Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата15.02.2023
өлшемі108,22 Kb.
#68182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
contract orig 16294262

Хабарлама
9.1 Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген
тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2 Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада
көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10 Форс-мажор
10.1 Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі
болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік
көтермейді.
10.2 Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып
табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және
Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны
бұзуға жауапты болмайды.
10.3 Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және
күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек
олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4 Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге
осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер
Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша
өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға
байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
11 Даулы мәселелерді шешу
11.1 Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың
арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде
шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2 Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша
дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының


Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз
тасығыштағы құжатпен бірдей.
заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет