Байланысты: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е
4.5. Тәрбие үдерісінің жалпы ұстанымдары.Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарын және ұстанымдарын нақты айқын-дау педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыруға негіз болып табы-лады. Тәрбие ұстанымдары – ғылыми ойдың, түсініктер мен катего-риялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Тәрбие ұстанымдары –бастапқы белгілі бір тео-рияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идея-лары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері. Н.Болдырев «Тәрбие үдерісі – тәрбие мазмұнының ұйымдастырылу бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы»,-депатап көрсетеді.Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйе-лілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.
Тәрбиенің мақсаттылығы - тәрбие жүйесінде негізгі ұстаным болып табылады. Мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда мақсат қою арқылы, негізгі міндеттерді белгілей отырып, мазмұны ай-қындалады. Патриоттық тәрбие тұрғысынан алатын болсақ, алдымен егемен еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін, ұлтаралық мәдениетті, ұлттар достығын қалыптастыратын тұлғаны тәрбиелеу көзделеді. Тәрбие ұс-танымдары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәрбиенің өмірмен байланысы тұлғаны жастайынан шынайы өмірмен тікелей байланыста болуы, қоғамдық ағымдағы тарихи бол-мысты менгеруі оның туған ел мен жер тарихына деген қызығушы-лығын тудыру арқылы, патриоттық сезімді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескеру негізгі ұстанымдардың бірі болып табылады. Тәрбие мазмұны тұлғаның жас және дара ерекше-лігіне лайықты, олардың қабылдауына түсінікті берілген жағдайда ғана біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.
Тұлғаға талап қою арқылы дамыту ұстанымы тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескере отырып мектеп оқушысы ережесін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау, өзінің іс-әрекетіне есеп бере отырып, ерік-жігерін қалыптастыру.
Еңбек арқылы тәрбиелеу ұстанымы нарықтық заманда және жаңа ақпараттық даму үдерісінде әлемдік білім кеңістігіне шығуға және сапалы өмір сүруге дағдыландырады.
Тәрбиенің жүйелілік ұстанымы тәрбие үдерісінде, баланы отбасынан бастап, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары т.б. тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне негіздей отырып жүргізу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады.
Тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу көп ұлтты Қазақстан халқы үшін өте қажет. Бала жастайынан қоғамдық қатынастарға түсу оныңарқылы қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалыптаса-ды. Ұжымда баланың тұлғалық қасиеті көрініс береді. Ұжымда бір-бі-ріне деген көмек, достық, мейірімді қатынастар арқылы олардың мі-нез-құлқы қалыптасады.
Мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта жүйелі түрде бір мақсатқа не-гізделген тәрбие беру үдерісі негізінде жүзеге асырылса,қоғам талабына сай тұлғаны қалыптасады. Оқушыларға пат-риоттық тәрбие беруде тәрбиенің негізгі ұстанымдары: тәрбие беруді ізгілендіру; даралық ұстанымы; тәрбие берудің үздіксіздігі мен жүйе-лілігін сақтау ұстанымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін-діктері негізгі орын алады.