Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы



бет95/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

4.5. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»,- деп атап көрсеткендей дарындылық тұлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашы-лық, тұлғаралық қатынаста және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.
Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, ра-диотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзге-руі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондықтан, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылы-сының ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында ай-қындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұ-рақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір- біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс -әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс-әрекетінен, тәрбиелік қа-рым-қатынасынан, зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-рініс береді. Ал, арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қа-білеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-сетуі. М.Горький «адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын-дылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.
В. Крутецкийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де-ген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарын-дылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деген тұжырымынан дарындылықты қабілеттіктің жиын-тығы, іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі, дара ерекшелік деп бағалауға болады.
Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың тем-пераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет