің төмен пайызы; -техникалық реттеу саласында бірыңғай саясатты құруға кері əсер ететін мемлекеттік органдардың жекешелендірілгендігі; -халықаралық тізілімде тіркелген сарапшылардың болмауы; -өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын бақылау үшін сынақ қоры мен қазіргі заманғы жабдықтардың болмауы.
Қазақстан 1996 жылы ұйымға кіру туралы жариялы мəлімдеме жасап БСҰ – ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді.
Сонымен қатар еліміздің БСҰ – на кіруі үшін Қазақстанның барлық сауда жөніндегі əріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. Бұл топ құрамына: Қазақстан мен оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай жəне т.б.) кірді. 52 1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сыртқы сауда режимі туралы меморандумын жəне басқа да құжаттарды (заңдыжобалық жұмыстар жоспарын, жекешелендіру, салық салу, санитарлық жəне фитосанитарлық шаралар, стандарттау жəне сертификаттау, зияткерлік меншікті қорғау жəне т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді.
Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі жəне заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті. БСҰ – на кірудің оң факторлары: 9 Қазақстан тауарларына БСҰ–на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ–на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік жəне басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;
- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы жəне ішкі заң ортасын құру;
- Шетел қаржыларын, өңдеуші өнеркəсіпке ноу-хау мен жаңа технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;
- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;
- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда-саттық жоспары негізінде ынталандыру жəне т.б.; БСҰ– на кірудің теріс факторлары:
- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің ұстанымы мен көзқарастарының қолдау табуы;
- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;
- Тауар мен қызмет сату аясын зерттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;
- Бəсекелестіктің күшеюі жəне экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы.
Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды. Бағдарламаның мақсаты болып:
-Қазақстан Республикасының халықаралық тəжірибелерге көшуіне қолайлы жағдай туғызатын, өз құрамына стандарттау, сəйкестікті бағалау, сапаны басқару, аккредитациялауды жетілдіретін техникалық реттеу саласында атқарылатын жұмыстар легіне көшу;
- əлімдік нарықтарға шығуға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекеттік бақылау жəне реттеу;
- сонымен бірге БСҰ–на мүше болуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Негізгі міндеттер болып:
- стандарттау, сертификаттау жəне сапаны басқару саласында бірегей мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету;
- техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу;
- салалардағы стандарттау жұмыстарын жетілдіруге қолайлы жағдай жасау;
- Қазақстанның БСҰ–на мүше болуына қолайлы жағдай жасау;
- əлемдік нарықтарда, республикада өткен өнімнің сəйкестігін бағалау нəтижелерін мойындауына қолайлы жағдай жасау;
- отандық өнімдердің сапасы мен бəсекелік қабілетін арттыру;
- аумақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде біртұтас ақпараттық аймақты біртіндеп құру;
- мамандардың біліктілігін (квалификациясын) көтеру;
- халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру.
Бағдарламаны орындаушылар Қазақстан Республикасының индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі, министрліктер мен ведомствалар. Қаржыландыру көзі болып мемлекеттік бюджет табылады.
Бағдарлама толық орындалған күнде келесі жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Атап айтқанда: мемлекеттік жəне халықаралық стандарттар негізінде бəсекелік қабілетін жəне тұтынушылық қасиеттерін арттыру; стандарттарды халықаралық талаптарға теңестіру арқылы саудадағы техникалық кедергілерден құтылу; техникалық реттеу, стандарттау жəне сəйкестікті бағалау жұмыстарын халықаралық тəжірибеге біртіндеп алмастыру; салаларда стандарттау қызметтерін, жаңа техникалық, оның ішінде халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру; жергілікті, ұлттық жəне халықаралық ұйымдармен əріптестікті нығайту; біртұтас ақпараттық аймақ құру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет