Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет97/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаныңбілімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білуі; өзіне-өзі талап қоя білуі, материалды игеруде табандылық, алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; өз ойларын баяндағанда ғылыми дәлеледеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс - әрекеттегі, қарым - қатынаста мәдениеттілігі жатады.
Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол, басқа қабілеттер арқылы іске асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпараттарды жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру т.с.с. Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі, жылдамдығы, логикалық ойлау, ой-лаудың дәлдігі, сыни тұрғысынан ойлауы, ойының кеңдігі, интуи-цияның дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, феноменологиялық т.б. тұрғы-лардан қарастыруға болатыны белгілі. Осы тұрғыларға сәйкес интеллектің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынандай анықтамала-рын атап өтуге болады:

  • әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда интеллект – әлеуметтенудің және тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі;

  • генетикалық тұрғыдан, интеллект – адамның қоршаған әлеммен табиғи жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;

  • үдерістік-іс-әрекеттік тұрғыдан, интеллект – адам іс-әрекетінің ерекше формасы;

  • дидактикалық тұрғыдан, интеллект – мақсатқа бағытталған оқыту үдерісі;

  • ақпараттық тұрғыдан, интеллект – ақпаратты өңдеудің элементарлық үрдістер жиынтығы;

  • феноменологиялық тұрғыдан, интеллект – сана мазмұнының ерекше формасы;

  • құрылымдық-деңгейлік тұрғыдан, интеллект – түрлі деңгейдегі танымдық үдерістер жүйесі;

  • реттеушілік тұрғыдан, интеллект – өзін-өзі түзету факторы.

Ал қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллекттің төрт негізгі түрі маңызды болып табылады. Интеллекттің түрлері: жалпы, әлеуметтік, эмоционалдық, тәжірибелік интеллект.

  1. Жалпы интеллект – кез-келген өмірдегі өзекті мәселені танып білу мен шешуге қатысты жалпы қабілет. Индивидтің танымдық үдерістерінің жүйесі (ойлау, сезіну, қабылдау, жадына сақтау, қиял-дау, елестету және т.б.) негізінде жатқан таным мен мәселелерді шешудің жалпы қабілеттілігі.

  2. Әлеуметтік интеллект – адамдардың білімдері мен әлеумет-тік жағдайларын және оларды әлеуметтік өзара әрекеттесуде шешу дағдысын анықтауға мүмкіндік беретін білім, білік немесе дағыдыны меңгерген, тұлғалық белгілерінің жоғарылығымен ажыратылатын таным түрі.

  3. Эмоционалдық (әсершіл) интеллект – эмоциямен берілген ақпараттарды қайтадан өндіру және адамдардың өзара қарым-қа-тынасы барысында ойлану және шешім қабылдау үшін эмоционалды ақпараттарды негіз ретінде пайдалану қабілеті.

4.Тәжірибелік интеллект – тұлғаның кәсіби қызмет барысында білімін тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін кәсіптік қызметтің мазмұнды (білімділік) және үдерістік (тәжірибелік) интегративті сипаттамасы негізінде тәжірибе жинақтауы.



    1. Интеллектуалды тұлға әлеуетін қалыптастырудың әлем-дік тәжірибелері.Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда әлем-дік тәжірибелерге талдау жасау барысында алыс және жақын шетелдерде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру мәселесі интеллектуалды тұлғаны дамыту мен қалыптастыру, адами капитал тұрғысынан зерттеледі.

Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда Еуропа ел-дері интеллектуалды қоғамды құруды өз алдарына мемлекеттік дең-гейде негізгі мақсат етіп қойды. Франция мен Германия мемлекеттерін алатын болсақ, осы елдерде Еуропа Одағына кірудің бірден-бір себеп-кері - интеллектуалды тұлға мен ұлттың әлеуетін қалыптастырудағы көзқарастары.
Еуропа елдеріндегі интеллектуалдық қорлардың басты идея-лары, көрсеткіші ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды айқындау маңызды саналады. «Интеллектуалды азамат»қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік қоршаған ор-таның тынысы мен болмысын танып білу де маңызды рөл атқарады.
Жалпы алып қарайтын болсақ, интеллектуалды тұлғаның қа-лыптасуына алғаш болып зерттеген және эксперимент жүргізген Дж.П. Гилфорд пен В.Циммерман. Олар тұлға қалыптасуының тұжырымда-масы мен тұлғаның интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуының алғы-шартын жасауға алғаш болып көңіл бөлді. Тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптасуының алғышарты: жалпы белсенділік (энергиялық, іс-әрекеттің лездігі, іс-әрекетке деген құштарлық); басымдылық (ини-циативтілік, өз сөзін, ісін дәлелдей білу, т.б.); батылдық; өзіне деген сенімділік; салқынқандылық; көпшіл; армандағыш; эмоционалдық; әділдік; қанағатшылдық.
Интеллектуалды тұлғаның әлеуетін қалыптастыру мәселесіне Германия елінде аса мән берілгені белгілі. «Тұлға» ұғымын ғылымға алғашқылардың бірі болып неміс еліне енгізген Альберт Эйнштеин. Ол 1932 жылы Германияның Нюцберг қаласында өткізілген Бүкіл не-містік ғылыми-тәжірибелік практикумда тұлға, тұлғаны қалыптасты-рудағы мемлекет пен ғылымның рөлін және де тұлғаның мемлекетке деген қажеттілігін дәлеледеп тұрып, ғылыми айналымға енгізді. Ал интеллектуалды тұлға ұғымын Сабина Бергман-Поль енгізген бола-тын. Оның «Неміс халқы» еңбегі бүкілхалықтық сайлауда мемлекеттік жоба ретінде ұсынылды. Сол еңбекте былай деп жазылған: «Мемле-кеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық. Халыққа бар жағ-дай жасалуда. Ал халықтың мемлекетке беруі тек салық емес. Соны-мен қатар өзін «Неміс еліне» лайықты ету. Сондықтан да Бундес елін-де интеллектісі жоғары ғана адам болуы керек. Егер адам интеллект болса, ол өмірдің барлық қыр-сырын қамтыды деп айтсақ болады».
Неміс елі өз елін сауаттандыру жұмысына ертеден аса көңіл бөлген белгілі. Гештальдтпсихология өз жұмысын ХХ ғасырдың ба-сында бастады. Психология мектебінің басты мақсаты – Бундес елінің әрбір азаматынан тұлға, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру бола-тын. Жалпы неміс елінде адамдарды психологиялық тұрғыдан дайын-дап, жетілдіру мектеп кезеңінен басталса да, балабақшаларында ар-найы психологиялық кабинеттер жұмыс істеді. Яғни, бұл адамдарды туғаннан бастап тұлғалыққа, өзін-өзі басқаруға үйретеді.
Интеллект тұлға қалыптастыру әрбір елдің жетістікке қол же-туінің алғышарты деп саналады. Германияның белгілі педагогы Иоганн Песталоцци тұлғаны қалыптастыру мақсатында өз оқушылары арасында тәжірибе жүргізген. Ғалым «Тұлғаны қалыптастыру бұл бір күндік немесе бір жылдық мәселе емес, ол жылдар бойы ізденістер мен талпыныстардың нәтижесі, кез-келген тұлғадан интеллектуалды тұлға-ны қалыптастыруға болады, тек оған ол өмір сүрген әлеуметтік орта соған лайық болу керек» ,- дейді.
Оның ізбасары Джуан Гордез: «Егер интеллект тұлғаны қалып-тастыру үдерісі бір күндік немесе бір жылдық мәселе болмаса, онда интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін тіпті ондаған жылдардан астам уақыт керек», -деп тұжырымдайды. Бұл орайда, неміс елі ХХ ғасырдың орта шебінен бастап интеллект тұлғаны қалыптастыруды қолға алды. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша, білім мен ғы-лымды, өндірісті дамытуда, қазіргі күні неміс елін «интеллектуалды қоғам» деп айтуға әбден болады. Ал сол ұлттың әрбір адамы – интел-лектуалды тұлға. Себебі, адам-ұлт құраушысы.
Франция елі интеллект тұлғаны қалыптастыру тәжірибелерін ерте бастап кетпесе де, айтарлықтай дәрежеге жетіп отыр. Себебі, бел-гілі француз гуманисті Жету Морен айтқандай, «интеллектуалды ұлт-ты тек интеллектуалды мемлекет жасайды» деген қағиданы негізге ал-ған франция елінің басқармасы жыл сайын қызметкерлермен тест өткі-зеді. Осы тесттің негізі: білімділік; сыпайылық; тәртіпке бағыну-шылық; жұмысқа деген ынта; тәрбиелік; қоғамдық жұмысқа қаты-насуы; еліне тигізген үлесі. Егер осы 7 ұстанымның біреуін орындай алмаса, жұмыстан белгілі бір уақытқа шығарылады.
Осы орайда Жак Ширактың еңбегіне де тоқталып кету қажет. Себебі, Жак Ширактың басқару кезеңінде көптеген оқу орындары ашылып, азаматтардың білім және рухани азық алуына барынша мүм-кіндіктер жасалды. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді.
Жалпы алғанда, Франция елінің интеллектуалды әлеуеті қалып-тасқан ұлт деп атауға көптеген зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Себебі, 2007 жылғы американдық «Нью Йорк Таймс» газеті жүргізген блиц-сұрағында ең сыпайы ел болып Франция елін атайды. Респон-деттердің 62% француз елін өте сыпайы, ұқыпты деп сыпаттады, 21% ағылшындарды айтса, тек 9% неміс еліне беріледі. Қалған 8% аме-рикан, голланд және жапондарды атады. Ең көп кітап оқитын ел сұра-ғына сұралған респонденттердің 76% қытай елін атаса, 22% француз елін атады. Қалған 2% неміс пен жапондарды атайды.
Белгілі француз социологы Оскар Мерузо интеллектуалдар ту-ралы «Интеллект болу – әр біреуге тән болмас қасиет деп айта алмай-мын. Бірақ, интеллектуалды тұлға болу кез-келген адамның қолында. Нағыз интеллектуал көп сөйлемей байыбын табады», - деп тұжырым-дайды. Француз қоғам қайраткері Ороон Меже белгілі француз жур-налына берген субхатында «Менің ойымша, әрбір адам интеллект бола алады», - деуінен, әрбір адам интеллектуалды тұлға бола алса, онда ол қоғам интеллектуалды ұлттың әлеуетін құра алатыны дау туғызбайды.
Қазақстанның осы елдер қатарына кіруіне мол мүмкіндік бар. Жоғарыда мақалаға нысан еткен мемлекеттер де оңай өткелдерден өтпеді. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді. «Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық»,- дей келе, неміс халқы «Неміс елі» деген атқа лайықты ие болды. Осы елдер халық болып жұмылып, алға қойған мақсаттарына жетті.
Ал, біз Қазақ елі «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдар-ламасында және «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеген мақсат-тарға сай интеллектуалды ұлт болу және «Қазақ елі», «Қазақстан мемлекеті» деген ұлы атқа ие болу мүмкіндігі қоғамдағы болып жат-қан тарихи, мәдени - рухани қозғалыстар нақты дәлел бола алады.
Қазақ еліндегі интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы даму үде-рісін алыс және жақын шет елдерде жүргізілген тәжірибелерге салыс-тырмалы талдау жасау барысында біздегі қоғамдағы даму үдерісініңнақты айқын жолды таңдағанын көріп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет