Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет18/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

(мета-іс-
эрекет).
3. Іс-әрекет 
субъект-субъектілік
жэне 
субъект-объектшк
сипатта 
болады.
4. Тұлғаның дамуы мен қапыптасуы бойынша жүргізіпген педаго- 
гикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.
2.4. 
Мұгалімнің кэсіби маңызды қасиеттері
Педагогикалық іс- 
эрекет нэтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен 
де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кэсіби маңызды 
қасиеттерін 
зерттеумен 
айнапысқан 
педагогтар: 
А.К.Маркова,
Л.М.Митина, 
Н.В.Кузьмина, 
В.П.Симонов, 
К.С.Успанов,
А.А.Молдажанова т.б.
Мұғалімнің қызметі өте кұрделі, әрі көп сапалы. Мұғапім оқу- 
шының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру жэне 
окыту үрдісін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандык- 
тан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагоғикалық 
шеберлік, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мі- 
нез-күлык талап етіледі.
қасиеттер кіреді: окушыларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалык үрдісті 
жүйелі жүргізе алуы,бақьшағыштығы, педагогикапық құбылыстарға тал- 
дау жасай алуы.педағогикалык ойлаудың қалыптасуы, карым-қатынас жа- 
сай алуы, ұжымшылдығы, шығармашылығы жэне т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақгың интеллектуалдық неғізін жэне 
рухани элемін қалыптастырушы, сонымен катар ол хапқымыздың бо- 
лашағы болып саналатын 
бапапар
тэрбиесіне жауапты қоғамның се- 
німді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден түракты 
шығармашылыкты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жо- 
марттығын, балаларға деғен сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдыкты 
талап етеді.
Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің 
бірі - жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы 
еліміздің нагыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан корғаушы- 
ларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғапім табиғат, қоғам, саясат, 
өнер, адам, айнала коршаған дүние турапы ең жаңа ғылыми біліммен 
каруланган болуы керек.
Мұғапімнің бапаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы бапада 
да мүғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалім- 
нің жалпы мэдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуал-
28


дық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлыгы түтас педагоги- 
калык үрдісті тиімді үйымдастыруга зор ықпал жасайды.
Мүғалім профессиограммасына қарап маманның бүл кәсіпке 
жарамдылыгын немесе жарамсыздыгын аныкгауга болады. Адамның 
педагогикалық кызметке жарамдылыгы теориялық білімнің молдыгын- 
да гана емес, сол білімді үздіксіз дамытьш отыруында, накты педагоги- 
калык үрдіс жагдайына бейімдей алуында. Сонымен қатар мұгапімнің 
өз білімдерін педагогикалык қызметтің мақсатымен, эдістерімен, нақ- 
ты жагдайларымен байпаныстыра, үштастыра білу шеберлігі шешуші 
көрсеткіш болып табылады.
Мүгалім түлгасын сипаттайтын негізгі кэсіби маңызды қасиет- 
тері оның педагогикалық эдебінің көрсеткіші де болып табылады. 
Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикалык әдеп эр 
мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына байла- 
нысты келеді. Педагогикалық эдеп - мұгалімнің ізденісінің нэтижесі.
Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердің пікірінше эмпатия 
үғымы да мүгалімнің кэсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып санала- 
ды. 
Эмпатия
- мұғалімнің окушылардың психикалык жағдайын, 
көңіл-күйлерін түсінуі, өзін баска адамнын орнына коя алуы.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығарма- 
шылык еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп оты- 
ратын адам. Мұғалім еңбегінің нэтижелілігі оның табиғи дарынды- 
лығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік 
қай мамандықта болмасын кездеседі. Бірак адам мамандық ерекшелігі- 
мен дүниеге келмейтіні ақиқат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет