Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет29/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

кэсіби құзіреттілігінің құрылымы
оның негізгі 
іскеліктер
жүйесі
арқылы қарастырылады.
Педагогтың танымдык (гностикалык) іскерлігі.
Бұл компо- 
нент мұғапімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдык мүмкін- 
дігін, өз пэнін терең білуін, дүниетаным шеңберініц кеңдігін, өзін-өзі 
танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. 
Танымдык іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, 
ойлау, елес, ес, т.б. психикалық қасиетгердің бірлікте дамуы қажет.
43


Педагогтың конструктивтік (кұрастыра білу) іскерлігі.
Бұл 
іскерлік оку-тэрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық 
материалдарды іріктей алумен, окушылардын жас және дара ерекше- 
ліктеріне сай оку-тәрбие процесінін материалдык базасына сәйкес жұ- 
мысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті 
менгеру үшін интеллектуалдық іскерлік кажет. Алдағы жұмысты жос- 
парлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау кабілетте- 
рімен тікелей байланысты. Сондыктан конструктивтік іскерлік таным- 
дык іскерлікпен тығыз ұштасып жатады.
Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігй
Бұл іскерлік мұғалімнің түрлі категориядағы адамдармен тез тіл табы- 
сып, тиімді қарым-қатынас жасай алуын көрсетеді. Қарым-қатынас тэ- 
сілдері сөз сөйлеу техникасы, кимылдар, мимиканы игере білуден бас- 
талады. Бұл іскерлікті қапыптастыру үшін алдымен адам баска адамды 
тусіне білуі, тани білуі жэне өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, 
өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамга, 
тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге жэне оларды да түсіне білуге 
ұмтылуы қажет. Үшіншіден, адамдармен карым-катынас барысында 
толеранттылықка негізделіп, оң шешім таба білуі манызды.
Педагогтың хабарлау (информациялык) іскерлігй
Бұл іскерлік 
аса маңызды педагогикалық іскерлік болып ерекшеленеді жэне көбіне- 
се қатынас кұрапы ретінде қабылданады. Себебі қарым-катынас хабар- 
лау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұға- 
лімнің дауыс қойылымын үйлестіре білуі, эсерлі көңіл-күй сезімімен 
сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін, бет қимылдар ерекшеліктерін менгере 
білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие үрдісінін негізгі міндетгерін тиімді 
шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызыктыра әңгімелесуі, көр- 
некіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашык пікірлесуі, шәкіртті 
тындай алуы, сұрақ-жауап тэсілдерін қолдану арқылы тындаушының 
зейінін өзіне аударта апуы эсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды 
қаситеттер.
Педагогтың үйымдастырушылык іскерлігі.
Бұл іскерлік мұга- 
лім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі катар жүретін тұтас 
педагогикалық процесті баскарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің 
өзіндік ерекшеліктері бар: жұмыс түрін анықгау, максатын белгілеу, 
жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұ- 
мысты бакылау, орындалуын үйымдастыру, орындалған жұмысты қо- 
рытындылау, бағалау, есеп беру, іске кызығушылықпен кірісу, бас- 
каларға жағымды ыкпал жасау, басқапарды бір іске жұмылдыра алу іс- 
эрекеттерінен кұралады.
Педагогтың зерттеуіиілік іскерлігі.
Зертгеушілік іскерлік мұ- 
ғалімнің эрбір әлеуметтік-педагогикалык құбылысқа ғылыми тұрғыдан 
карауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау жэне эксперимент 
жүргізе алуын, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізе алуын, сонымен қатар


озык тәжірибені де, өзінін тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға 
ғылыми-теориялық, практикалық талдау жасай алуын жэне мектеп 
өміріне енгізе білуін қамтиды.
Педагогтың жобалау (һроективтік) іскерлігі
- оқыту және 
тәрбие үрдістерінің перспективалық міндеттерін терең түсіне отырып, 
оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мүғалімнің 
окыту жэне тәрбиелеу үрдісіиің жаңа жобасын қүрастырып, оны іске 
асырудың тэсілдерін негіздеуі, бүл жобаның орындалуында ата-ана- 
лардыц, оқушылардың қатысуын карастыруы, коғаммен байланысты- 
лығын, элеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып табылады.
Педагогтың рефлексивтік іскерлігі
Өз іс-әрекеттерін бақылап 
бағапау, өзіне сырт көзбен қарап іс-эрекет нэтижелерінің тиімділігін 
талдау, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажетгі- 
лігін түсіну аркылы педагогтың кәсіби тэжірибесі жетіле түсетіні 
анық.
Қарастырылып отырган іскерліктер бір-бірімен тыгыз байланы- 
сып келеді жэне өзара бірін бірі күшейте түсіп отырады.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
Шеберлік - кез келген 
маманның өз тэжірибесінде ең тиімді әдістерді пайдаланып, жоғары 
нэтнжелерге қол жеткізе алу қабілеті. Осыған орай А.С Макаренко 
«іиеберлік - ңол жеткізуге болатын нэрсе, іиебер-ұста, шебер-дәрігер
болатын сияқты, педагог та керемет іиебер бола алады»
- дейді.
Ал қазіргі педагогика ғылымында «педагогикалық шеберлік» 
үғымының түрлі анықтамалары көп кездеседі. Педагогикалық шебер- 
лік үғымына контент-талдау кестесін қарастырып көрейік 
(Кесте 1).
Кесте 1. «Педагогикалық шеберлік» ұгымына берілген анықтамалардың
___________________
контент-талдауы
____________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет