10.2.
Сабақтың типологиясы жзне цүрылымы.
Сабак типтері
туралы көптеген гылыми жұмыстар арнайы жазылган. Аныктаушы
белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тэсілдері де бар.
Мысалы, сабақгар былайша жіктеледі: дидактикапық мақсатына қарай
(И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақгы ұйымдастыру мақсатына,
мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің
негізгі кезендеріне карай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін
дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М. Яковлев, А.М. Сохор), оқыту
эдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдас-
тыру тэсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин).
М.И. Махмутов ұсынган сабақ құрылымы сабақты ұйымдасты-
ру, жалпы дидактикалық мақсатына жэне оқылатын материалдардың
мазмұнынын сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне карай бө-
лінеді. Осы тәсілге сэйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу
материалын оқып-үйрену сабагы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді,
дагдыларды жетілдіру сабақгары, қабілеті мен дагдыларын қолдану
сабақтары; 3-тип - білімді қорыту жэне жүйелеу сабақтары; 4-тип -
аралас сабақгар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дагдыны бақылау жэне
түзету сабактары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойын-
дамаған күннің өзінде де, оның болашагы бар деп айтуға болады.
Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы-
на қазіргі замангы сабактың теориясы мен практикасының негізгі түсі-
ніктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен
оның нэтижелілігін анықтайды. Сабактың қандай элементтері және бө-
ліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ
263
та бүгінгі танда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзкарас жок.
Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді.
1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) окушылардың бі-
лімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен
жүйелеу. Басқалары - сабақтың максаты оқу материалының мазмұны,
оқытудың әдістері мен тэсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру эдістері
деп қарастырады.
10.3. Сабақтың логикальщ-психологиялың, дидактикалың
жэне эдістемелік қурылымының араңатынасы.
Сабақгың құры-
лымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нэрсе. Оқыту үдерісі мұға-
лім эрбір бөлікті жеке алғанда жэне оның сабақгың басқа бөліктерімен
өзара әрекетгесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады.
Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде,
ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана
мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті эр сабақга эр түрлі. Бұл
жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақгьщ
дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұға-
лімнін түсіндіруі немесе мэселелік жағдаят жасау, бұрынғы мэселе-
лерді шешу болжамын үсыну барысында жаңа түсінікті енгізуден бас-
талуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дэлелдеуде сабактың басында
алдыңғы сабакта оқылған білімді қолдануға қажет өзектендіру жүруі
мүмкін.
Аралас сабақгы өткізудің реті - ұйымдастырудың сәті, үй тап-
сырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа
материалды окып-үйрену, оны бекіту жэне үйге тапсырма берумен
аяқталады.
10.4. Сабаңта оңушылардың оңу іс-әрекетін ұйымдаетыру-
дың топтың, дербес, фронтальды формалары.
Окушылардың оқу
әрекетін үйымдастырудың жаппай түрі деп - мұгалім мен мен оқу-
шылардын сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырма-
ны барлығы бірге талдап, бірдей орындауы жэне қорытындыларын са-
лыстыруын айтамыз. Мүғалім жұмысын бір уақытга барлык сыныппен
жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру,
көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырьшты қызықты етіп тал-
қылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мүғалім мен оқушылар
арасында, окушылар мен окушылар арасында сенімді қарым-қатынас-
тар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды үжымшылдыққа тэрбие-
лейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында сыныптастары-
нын жэне өз кателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің бел-
сенді болуына көмек береді. Окытуды ұйымдастырудың жаппай фор-
масы эртүрлі сұрақтарды котеру, ақпараттық жэне түсіндірмелі шығар-
ма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге
асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының
264
жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмалар-
ды эр окушының дара мүмкіншіліктеріне карай боліп, окушы мен мұ-
галім арасында сыйластык катынас орнатып, сыныпты біріктіре оты-
рып табысқа жетуге баулу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |