Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет251/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   282
Оқыту әдiстемесi
– пәндi оқытудың ғылыми дәлелденген әдiстер
ережелер, тәсiлдер жүйесi және оқыту теориясын қолдану құралы болып 
табылады. Мысалы, «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдiстемесi 
математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының та-лаптарын және 
«интеграл» ұғымының өзiндiк ерекшелiгiн ескере оты-рып, жете зерттеледi. 
Сондықтан әдiстемелердiң мақсаты теориялық ережелердi нақты құбылыстар 
тұрғысына қарай алмастырумен анықталады. Әр педагог оқыту теориясын 
және оқытудың әдіс-тәсілдер кешенін әртүрлі пайдалануына байланысты, 
әрқайсысының оқыту әдістемелері әртүрлі сипатта болады. 
Оқыту технологиясы
– оқыту үдерісінің диагностикалы қойыл-ған 
мақсаттарына қол жеткізу құралдары, алдын-ала жоспарланған оқыту 
үдерісінің практикалық түрде жүйелiлiк пен бiрiздiлiк негізінде іске 
асырылуы. 
Оқыту технологиялары
оқыту үдерісінің байланыстарын 


324 
реттеуге, оның барлық кезеңдері мен өт-кізілу шарттарын оқушылардың 
нақты мүмкіндіктеріне сәйкестен-діруге бағытталған.
Сонымен, жоғарыда қарастырылып отырған ұғымдарды тұжы-
рымдайтын 
болсақ, 
И.Г.Саранцевтiң 
пiкiрiнше,
оқыту 
теориясы
пәнгеоқытудың әдiстемелiк жүйесiн басқару заңдылықтарын ашып бередi, 
әдiстеме
оны қолдануды қарастырады, ал 
технология
бұл жүйенiң моделін 
жүзеге асыру тәсiлдерiн жете зерттейдi. Осы тұрғыда техно-логиялардың 
рөлi оқыту мақсаттарын диагностикалауға және оқыту шарттарын 
айқындауға (әдiстер, формалар, құралдар, тәуелдiлiктер), яғни белгiленген 
мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретін үдерісті жобалауға саяды. Сондықтан 
технология
теория мен әдiстемелерге негізделеді, олардың даму деңгейiне 
қарай тиімділігі анықталады. Кез-келген оқы-ту технологиясының негiзгi 
мақсаты соңғы күтілетін нәтиженi анықтау және оның табыстылығын 
бақылау болып табылады. 
Педагогика ғылымында және білім беру ұйымдары тәжірибесінде 
педагогикалық технологиялар
ұғымы жиі қолданылады. В.П. Беспальконың 
пікірінше 
педагогикалық технология -
белгіленген бiлiм беру мақсаттарын 
табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тәрбие мен оқыту үдерісін 
жаңарудың теориялық тұрғыдан негiзделген құралдар мен әдiстер 
жиынтығы.
В.М. Монаховтың пайымдауынша 
педагогикалық технология
– 
мұғалiм мен оқушы үшiн жағымды жағдайды қамтамасыз ететiн оқу үдерісін 
жобалау, ұйымдастыру және өткiзуде барлық 
бөлшегiне дейiн 
ойластырылған бiрлескен педагогикалық iс-әрекет үлгiсi. Педагогикалық 
мiндеттерiн түсiндiре отырып, педагогикалық технологияны жобалаудағы 
жетекшi қағида – оқушының бiлiмдi меңгеруге iштей дәлелденген, 
қалыптасқан өзiндiк белсендiлiгi, қызығушылығы мен iскерлiгi, бiлiктiлiгi 
болуы керек. 
Г.К.Селевконың негіздеуінше,
педагогикалық технология
– көздеген 
мақсаттарға 
қол 
жеткізетін, 
уақыты 
мен 
кеңістік 
тұрғысынан 
бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үрдістің
барлық компоненттерінің әрекет ету жүйесі. 
Педагогикалық 
технологияларға 
алуан 
тұрғыдан 
берiлген 
анықтамаларды талдау нәтижесi көрсеткендей, олардың көпшiлiгiнiң 
жалпылама түрде берiлгенiн, педагог әрекетiнiң салыстырмалы түрде кейбiр 
жақтары ғана ашылатынын, бала тұлғасын тұтастай қалыптастыру мәселесi 
толығымен қарастырылмайтыны байқалуда. 
Педагогикалық технологиялар әрбiр баланың даму үдерісін алдын-ала 
байқауға және болжауға бағытталуы тиiс. Диагностика нәтижесi бойынша 
педагогикалық үдерістің әрбiр бөлiгiнде дамыту үрдістері жобаланады. 
Сондықтан керi байланыс мәліметтерін алу және оларды зерттеу - 
диагностика мен болжауды байланыстыратын үздiксiз үдеріс болып 
табылады. Бұл үдеріс ғылымда
мониторинг
деп аталады, оны ағылшын 


325 
тiлiнен аударғанда, «үздiксiз қадағалау» дегендi бiлдiредi. Педагогикалық 
мониторинг педагог пен оқушыны педагогикалық үдерісті үздiксiз және ұзақ 
байқау мен басқару арқылы қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет