Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбие-леуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету



бет98/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

4.8 Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбие-леуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету.Педагоги-калық қолдау –қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педа-гогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін ше-шуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынас-тар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. қамтиды. Педаго-гикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасын-дағы қарым-қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық- психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуі, көмек көрсетуі, оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашы-лық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканың гу-манистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гу-манистік парадигмаізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жас-тарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап еті-леді. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталан-дыру, бағалау, мадақтау т.б. негізінен басшылыққа алынады.
Педагогикалық қолдаудабаланың білімге қызығушылығын оя-туды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұратқақол жеткізу және екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптас-тыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет