Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет31/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

4.1. 
Педагогикалың қарым-қатьінас туралы түсінік.
Әрбір 
адам элеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат 
алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қа- 
тынастарды сактауға тырысады. Қарым-қатынас ұнемі әлеуметтік, 
ұжымдык снпатта болатындыктан оны адамның қоғамдық ортаға 
бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. 
Олай болса 
қарым-қатынас -
коршаған ортамен адамдар арасындағы 
байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылым аралык ұғым ретінде кары м-қатынас - өзара іс-эрекет- 
тер кажетгіліктерінен туындайтын жэне ақпараттармен алмасуды, өза- 
ра түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыс- 
тарды орнатудың жэне дамытудың күрделі үрдісі ретінде карасты- 
рылады.
Қазіргі танда зерттеуші-ғапымдар карым-катынастың түрлі ас- 
пекгілерін жан-жакгы қарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан 
жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктері Б.Г.Ананьев,
В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі ғалымдармен зерттесе, 
педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтін, А.А.Бодалевтің, 
А.В.Мудриктін, В.А.Кан-Капиктің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың,
А.И.Щербакованың, 
Ш.А.Амонашвилидің, 
Я.Л.Коломинскийдің, 
И.А.Зимняяның т.б. ғалымдардын еңбектерінде жан-жақты қарасты- 
рылған. Ғалымдар карым-қатынас феноменін 
іс-эрекет түрі
ретінде 
анықтап, оны басқа іс-эрекет формаларын қамтасыз ету негізі деп баға- 
лайды. Қарым-катынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болға- 
нымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.
Педагогикалық іс-эрекетте де карым-катынастын алатын орны 
өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып 
табылатын 
тэрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру
үр- 
дістерін қарым-катынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондық- 
тан 
педагогикалық қарым-қатынас - педагогикалық үрдіс субъектіле-
рінің өзара әрекеттестік негізі
болып табылады.
В.А.Сластениннін пікірінше 
педагогикалық қарым-қатынас -
педагог пен оқушылардың арасындағы өзара эрекеттерінің максаты 
мен мазмұнынан туындайтын катынастарды орнатудың, дамытудың, 
өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үрдісі.
Педагогикалық қарым-катынаста педагог жетекші рөл атқарады, 
себебі ол баламен болатын карым-қатынасты ұйымдастыру үшін ал- 
дын - ала көптеген педагогикалык міндеттерді аныктайды, сол міндет- 
терді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-катынасқа байла- 
нысты қойылатын міндеттер 
коммуникативтік міндеттер
деп 
аталады.
47


Педагогика ғылымында 
коммуникативтік міндеттерді ше-
шудің негізгі кезеңдері
анықталган:

қарым-қатынас жагдайын багдарлау кезеңі
(мұгалім сынып- 
тың кандай екенін, олармен кандай стильде сөйлесу керек екенін, 
кандай окушыларга сөйлеудің кандай эдістерін колдану керек екенін 
аныктайды);

өзіне көңіл аударту кезеңі
(пауза, сөз арқылы көңіл аударту, 
қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік кұралдар көрсету, тақтага 
жазу т.б.);

тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлыгын анықтау
кезеңі
(тындаушылар аудиториясындағы қарым-қатынасқа жағымды 
психологнялық ахуалдың барын не жогын анықгайды);

вербальдық қатынасты орнату кезеңі
(ақпаратты ец тиімді 
жолмен ұғыныкты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);

мазмұнды жяне змоционалды кері байланысты ұйымдас-
тыру кезеңі
(тіл қүралын дүрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың ло- 
гикалыгы, монологтың орнына диалогтык катынас орнату, сүрақтар 
қою арқылы аудиторияның зейінін такырып аясына шоғырландыру, 
қызыкты проблемапық сүрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсін- 
бегенін, қабылдау деңгейлерін анықгау).
В.А.Кан-Капиктың дәлелдеуінше педагоғикалык 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет