Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт


 Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата15.02.2023
өлшемі108,22 Kb.
#68182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары
8.1 Шарт қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2022-12-31 дейін қолданылады.
8.2 Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген
уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын
орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез
арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас
тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе
қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды
қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.3 Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс
беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге
міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп
1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы
Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара
бұза алады.
8.4 Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда кез келген кезеңде оның бұзылуы


Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз
тасығыштағы құжатпен бірдей.
туралы талапты қамтуы тиіс:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген
шектеулердің бұзылуының анықталуы;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды
көрсету;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген
жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді соманы енгізбеу жолымен Шарт
жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.
8.5 Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша
бұзуға болады.
Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт
бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге
құқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет