Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата15.02.2023
өлшемі108,22 Kb.
#68182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
contract orig 16294262

6 Кепілдік. Сапа
6.1 Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
1) сапалы және сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған
жағдайда мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетініне;
2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай
ақаулықтары жоқ екендігіне;
3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез
келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
6.2 Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда
көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе
жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған
жағдайда немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе,
Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші 14 (он
төрт) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.
6.3 Жеткізілетін Тауардың кепілді кезең Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына түскен
күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай деп белгіленеді. Ауыстырылған немесе жөнделген
Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар
ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазалауға байланысты барлық
шығыстарды Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің
кінәсінен болған жағдайда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.
7 Тараптардың жауапкершілігі
7.1 Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2 Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау
шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам
проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды
қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген
мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі
соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық
айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың
жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
7.3 Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол
міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы
сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады)
не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен
әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық


Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз
тасығыштағы құжатпен бірдей.
айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының
(өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
7.4 Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу
мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей,
күнтізбелік он бес күннен аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда,
Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1
% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір
жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5 Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген
міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6 Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті
құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе Тауар жеткізу
кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім
берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден
өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7 Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін
бермеуі тиіс.
7.8 Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін орындамауына
байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы қайтармайды.
7.9 Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қамтамасыз ету
сомасын өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өнім беруші Шарттың қолданылу кезеңінде
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Өнім берушіге
қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет